Эритроциттерқанға оттегін, қаннан көмірқышқыл газын тасымалдайды. Лейкоциттер



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі47,44 Kb.
#91064
1   2
Байланысты:
46-50

Әріп белгісі

Химиялық аты

Физиологиялық аты

1 күнге қажет мөлшері

Майда еритін витаминдер

А
D
Е
К
Q

ретинол
кальциферол
токоферол
филохинон
убихинон

антисиростоминалық
антирахитическ
антистрилдік
антигеморагикаралық
антигемфагиналық

2,5 мг
0,025 мг
5 мг
0,015 мг
1 гр

Суда еритін витаминдер

В1
В3
В5 (РР)
В6
В12
Вт
С
Н
Р

тиамин
пантотен қышлы.
никотин қышқылы.
перидоксин
сеанокобаламин
корнитин
аскорбин қышқылы
биотин
рутин

антиневрин
антидермотид
актипеллагра
антидерамтин
антиамилия
антискорбут
капилярды бекітуші
антидерматид
антистирилдік

3 гр
1,2 мг
25 мг
2 мг
0,001 мг
100 мг
0,01 мг
50 мг
3,2 мг

Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу.
1-ші организмнің жалпы белсенділігін жоғарылатушы витаминдер. Организмдер жүйке жүйесінің физиологиялық қызметін реттейді. Зат алмасу қасиетіне қатысты. Организмдер В125А, С витаминдері.
2-ші қасиеті: антигимфрагикалық қан тамырларының қалыпты өтікізетін беріктігін қамтамасыз етеді. С.К.П. витаминдері.
3-ші қасиеті: антианимиялық қан тамырлардың жүйесін реттейді В12, С витаминдерді.
4-ші антинфармациялық информацияға қарсы органикалық күресуін жоғарылатады және эпитемияда қорғаныш қызметін атқарады А.С витаминдері.
5-ші көру функциясын реттейтін витаминдер. Көз қарашығын ұлғаюын қамтамасыз етіп, көздің жақсы көруін реттейді А12, С витаминдері.
Майда еритін витаминдер.
Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде ериді. Ортаның рН мәнінің өзгеруіне, жоғары температураға тұрақты. Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организімінде түзілмейді. Оған жататындар: А,Д,Е,К,F.
А витамині /антисерфталмалық витамин, ретинол/.
Өзінің «А витамині» деген атын 1916 – жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А123 болып бөлінеді.
Химиялық құрылысы жағынан құрамында ς–ионон сақинасы, бүйірінде төрт қос байланысты изопреннің екі қалдығы және «ОН» тобы бар спирт болып келеді.
«А» тобындағы витаминдер – түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 1200-1300-қа дейін қыздыруға төзеді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады.
А – витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға әкеледі.
Организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, ол фоликулярлы гиперкератос /грек – һуреr қалыптан тыс көп, тым көп; кеras – мүйіз/ ауруына шалдығады.
Жұлын мен орталық жүйесінің кілегей қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп-тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босасып, тарамыстары тартылып, сал /паралич/ ауруына шалдығады.
Ұрғашы малдың қынабы мен жатырдың кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекінуі нашарлайды. Жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін. Төлі кішкентай болады. Сиырлардың жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады.
Тауықтың жұмыртқалау қабілеті төмендейді де, жұмыртқа сары уызының түсі солғынданады.
Кездің тор қабатының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеуі салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған. Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына /концентрациясына/ байланысты.
«А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеңіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң тозаңды жас жуып-шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды. Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ол қабынады, жұмсарады және онда жара /теріскен/ пайда болады. Кейін осы жараның орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көру қабілеті төмендеп жанары зақымдалады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығынан көрмей қалуы мүмкін.
Каратомаляция /грек, xeratos – мүйіз, malania – жұмсару, әлсіреу/ ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды. Көктемге қарсы мал /бұзау, кейде торай, қозы/ денесінде А витамині жетіспеуден, сондай-ақ титықтап арықтау салдарынан болатын дерт.
Азықтармен бірге түскен А витамині қарында өзгеріске ұшырамай ішекке барады, мұнда оның көбі сіңіріліп, бауырға келіп, қорға айналады. Бауырдан қанға А – витамині спирт түрінде түседі. А витаминінің сіңірілуі оның бауырдағы қоры мен қандағы мөлшеріне байланысты.
Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді. Түліктердің каротинді А витаминіне ауыстыру қабілеті әртүрлі. Мысалы, ірі қара, жылқыда сіңірілген каротиннің біраз бөлігі қанның сары суында, май қоймаларында, бауырда, сүтте, ал құстарда жұмыртқада сақталады. Шошқа, қой мен ешкі оргаинзмінде оның қоры жоқ. Аталған түліктердің организмінде каротиннің болмауы оның толығынан А витаминіне ауысатынын көрсетеді.
А витамині жануарлар клеткалары мен тканьдеріндегі химилық процестерге қатысады, ол белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуына тікелей қатысады. Сонымен қатар тыныс алу және энергияның алмасуына да әсер етеді.
А витамині мен микроэлементтер арасында да байланыстар бар. Мысалы, А-гиповитаминозымен ауырған бұзаулардың қанында кобальттың мөлшері азаяды.
Екінші бір мысал: А витамині мыстың катализдік активтігін реттей отырып, эпителийде үдеп кеткен қабыршақтану процесін төмендетеді.
«А» витамин қоры денсаулық сақтауға, жоғары өнім алуға. А-авитаминозымен күресуге керек. Өсімдіктер, балық өнімдері, жұмыртқа, теңіз жануарларының бауыры, жануар тектес азықтар, көк шөп, сүрленген жүгері А витаминінің негізгі көзі болып табылады.
Өнеркәсіпте шығарылатын А витаминінің концентраты балықтар мен теңіз аңдарының бауыр майынан жасалады. Мұның витаминдік активтігі балық майымен салыстырғанда 400-800 есе көп.
Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді. Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады. Осының әсерінен олардың кеуде сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішірейіп, қабығы жұқарады.
Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остеомаляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпиіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды.
Аурудың себептері: Рационда Д витаминінен басқа, кальций және фосфор тұздары мен белок жетіспеушілігі, кейбір ішкі секрециялы бездердің зақымдануы.
Организмде Д3 витамині ащы ішекте сорылады да сүйектерге, бауырға, миға, бүйрекке және басқа органдарға таратылады.
Д витаминінің организмдегі атқаратын негізгі қызметі – фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеу. Д3 витамині асқазанда кальцийдің сорылуын жылдамдатады.
Д – авитаминозымен күрек жолдары.

  1. Шөпті сақтау мерзімі ұзарған сайын Д витаминінің мөлшері азаяды, ал сүрлемде көбейе түседі. Қыста ересек мал үшін Д витаминінің негізгі көзі ретінде пішен мен сүрлемді, ал төл үшін сүт пен уызды пайдалану керек. Пішенге күннің көзі неғұрлым көп әсер етсе, онда Д витамині соғұрлым көп болады. Сақтаған пішенде Д витаминнің мөлшері біраз азаяды. Бірақ пішен мен сүрлемге 10 минут ішінде кварц шамының сәулесімен әсер етсе, олардағы витамин мөлшері 2-5 есе көбейеді.

Д витаминінің мөлшері шөп ору мерзіміне де байланысты. Мысалы, екінші орылған шөпте біріншімен салыстырғанда Д витамин мөлшері 2-2,5 есе жоғары болады.

49. Гормонды дәрілер. Фармкодинамикасы, қолданылуы, қарсы көрсеткіштері. Глюкокортикоидтардың жанама әсерлері.


Жоламандада дәл осы сұрақ бар
50. Миометрияға әсер ететін дәрілер. Классификациясы, фармакодинамикасы, қолданылуы
Миометрия- жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын күшейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану
ағынын жеңілдетеді.
Миометрияда М- холинорецепторлар α-β2 адренорецепторлар орналасқан.
Миометрияның секреторлы белсенділігіне :
1) Экстроген( әйел жыныс гормоны);
2) Окситоцин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны);
3) Простогландин қуаттандырғыш әсер көрсетеді.
Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер.
Окситоцин тобының препараттары: окситоцин, метилокситоцин, дезаминоокситоцин, питуитрин, гифотоцин.
Окситоцин- миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гипофиздің артқы бөлігінің гормоны. Окистоцинге жатыр жүктілітіктің
соңғы айларында әсіресе босану кезінде сезімтал келеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді.Окситоцин сүт
бездерінің секрециясын жоғарлатады. Жамбас пен ұрықтың өдшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең қиғаш орналасуында,
жатырдың жиырылу қауіпінде , кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолданіға болмайды.
Питуитрин- жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцин мен вазопресин бар. Ағзада
судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ- Ы жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне
байланысты қантты емес диабетте және энурезде қолданылады. Қолдануға қарсы көрсеткіштер: гипертониялық ауруларда,
айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте , жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.
Простогландин тобының препараттары: динопрост, динпростон.
Простагландиндер- ағзаның барлық мүшелерін мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қаныққан май қышқылдарының туындысы
болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простагландиндер босануды қоздыру, қуаттандыру үшін, сонымен қатар
медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында оны тоқтату үшін қолданылады. Жанама әсері: оқсу, құсу, іш
өту, тахикардия, бронхоспазм, аллергиялық реакция.


3.
2. Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер.
Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан
кету тоқтайды. Жүктіліте және босануда қолдануға болмайды.
Қара күйе алкалойдтары: эргометрин, метилэргометрин, эрготамин, эрготал.
Қара күйе- дәндә өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ. Эргометриннің белсенділігі жоғары болып
келеді. Эрготамин ми қан айналым жүйесіне әсер етіп, мигренде қолданылады. Қара күйе
алколойдтары ОЖЖ- не тынышталдырғыш әсер етіп, климакстық неврозда, вегативті дистонияда т.б.
Бұзылыста қолданылады. Жанама әсері: көбінесе эрготаминде байқалады: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік.
Синтетикалық препараттары: котарнин.
Котарнин- қан кетуде қолданылады,қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз.
3. Миометрия тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
Жүктілікті көтере алмаушылықта және мезгілінен бұрын босану қауіпінде, босану кезінде операцияға
дайындау алдында қолданады.
Β2 – адренмиметиктер: фенотерол, сальбутамол, гексопреналин, ритодрин, тербуталин.
Β2- адренорецепторларды қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылу қызметі
төмендейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет