Әрекет алгоритмі және орындау критерилері


Дәрілік препаратты енгізу техникасы



бет3/17
Дата23.06.2020
өлшемі50,52 Kb.
#74354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Медициналық колледж бітірушілеріне арналған алгоритм

Дәрілік препаратты енгізу техникасы

7.

Инъекция орнын анықтау және қолғапты, инъекция орнын ӛңдеу.

1. Инъекция орнын таңдау:
А) Бұлшықет ішіне (б/і) – бөксенің жоғарғы сыртқы квадранты/санның латералды жалпақ бұлшықеті, иықтың дельта тәрізді бұлшықеті немесе иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы үштен бірі/санның алдыңғы-бүйір беткейі/

Б) Теріастына (т/а) – жауырын асты аймағы/құрсақтың алдыңғы-бүйір беткейі

В) Көктамыр ішіне (к/і) – шынтақ бүгілуіндегі /білезік/ қол басындағы анағұрлым толымды беткейлі көктамырлар

2. Қолғапты тері антисептиктерімен өңдеу;

3. А) т/а, б/і үшін – тері антисептигіне малынған мақта бөлшегімен өңдеу, алдымен инъекция салынатын үлкен аймақты, сосын тікелей инъекция орнын.

4. Б) к/і үшін – иықтың ортаңғы үштен біріне жгут салу, оның бос ұштары жоғарыға, ілмектері төменге қарауы керек; кәріжілік артериясынан пульсті тексеру; науқасқа бірнеше рет қолды ашып-жұмуын өтіну; инъекция орнын тері антисептигіне малынған мақта бөлшегімен өңдеу, алдымен инъекция салынатын үлкен аймақты, сосын тікелей инъекция орнын.



8.

Дәрілік препаратты енгізу техникасы

б/і үшін:

1. бір қолдың бірінші және екінші саусақтарымен инъекция орнындағы теріні тарту және бекіту;

2. иненің 2/3 бөлігін инъекция орнына теріге қатысты 90 градус бұрышпен енгізу;

3. дәрілік препаратты поршеньді баса отырып баяу енгізу.

т/а үшін:

4. инъекция орнындағы терінің негізін төмен ұстай отырып теріні үшбұрыш түрінде қатпарлап жинау;

5. инені 45 градус бұрышта теріастына жылдам енгізу;

6. дәрілік препаратты поршеньді баса отырып баяу енгізу.

к/і үшін:

1. бір қолдың бас бармағымен инъекция орнындағы кӛктамырды басу;

2. иненің 1/2 бӛлігін инъекция орнына теріге қатысты 30 градус бұрышпен енгізу;

3. иненің тамырда екеніне кӛз жеткізу үшін поршеньді ӛзіне тарту;

4. ақырындап жгутты шешу;

5. дәрілік препаратты поршеньді баса отырып баяу енгізу.



9.

Емшараны аяқтау.

1. Инъекция орнын тері антисептигіне малынған мақта бөлшегімен сүрту;

2. Инъекция орнынан инені жылдам қимылмен шығару;

3. Инъекция орнына мақта бөлшегін теріден алмай тұрып жеңіл массаж жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет