Ерекше сұранысты қажет ететін балаларға білім беру кез келген ел үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады



бет1/2
Дата23.04.2020
өлшемі32,41 Kb.
#64263
  1   2
Байланысты:
ЭССЕ инклюзия
Семинар 6 архив, Семинар 6 архив, Семинар 7

Ерекше сұранысты қажет ететін балаларға білім беру

кез келген ел үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Бұл – әркім өз іс-әрекетінің қажеттігі мен  қатыстылығын

сезіне білетін шын мәніндегі инклюзивті қоғам құруға

қажетті шарт. Біз әрбір балаға оның сұранысы мен басқа

да жағдайларына тәуелсіз, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға,

қоғамға пайда әкелуге және оның толыққанды мүшесі болуға

мүмкіндік беруге міндеттіміз.

Дэвид Бланкет

 

Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет.



«Инклюзивті   білім» ұғымы, біздің өмірімізге 1996 жылдан бастап енді, қазір көп елдерде заң жүзінде бекітілген. Бұл Батыс Европада  да, Америкада да, Латын  Америкасына да қатысты. Шет мемлекеттерде  де табыспен жүзеге асуда. Сонымен, инклюзия бұл-қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа  балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.

Инклюзивті білім берудің негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.

Қазақстандық мектептерде  инклюзивті білім беру жағдайында  қойылатын талаптар:

- МШБ оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

- мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар,  арнаулы жиһаз);

- кадрлармен қамтамасыз ету:

- жалпы білім беру  үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау;

- арнаулы техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);

- педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылар ата-аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестер беру.

Инклюзивті білім беру – балаларды жалпы білім беру процесіне толықтай  қосу үшін балаларды  бір-бірінен ажыратып, кедергілерге  ұшырамауға бағытталған және олардың жасына, жынысына, этикасына, дініне қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған  мемлекеттік саясат.

Сонымен қатар дамудағы қалыс қалу немесе экономикалық мәртебесіне, отбасына белсенді қатысуы, коррекциялық-педагогикалық және балалардың жеке мұқтаждарын әлеуметтік адресті қолдаудағы бейімдеудің баланы  емес, ортаны жеке ерекшеліктерімен білімдік қажеттіліктерін білім беру жағдайларын  тиімді жолмен құру.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж балаларды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет. Осы әр түрлі жер бетіндегі елдердің мәдени-тарихи және әлеуметтік- экономикалық деңгейлерінің дамуына байланысты инклюзивті білім беру принциптері анықталады:



  • Жалпы білім берудің жоғарғы сапалары;

  • Балалардың отбасындағы жағдайы;

  • Оқытумен тәрбиелеу кезіндегі ата-анасының  қатысуы;

  • Мұғалімдердің әр түрлі өзгерістерге дайын болуы, балалардың құқықтарымен қабілеттерін есепке алып отыру;

  • Жалпы білім беру  мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу

  • Нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетілуі;

  • Демократиялық қоғамға орналастыру және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға  кепілдеу;

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді білімділікпен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына араластыру

Ата–аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде  бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға  ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын  ашуға  мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына  кірістіреді. Инклюзивті тәрбиенің ұтымдылығы қанша және кім пайдасын көреді?

«Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін  шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал», Ж. Ламетри  айтқандай,  қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білімт беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет