Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Құқық қорғау органдарын реформалау



бет8/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

4. Құқық қорғау органдарын реформалау


Полицияның жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сервистік модельге көшу шаралары қабылданады.

Полицияның қалалық және аудандық бөлімшелерінде ХҚКО принципі бойынша 218 фронт-офис құрылған, онда азаматтарды қабылдау үшін жайлы орындар жасалған. Кезең-кезеңімен мұндай жағдайлар полицияның барлық бөлімшелерінде жасалатын болады.

Бұған қоса, мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын арттыруға мүмкіндік беретін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Мысалға, ішкі істер органдары қызметкерлерінің өзара іс-қимылын автоматтандыру мен цифрландырудың превентивті шаралары қамтамасыз етіледі.

Мәселен, а.ж. 1 шілдеден бастап арнайы ХҚКО-дан облыстық маңызды және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының тіркеу-емтихан бөлімшелері (ТЕБ) аумақтар бойынша Департаменттер ғимараттарына көшірілді, ал олардың қабылдау, дайын құжаттарды беру, теориялық және практикалық емтихандар өткізу функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілді.

Бұл ретте облыстар орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 17 бэк-офис құрылды, онда келіп түскен автокөлікті тіркеуге және жүргізуші куәліктерін беруге арналған құжаттарды полиция онлайн-режимде тексеріп, бекітеді.

Барлық өңірлерде Көші-қон қызметін көрсету орталықтары ашылған, онда «еңбек иммигранттарына рұқсаттарды беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі 2 сағаттың ішінде көрсетіледі (әдеттегі тәртіппен – 5-7 күн).

Жалпы ІІМ халыққа 40 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2019 жылдың соңына дейін электрондық форматқа тағы 8 қызметті көрсету жоспарлануда, 4 қызмет көрсету Тізілімнен алынып тасталады.

Осылайша, ІІМ 36 қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде 31 немесе 86% автоматтандырылады.

Полицияны халықпен жұмыс істеудің «Сервистік моделіне» ауыстыру шаралары қабылданады.

Осыны ескере отырып, патрульдік полиция және учаскелік полиция инспекторлары қызметінің жұмысы ауыстырылады, оларды халықпен өзара іс-қимыл жасауға бағыттай отырып.

Халықпен диалогты қалыптастыруға және азаматтарды қызықтыратын барлық мәселелерді жедел шешуге назар аудара отырып, көрсеткіштерге жарысудан бас тарту жоспарлануда.

Осыған байланысты, ІІМ ведомстволық «Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жол картасының» жобасын әзірледі.

Жобада азаматтармен өзара іс-қимыл жасасу, учаскелік полиция инспекторларының азаматтардың өтініштеріне ден қоюдың жеделдігі мен сапасы деңгейін арттыруға, халықтың оларға сенімін нығайтуға және қызметтің материалдық-техникалық жарақтануын жақсартуға бағытталған іс-шаралар көзделген.

Одан басқа, жобаға халықты алаңдататын құқықтық тәртіп саласындағы аса өзекті мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар қосылған. Бұл рецидивтік, тұрмыстық, алкогольдік қылмыс профилактикасының проблемалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша шаралар.

Жол картасы жобасын сапалы әзірлеу үшін арнайы құрылған жұмыс топтары (полиция қызметкерлері, мемлекетітк органдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатарынан) учаскеліктердің жұмысын жақсарту бойынша азаматтардың ұсыныстарын жинауды және жинақтауды жүзеге асырды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қазіргі заманғы учаскелік полиция инспекторының өмір салты мен жұмысының түрі туралы азаматтардан интернет сауалнама ұйымдастырылды, «қауырт» телефон желілері ашылды, әкімдермен, мәслихат депутаттарымен және халықпен кездесулер өткізілді.
Анықтама:

Учаскелік полиция инспекторларының штат саны:

2017 ж. – 6635 (қалада – 3362, ауылда – 3273)

2018 ж. – 6635 (қалада – 3362, ауылда – 3273)

2019 жылғы 8 ай – 6504 ед. (қалада – 3299, ауылда – 3205).

5. Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру


ІІО-ны жаңашаландыру шеңберінде жол-патрульдік полицияны патрульдік полицияға қайта құру бөлігінде заңнамалық түзетулер қабылданды. Сержант құрамын офицер құрамына кезең-кезңмен ауыстыру жалғастырылуда. Ағымдағы жылғы 1 шілдеде 5 183 лауазым (65,9%) ауыстырылды.

Ай сайын кең ауқымды «Жолда қабылдау» акциясы практикаға енгізіді, онда қалаларды және ауылдық жерлерде арнайы жабдықталған автобустар ПД, ӘПБ, ЖПҚБ, КҚҚБ басшылары қатарынан мобильді топтар ұйымдастырылады, олар азаматтардың шұғыл мәселелерін шешу үшін азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

Еліміздің барлық өңірлерінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» пилоттық жобасы іске асырылуда.

Патрульдік полиция қызметкерлері Жол жүрісі қағидаларын бұзушылық фактілері бойынша планшеттер көмегімен электрондық түрде әкімшілік хаттама толтырады, ал Жол жүрісі қағидаларын бұзушылық үшін айыппұлды жүргізуші электронды үкімет порталы арқылы төлей алады.

Жол жүрісі қағидаларының сақталуын контактысыз бақылауға ауысу жүзеге асырылуда. Республиканың 16 қаласында ЖЖҚ-ны бұзушылықты тіркеу камералары қолданылады. Одан басқа полиция жасақшалары қызмет атқару кезінде бейнетіркегіштер қолданылады.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөліністерін (МКҚБ) өңірлік Полиция департаменттерінің қарауына беру бойынша мәселе пысықталуда.

ІІМ реформасына 2020-2022 жылдар аралығында бөлінетін 173 млрд. теңгені ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап полиция және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарын көтеруге, жергілікті полиция қызметтерінің саптық бөліністерінің қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторларына, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына, тиісті қызметтердің басшы құрамына тұрғын үйді жалдауға өтемақы төлеуге бағыттау жоспарлануда.

Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбегін төлеудің бірыңғай жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет