Ерекше білімді қажет ететін балалардың пед психологиялық мәселелері



бет3/3
Дата20.09.2022
өлшемі18,8 Kb.
#150001
1   2   3
Байланысты:
2 тапсырма Акбота
11ш Б.Несібелі Химия слайд, 2 тапсырма Бота
3-кезең. Бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерек- ше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.
Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады).
Бұл кезеңде оқыту қиындықтарының сипаты мен себептері тура- лы болжам оқу қиындықтарының түрін (себептерін) анықтау түріндегі соңғы қорытындысы болады (Қосымша-В). Қосымшада оқытудың негізгі қиындықтарының қысқаша сипаттамасы беріледі:
- жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі;
- іс-әрекетін еркін реттеу, жоспарлау және бақылау жеткіліксіздігі;
- есту-сөйлеу ақпаратының өңделуі;
- көру және көру-кеңістіктік ақпараттың өңделуі.
Оқыту қиындықтарының сипатын (түрін) анықтағаннан кейін баланың жалпы мінездесі ұжымда талқыланып жасалады, онда бастапқы және екіншілік қиындықтардың жалпы көрінісі, олардың себептері мен туындау механизмі баяндалады. табысты оқытудың ресурстары ретінде баланың күшті жақтары, ерекшеліктері мен мүдделері сипатталады (қосымша-,а 4-форма).
Бірлескен талқылау барысында ерекше білім беру қажеттілігі, мұғалімге, мамандарға, ата-аналарға, оқушыға қолдау көрсетудің негізгі бағыттары анықталады, мұғалім мен ата-аналарға ұсыныстар жасалады.


4-кезең. Анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы құрастырылады: қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы педагогпен жеке-дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға берілетін ұсыныстар (қосымша-,а 4-форма).
В-қосымшасында үлгі ретінде ЕБҚ бар 1 сынып оқушысына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы тол- тырылып ұсынылған. г-қосымшасында математика пәнінен қысқартылған және жеке оқу бағдарламаларының үлгісі мен арнайы педагогпен жеке сабақтар бағдарламасының үлгісі көрсетілген.
5-кезең. Мониторингпен қолдауды іске асыру.
Мамандар мен мұғалім тарапынан оқушының ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және қанағаттандыру алгоритмі 12 қадаммен жүзеге асырылады, олардың сипаттамасы 4-кестеде келтірілген. Оқушы туралы алынған ақпаратты тіркеу формалары және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының формасы а-қосымшада берілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет