Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім


Бизнестің жол картасы – 2020



бет6/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   351
Бизнестің жол картасы – 2020...........................................................................






237

Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады? Мемлекеттік несиелендірудің мүмкіндіктері.................................................









Ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай? ....................................................................






Кіріспе


Бұл жинақта отбасылық бизнестің 100 түрі жайлы айтылады. Жинаққа кірген бизнес түрлері мемлекеттік органдар ұсынымдары мен халықаралық тәжірибелерге шолу жасай отырып, сондай-ақ тұрғындар арасына жүргізілген сауалнамалар негізінде таңдалып, әзірленді. Жинақ материалдары ұсыныстық сипатта жазылып, кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға мысал бола алады.


Оны әзірлеу кезінде бізге мына мәселелер негіз болды:
Біріншіден, еліміздің ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясы. Онда Президент «... адамдардың әл-ауқатының өсуi бiздiң күллi күнделiктi жұмысымыздың күретамыры болуға тиiс» деген болатын.
Екіншіден, біз Елбасының бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі тапсырмасын басшылыққа алдық. Бұл міндетті орындауға бүкіл халық болып жұмылмасақ, өзіміздің еңбексүйгіштігімізді арттырмасақ, онда ол орындалмайды.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы.
Онда Елбасы Парламенттің, мәслихаттардың, «Нұр Отан» партиясының депутатта­рына сөз арнай отырып, оларды мемлекеттік органдар­мен бірлесіп қоғамдағы дағдарысқа қарсы ауқымды қозғалыстың басында болуға және адамдардың нақты пробле­маларын шешуге шақырды.
Партия мүшелерінің алдында үйді-үйде көбірек болуға, қандай мамандықтарға қайта оқуға мүмкіндік бар екенін, шағын несиелерді қалай алуға болатынын, қиын жылдарда не істеу керектігін түсіндіру міндеті қойылды. Сонымен бірге әр үйге, әр отбасына бару, қарапайым адамдардың көмек­шілеріне, кеңесшілеріне айналу керек екендігін баса айтты.
Төртіншіден, 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында Елбасы 2020 жылға дейін шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 40% жеткізу міндетін қойды.
Осыған байланысты Үкіметке селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
Елбасы айтып өткендей, «даму әлеуеті жоғары елді мекен­дерде селолық инфрақұрылымдар да­мы­тылып, суаратын суларға, ми­кро­не­сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант­тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.».
Ол үшін, әрине, атқарушы биліктің бар­лық деңгейлері мен «Нұр Отан» пар­тиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.
Бесіншіден, әрбір қазақстандық­тың өмір сапасын арттыру және қоғамның бар­лық топтарының әлеуметтік жағынан қор­ғалуы “Нұр Отан” ХДП-ның Халықтық тұғырнамасының басты міндеттерінің бірі.
Партияның белсенді атсалысуымен мемлекет азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды қабылдап, көптеген әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды табысты іске асыруда.
Біздің елімізде әрбір адамның өмірде өз орнын табуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Тәуелсіз жылдарда біздің елімізде іскер, табысты адамдар санаты құрылды. Түрлі қиындықтарға қарамастан олар аяқтарына нық тұрып, еліміздің нығаюы мен серпінді дамуына еселі үлес қоса білді.
Дегенмен, экономикалық және әлеуметтік мәселелер макродеңгейде шешіліп жатқанымен, қарапайым адамдардың мүддесі мен сұраныстары тиісінше назарға алынбай келеді.
Өз өміріндегі түрлі мәселелерді шешуде мемлекет тарапынан әрбір адамға берілетін мүмкіндіктер жайлы ақпараттар көптеген себептерге байланысты көпшілікке жете бермейді.
Қажетті де пайдалы ақпараттардың жеткіліксіздігі азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын іске асырудағы, шағын және орта бизнесті, соның ішінде жеке (үй) шаруашылығын дамытудағы тежеуіш фактор болып табылады. Ақпараттың жеткіліксіздігінен немесе қандай да бір басқа себептерге байланысты дұрыс бағыт-бағдар алып, өзі үшін және отбасы үшін лайықты жағдай жасай алмаған адамдар қатары да жеткілікті.
Осы материалдарды әзірлеу кезінде басшылыққа алынған негізгі идеялардың бірі – ол «әрбір қазақстандық табысты болуы керек» деген ой болды. Себебі, әр адам табысты болса – бүкіл мемлекетіміз де табысты болады. Әри­не, әр азамат өзінің тағдырына өзі жауапты. Мемлекет оның өміріне араласуға құқы жоқ. Бірақ, мемлекет әр адамның өсіп-өнуі­не, табысты болуына, жетістікке жетуіне жағдай жасауға міндетті.
Сондықтан, бұл қадаммен көзделіп отырған мақсат – қажетті ақпаратты бере отырып, азаматтарымыздың өмір сапасын жақсартуға көмектесу, әрбір қазақстандыққа жол сілтеп, оның қолына «балық» емес, «қармақ» беретін қажетті ақпарат ұсыну.
Әрине, біз бұл жерде «байлықтың соңына түс, пайдаға кенел» деп отырғанымыз жоқ, кері­сінше, «мемлекетке қолыңды жайма, өзіңді асыра, отбасың таршылық көрмесін» деп отырмыз. Сол арқылы еліңе сыйлы бола­сың, жақыныңа үлгі боласың деген ой. Абай атамыз айтты емес пе:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.».
Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін әрбір азамат, әрбір қазақстандық өзінің ісін тындырымды әрі тыңғылықты істеуі қажет.
Сіздің назарыңызға ақпараттық-анықтамалық материалдар мазмұны мынадай:
1) 100 отбасылық бизнес түрінің тізімі;
2) әрбір бизнесті жүргізудің әдістемесі (технологиясы);
3) бизнестің тиімділігін есептеуге бағытталған қарапайым есеп-қисап.
Бұл ақпараттық материалдар Сіздерге шынайы көмегін тигізеді деген сенімдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   351




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет