Əмияны бос адам, зұлым жүрегімен өз əулетіне
зиян келтіреді, ал
патшаны сатып кетеді.
Сондықтан да, бірдеңеге қол жеткізуге ниеті бар адам, əмиянында -
сыңғырлаған бақыры, ал жүрегінде - əулетіне деген іңкəрлік
пен патшаға
деген адалдығы болуы керек».
Екіншіден, жоспар маған төркінінен оралған адал жарымды қолдауға
жəне лайықты киіндіруге нұсқау етеді. Əйтпесе, Матонның айтқаны бар:
адал əйелге лайық қамқорлық еркектің жүрегінде
өзіне деген құрметін
туғызып, оған қуат беріп, оның əрекетіне мақсат айқындатады.
Сондықтан да, өз табысымның оннан жеті бөлігін жанұямның
қажетіне,киім-кешек
пен азыққа, сондай-ақ, аз бөлігін өміріміздің лəззаты
мен қуанышына жұмсаймын. Бірақ, бұл
пайдалы шығындардың табыстың
оннан жетіден артпайтынын мұқият қадағалаймын. Жоспардың сəттілігі де
сонда болмақ. Мен бөлінген қаржыға ғана тірлік етіп,
қаржы жетпейтін
ешбір нəрсені сатып алмауым керек.
Достарыңызбен бөлісу: