“Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері. №2-ші бжб”



Дата08.11.2022
өлшемі219,21 Kb.
#157192
түріСабақ
Байланысты:
мико отчет
757 8450 61630, 757 8450 61630, 5-күн. Бағалауға арналған тапсырма

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары
педагогикалық колледжінің
4аФК-9 тобының студенті
Боранов Мирамбектің “Байқау”
практикасының қорытынды есебі

Мен Боранов Мирамбек Сейілханұлы 26.09-28.10.2022ж аралығында №50-ші жалпы орта білім беретін мектебінде физика пәні бойынша байқау машығынан өттім.


Машық барысында физика пәнінен 7а-сыныбына берілген 5 сабақтан өтіп шықтым.
29.09. “№1-ші БЖБ” орындаттым. Бжб жазбас бұрын балаларға тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіріп өттім. Оқушылар сабақтың қалған минутында бжб жазды.
13.10. “Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу.” Сабақта алдымен үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеріп алдым. Жаңа сабақты ауызша түсіндіріп, сабақтың қалған бөлігінде оқушыларға есептер шығарттым. Сабақты “колеса фортуна” әдісі арқылы қорытындыладым.
2
0.10. “Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері. №2-ші БЖБ” сабағы өткізілді. Сабақ барысында жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндірілді. Жаңа сабақты ауызша түсіндіріп, маңызды ақпараттарды оқушыларға айттым. Қалған 25 минутта №2 БЖБ тапсырмасы орындалды. БЖБ парақтары үлестіріліп, есептерін қайталап түсіндіріп шықтым. Оқушылар бөлімді қорытындылау мақсатында тапсырмалар орындады. Бжбда оқушыларды мұқият қадағалап тексердім.
27.10. “ТЖБ” орындаттым. Оқушыларға ТЖБ парақтары үлестіріліп, есептерін қайталап түсіндіріп шықтым. Оқушылар тоқсанды қорытындылау мақсатында тапсырмалар орындады. ТЖБда оқушыларды мұқият қадағалап, түсінбеген жерлерін қайталап естеріне түсірүге көмектестім. Сабақ соңында оқушылардың ТЖБ жұмыстары жиналып, оқушылармен қоштастым.

Машық барысында информатика пәнінен 5в- сыныбына берілген сабақты өтіп шықтым.


0
4.10 күні 5в сыныбына информатикадан “Ақпаратты шифрлау” тақырыбы өткізілді. Сабақтың басында оқушылардың үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріп шығып, өткен сабақтан сұрақтар қойылып жауабы алынды. Содан соң жаңа тақырыпты ауызша түсіндірдім. Жаңа сабақты ауызша түсіндіріп болғаннан кейін бекіту тапсырмаларын орындаттым.

18.10 күні “Екілік ақпаратты ұсыну. №2 БЖБ” тақырыбы өткізілді. Сабақтың басында оқушылардың үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріп шығып, өткен сабақтан сұрақтар қойылып жауабы алынды. Содан соң жаңа тақырыпты ауызша түсіндірдім. Жаңа сабақты ауызша түсіндіріп болғаннан кейін бекіту тапсырмаларын орындаттым.Қалған 25 минутта оқушыларға №2 БЖБ жұмысының парақтары үлестіріліп, тапсырмалардың орындалу жолы түсіндірілді. Сабақ соңында оқушылардың жұмыстары жиналып, сабақ аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет