Еріктік үрдістер және өзіндік реттеу психологиясы



Дата07.02.2022
өлшемі109,6 Kb.
#83959
Байланысты:
Ерік^Jмотив және мотивация

Тақырыбы:Еріктік үрдістер және өзіндік реттеу психологиясы

Жоспар:

1. Еріктің анықтамасы

2. Мотив пен шешім қабылдау күресі

3. Мотивациялық конфликт

4. Стресс түсінігі, оның түрлері, жеңу жолдары

5. Г.Сельенің стресс теориясы

Ерік

Ерік- бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық іс-әрекеті.


Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі —оның турлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына турлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені, адам сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бүларды үлкен екі топқа бөлуге болады

Еріктің екі түрі:

Ерікті қозғалыс

Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет.

Еріксіз қозғалыс

Еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.)

Шешім қабылдау

Шешім қабылдау- бұл қолда бар нұсқалар немесе баламалар ішінен ең қолайлысын таңдау. Маңызды ұйымдық шешім қабылдау үшін жауапкершілік басқарудың жоғары деңгейлерінде әсіресе айқын көрінетін ауыртпалық болып табылады

Мотивтер күресі

Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігеріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтық институтқа түсіп, мұғалім болып шықысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін қалау қажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психолгияда мотивтер күресі деп атайды.

Мотивациялық конфликт

Мотивациялық конфликт. Тұлғаішілік конфликтінің жиі зерттелетін, оның ішінде психоаналитикалық бағытта көп зерттелетін түрлерінің бірі. Санасыз ұмтылыстар (Фрейд, 1903) арасындағы, меңгеруге және кауіпсіздікке деген ұмтылыстар арасындағы (Хорни, 1943), екі жағымды тенденциялар – «Буриданова осла» классикалық диллемасы (Левин, 1939), немесе әр түрлі мотивтердің қақтығысуы ретіндегі (Кузьмин, Семенов, 1987) конфликтілерді бөліп көрсетеді.

Стресс

Стресстің екі түрге бөлінеді:

1)Эустресс

2)Дистресс

Эустресс екі мағынада қарастыруға болады:

а) жағымды эмоция туған стресс

б) аса ауыр емес стресс

Дистресс – жағымсыз стресс. Ол организмнің моральдік денсаулығын әлсіретіп, ауыр психикалық ауруларға шалдықтырады. Стрессті иммундық жүйеге үлкен зиянын тигізеді.

Стресс – бұл (ағыл. Stress) қатты күйзелу, абыржу,мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.Стресстің сыртқы себептері: (Жаңа қалаға көшу,жұмыс орнының ауысуы,ажырасу,жеке басына топтық қысым көрсету,қуғындау). Стересстің ішкі себептері мақсатсыз өмір өзіндік бағасының төмендігі,жағдайды бағалай алмау.Әртүрлі аурулар, т.б.(Ақшалай мәселеле,жақын адамынан айырылу,қоршаған орта әсері).

Стрессті жеңу жолдары

Стрессті нейтрализациялау әдістері:

• Аутогенді жаттығулар-медитация;

• Физиологиялық массаж,акупунктура,физика

лық жаттығулар;

Биологиялық фитотерапия;

• Физикалық баня,су прцедуралары.

Осы стресті нейтролизациялау үшін (стресстің

басы) адамды стресске шалдықтырған себе

пті анықтау керек.

Г.Сельенің стресс теориясы

Стресс «атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XX ғ. 60–шы жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады.

Ганс Селье студенттік шағында әртүрлі аурулары бар науқастарда кездесетін симптомдарға көңіл аударып, оған “стресс” деген түсінік берген. Ондай симптомдарға асқа тәбетінің төмендеуі, дене салмағының азаюы, бұлшық еттердің әлсіреуі мен ауырсынуларды жатқызды. Оны 1936 жылы “стресс” деген терминді ұсынды..



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет