Есеп ұғымымен таныстыру


Есепті шешу процесі және оның кезеңдері



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі474,5 Kb.
#84561
1   2   3   4
Байланысты:
38dce059-5cbc-4a07-a6d8-61916399a546

Есепті шешу процесі және оның кезеңдері

Есепті шешу процесі бірнеше іс-әрекетті орындауды талап етеді, атап айтқанда: ой елегінен өткізе және саналы қабылдай отырып есеп мәтінін, ондағы сөздердің мәнін түсініп, жүгіртіп /тез/ оқу, есептің шартымен сұрағын, белгілі және белгісіз шамаларды ажырату; берілген және ізделінді шамалардың арасындағы байланысты тағайындау яғни есепке /оның мазмұнын талдау/ талдау жүргізу; соның барысында есепті шешу үшін орындалатын арифметикалық амалдарды /немесе амал/ анықтау немесе құрылатын тендеудің құрамына енетін өрнектерді /санды немесе бір әріпті/ айқындау, сол сияқты есепті шешу тәсілін /арифметикалық және алгебралық/ және әдісін /тиімдірек немесе әр түрлі/ таңдау, есептің шешуін және жауабын /қабылданған түрлердің /формалардың/ бірін пайдаланып/ жазу; есеп шешуін тексеру.


Біздің көзқарасымыз бойынша есепті шешу процесінің мына сияқты ғана міндетті кезеңдері болуы тиіс.
Атап айтқанда:
1. Есеп мәтінін оқу /нәтижесі есеп мазмүнын қабылдау және талдау, негізгі мақсаты есепте баяндалған жағдайды жалпы түрде түсіну, есеп шартын, талабын яғни мәтінде бар сұрақты, барлық терминдерді және белгілерді түсіну, яғни есеп мазмүнын меңгеру/.
2. Есеп шешуін іздестіру /нәтиже есепті шешудің жоспарын құру, негізгі мақсаты есеп мазмүнында баяндалған қандай-да нақты қатынасқа немесе жағдайға сәйкес келетін арифметикалық амалды анықтау немесе есеп мәтініндегі қойылған сұраққа жауап беру үшін орындалатын арифметикалық амалдардың рет-тәртібін танымдық тұрғыда анықтау және негіздеу/.
3. Шешу жоспарын жүзеге асыру /нәтижесі - ауызша немесе жазбаша түрде құрылған жоспарды орындау, яғни есептің шешуін жазу, негізгі мақсаты есеп сұрағына жауап алу, яғни есеп талабының орындалғаны жайлы қорытынды жасау/.
4. Шешімді тексеру және егер қате болса, оны түзеу /нәтижесі — есеп жауабын бөліп көрсету, негізгі мақсаты-есептің талабының орындалғаны, яғни есептің сұрағына жауап алынған жайлы түпкілікті қорытынды жасау.
Есепті шешу процесінде орындалатын басқа іс-әрекеттер, біздің ойымызша, жоғарыда айтылып өткен есепті шешу процесінің міндетті кезеңдерінің біріне енеді немесе оларды толықтыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет