Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және пмпк қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері Дайындаған



Дата08.10.2022
өлшемі8,78 Kb.
#152188
Байланысты:
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және пмпк қорытындысымен -melimde.com
практикалық сабақ 2, жүйелеу

Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және пмпк қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері Дайындаған

Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері

Дайындаған: Таяр Ұлдана

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысын- да оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу.

Оқу процесі барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге асырылады. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі. Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды (егер ерек- ше білім беру қажеттіліктерін мектепке дейінгі жаста пмпк анықтамаған болса). Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады

Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі.


  • Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау тура- лы мұғаліммен бірге хабардар етеді. балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет

ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері

1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты туралы ақпарат жинау.


  • 1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты туралы ақпарат жинау.

  • пмпк жолдамасы бойынша психикалық және дене дамуы бұзылған бала сыныпта оқыған жағдайда мұғалім мен мамандар сыныптағы сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. әр маман бір апта ішінде ба- ланы қадағалайды (алдын ала қадағалап, қандай маман және қандай ба- ланы алу керектігін жүзеге асырады). бақылау нәтижелерін белгілеу үшін мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады (1-қосымша. 2 а формасы). бақылау бір апта ішінде жүзеге асырылады. күнделікті бақылау нәтижелері тіркеледі (баға қиындықтар баллында), со- дан кейін қорытылады (1-қосымша. 2 б формасы). сабақта бірінші бақылау әдісін қолдану маңызды болып табылады, өйткені мамандар баланың сынып- та табысты оқуға мүмкіндік бермейтін ерекшеліктерін (өз ерекшеліктері: күшті және әлсіз жақтар барлық адамдарда болады) анықтауы керек.

2-кезең. Оқушыны тереңдетіп және бағытты зерттеу (тексеру).


  • әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдала- на отырып психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (логопед сөйлеу картасын толтырады). психолог психологиялық тексеру хаттамасы. арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хатта- масын толтырады.

3-кезең. бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерек- ше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.


  • Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады).

4-кезең. анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы құрастырылады: қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы педагогпен жеке-дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға берілетін ұсыныстар

5-кезең. мониторингпен қолдауды іске асыру.


  • мамандар мен мұғалім тарапынан оқушының ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және қанағаттандыру алгоритмі 12 қадаммен жүзеге асырылады, олардың сипаттамасы 4-кестеде келтірілген. Оқушы туралы алынған ақпаратты тіркеу формалары және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының формасы а-қосымшада берілген

Назарыңызға рахмет!!!



http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет