Ережесі мүшәйраның мақсаты



Дата21.10.2022
өлшемі16,01 Kb.
#154256
Байланысты:
Молдир мүшайра
«емдеу ісі» 1089 онлайн тест, «емдеу ісі» 1089 онлайн тест, Презентация1

«РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ»
әуесқой ақындар арасында өтетін жыр мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ


Мүшәйраның мақсаты:
Республика күнін дәріптеу-насихаттау. Мәңгілік ел болу идеясын қалыптастыра отырып, өскелең ұрпақ бойына сіңіру. Ақындардың шығармашылық ізденісіне жағдай жасай отырып, ел рухын көтеретін және тұлғалық қалпын танытатын өлеңдердің шығуына мүмкіндік беру. Ақындардың шығармашылық дамуына жол ашу.


Мүшайра 2 кезеңді қамтиды:

  1. Еркін тақырып (лирикалық, поэма түрінде)

  2. Тәуелсіздік пен Республика күні аясында (патриоттық өлеңдер)



Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
- қатысушының жас шамасына шек қойылмайды;
- мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды;
- мүшәйраның қорытындысы осы жылдың 21 қазан күні жария болады;
- мүшәйра қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар т.с.с. марапаттар беріледі;


Мүшәйра талаптары:

  • Мүшәйра кезеңіңде бекітілген тақырыптар бойынша еркін тақырыпта және республика күнін негізге алу;

  • Республика тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы жеткен жетістіктері аясында жырлау;

  • Ел болу жолында бастан кешкен қилы кезеңдердегі алған асулары;

  • Еліміздің әлемдік аренадағы мәртебесі жайында тілге тиек ете отырып, тың идеяларды ортаға салу-ұсыну;

Қатысу тәртібі:


- Мүшайраға еліміздің барлық өңірлерінен жас шамасына қарамай барлық әуесқой ақындар қатыса алады.
- Қатысушының өзі туралы толық мәліметтер: аты-жөні, жасы, ұлты, туған жері, санат (оқушы, студент, маман, зейнеткер, т.б.), тұрғылықты мекен-жайы, байланыс тетігі (ұялы телефон нөмірі) көрсетілуі керек.
- Авторлық жұмыс - мәтіндік электронды материал түрінде және Word форматта, шрифт Times New Roman өлшемі 14, жол аралығы 1.5. Жұмысты doc(.docx.) форматта сақталады.
- Бейне және дыбыстық жазба нұсқасы мен жұмыс көлемі қажеті жоқ.
- Қатысушылардың жіберілген шығармалары әлеуметтік желілерде жарияланады.
- Қатысушылар 2022 жылдың 21 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында өтетін мүшәйраның салтанатты кешіне офлайн/онлайн қатыса алады.
- Мүшәйра қорытындысы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана сайтында жарияланады.


5. Өткізу мерзімі мен тәртібі
- Өткізу мерзімі мүшәйраны жарияланған күннен бастап 21 қазан күніне дейін қатысушылардың шығармалары ayenkyl@mail.ru жинақталады, белгілі ақындардың қырағы көзімен сарапталады және жыл соңына дейін дәріптеледі.
- Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді.
- Мүшәйраға ұсынылған шығармалардың мазмұнына ұйымдастырушылар жауапты емес.


Жүлделер:
Басты демеуші: «Қазақ тілі» қоғамы; «Отандастар қоры» атынан құнды сыйлықтар мен арнайы марапаттар!

Ұйымдастыру алқасы: 87784029819 Гүлдар Төлешқызы


Эл.адресі: ayenkyl@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет