менің табысым қырық екі күміс бақыр болды.Бұл айда əйелім екеуміз зəру
болған шапата мен киімге қол жеткіздік.Сонымен бірге бұл ай қорегімізге
мал мен құс етін бұйыртты.
Сегізден аса күміс бақыр қарыз төлеуге кетті. Бұл жолы, тіпті, Алқахат
та қабағын шытпады.
Жоспарымыз сондай берекелі болды, өйткені, ол біздің жанұяны қарыз
зынданынан тартып шығаруда əрі қолымызға ақша қорландыруда.
Бұл сазпараққа соңғы рет жазғалы үш рет толы ай мерзімі өтті.Əрбір ай
сайын мен өзіме табыстың оннан бірін қалдырып отырдым. Əр жолы
əйеліміз екеумізге қандай қиын болса да, табыстың оннан жеті бөлігі ғана
жұмсалды.Жəне əрбір жолы мен оннан екі табысты қарызгерлерге
тапсырып отырдым.
Кəзір əмиянымда жиырма бір күміс бақыр сыңғырлайды жəне мұның
бəрі менің меншігімде.Енді мен еңсемді тіктеп жүріп, жолдастарыммен
жарқын жүзбен, мақтан сезіммен кездесетін болдым.
Əйелім болса, үй тұрмысына пысық болып алды əрі сəнді киіне
бастады.Онымен өзімді бақытты сезініп жүрмін.
Жоспарымыз сөз жетпестей құнды екен. Өйткені,
бұрынғы құлды
абыройлы жігітке айналдырған сол емес пе?
Достарыңызбен бөлісу: