Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ ұлы Александр



Дата12.09.2020
өлшемі18,35 Kb.
#78150
Байланысты:
Maruza (4)


Модуль 12. Александр Македонский салтанаты

Жоспар:


1.Македонияның дамуы

2.Грекияда Македон билігінің орнатылуы

3.Ескендер реформалары және оның салдары

Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр(көне грекше: Ἀλέξανδρος Γ' ὁ Μέγας, лат. Alexander III Magnus, 20 шілде б.з.б. 356 ж.ш. — 10 маусым б.з.б. 323 ж.ш.) — Аргеадтар (Теменидтер) әулетінен шыққан б.з.б. 336 жылдан бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі.

Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн(«Қос мүйізді») аталыпты. Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кирқаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Ескендір осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Ескендір заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Ескендір жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Ариялық Александрия (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Маргиланиялық Александрия (қазіргі Байрам Али) Бақтра қаласының маңындағы Александрия, т.б.

Ескендірдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Ескендір жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Ескендірдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да ПарапамизустыКавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Ескендір жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Ескендірдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Ескендірдің абыройын артқыза түспек болған.

Дәл осындай қатені Ескендір тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірде Оксиартес деп те атаған.

Страбон осы жазушының қасақана жасаған қателігін анық дәлелдеп берумен қатар Сырдария өзенін Яксарт деген атаумен атап, Үндістан жерінен бастау алып, соғдылықтар мен көшпелі скифтердің шекарасы болып ағып жатқанын, бұл өзен Персия елінің қиыр шеті екенін әрі Ескендір күйреткен Кирополис қ-ның осы өзеннің бойында болғанын айтқан. Страбон өз еңбегінде көшпенді скифтердің негізгі тайпалары ретінде сақтарды, дайларды, массагеттерді айтады. Ал ПтолемейСырдарияны Яксарт деп атап, ол үш иеліктің – сақтар, соғдылықтар және скифтер жерін суландырып жатқанын дәлелдеп, Сырдарияның солтүстік бетін жайлағандар саны көп халық яксарттар еді дейді.

Осы бір дауларды шешуге өз үлесін қосқан, қызғыштай қорғаған орыс ориенталисі«қазақ тарихының Геродоты» аталып жүрген Алексей Ираклиевич Левшин осы жұмбақтарға мынадай үлес қосты.



Бақтрия мен Соғдыны жаулап алған Ескендірдің қадамын енді Сырдарияның бойынан сонау Еуропада жатқан Донның жағасына алып бару ешбір ақылға сыймайды.

Аррианның жазбалары бойынша жеңістен жеңіске жеткен Ескендір сол даңқтың буына мас болып, тек қана даңқ қосу үшін сақтарға жасаған жорығын Марақанда (Самарқан) қаласынан бастаған.



Квинт Курций өз жазбаларында жарақат алған Ескендір өзен бойынан аттанып Самарқан қаласына төртінші күнде жеткенін айтады (осы қашықтық Сырдарияның Шыназ төңірегіндегі өткелінен Самарқанға дейінгі қашықтықты меңзеп тұр).

Нақ осы Квинт Курцийдің тарихи поэмасындағы скиф елшілерінің (Левшин атауы) Ескендірге айтқан сөздерінен олардың елдерінің де, ордасының да қайда жатқанын анық меңзеуге болады.



Әрине, А.И. Левшин дәл осылай етіп, нақтылы тұжырым жасамаған. Ол өз еңбегінде («Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсацких орд и степей». А., 1996) Сырдарияның тарихына шолу жасағанда ежелгі және көне дәуір тарихшыларының еңбектеріне талдау жасап, әркім әр жаққа жүгіртіп жүрген өзеннің Сырдария өзені екенін дәлелдеуді мақсат еткен. Ал сол жазбаларға тереңірек үңіліп, сол кісі атаған еңбектердің бірқатарына көз жүгіртіп өтсеңіз дәл осындай тұжырым жасауға болады. Енді осы мәселе Ескендірдің Сырдариядан өтіп соғыс салуы мен сақтар жеріне тұңғыш рет әрі соңғы рет аяқ басуы туралы. Ал осы соғыс қай жерде өтті?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет