Ескермес Гаухар Филфак 202-топ Әл-фараби шығармашылығЫ



Дата07.02.2022
өлшемі14,35 Kb.
#82122
Байланысты:
111Әл-фараби..Ескермес


Ескермес Гаухар
Филфак
202-топ
ӘЛ-ФАРАБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1. Әбу-Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы.
2. Әбу-Насыр әл-Фарабидің еңбектері.
3. әл-Фараби – әдебиетші, ақын.
Әбу Насыр әл-Фараби – энциклопедист ғалым, философ, математик,
музыка теоритигі, әдебиет зерттеушісі, ақын. әл-Фараби 870 жылы Қыпшақ
даласындағы Отырар қаласында әскери қызметкердің отбасында өмірге
келген. әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ
Тархани деп айтылады. Жастайынан асқан зерек, оқу-білімге мейлінше
құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тілінде
алады.Отырар медресесін бітірген соң, әл-Фараби өз білімін арттыра түсу
мақсатымен сол кездегі ғылым мен мәдениет ошағы саналған Шам шаhарына
аттанады.
Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдат қаласында өткізеді.
Фарабидің "Ақылдың мәні" туралы трактат, "Данышпандылықтың інжу
маржаны", "Ғылымдардың шығуы", "Философияны оқу үшін алдымен не
білу керек?", "Аристотель еңбектеріне түсіндірме" сияқты зерттеулері оның
есімін әлемге философ ретінде танытты.
Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген
ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика,
астрономия, медицина, музика, тіл білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым
салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның
көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте
жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған
соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ.
Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер
117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал совет ғалымы Б. Ғафуров 200
трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің
заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық
шығарма деуге болады. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі-ақ әлФарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын
болғанын толық дәлелдейді.
әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»
атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз
етеді. Мұндағы «қала» деп отырғаны - мемлекет. Ғалым бұл шығармасында
мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала
халқының моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік
қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп
тіршілік етуі керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады.
Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті еді. Сондықтан ол халық бақытты өмір
сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім - әділ,
инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар,
жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам
болуы тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар
қояды.
Әбу Насыр әл-Фараби - өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Бұл
жөнінде әл-Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген
Шығыстың көрнекті ақындары, әдебиетшілері және тарихшылары көптеген
мәліметтер жазып қалдырған. Мәселен, белгілі араб тарихшылары Ибн Аби
Усайба және Ибн Халликон өздерінің еңбектерінде әл-Фарабидің араб,
парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірген.
Кезінде араб тарихшысы Ибн Халликон жазып қалдырған Фараби
бәйіттерінің бірнеше шумағын жолма-жол аударып беруді жөн көрдік:
Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние - біз мәңгі тұратын мекен-жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады.
Адамдар әлде құмға түскен із бе екен?
Біз соншалықты дәрменсіз болғанымыз ба?
Бір рет самал соқса-ақ бәріміз
Мына өмірден ұшты-күйді жоғалып кетеміз бе?...
Кейінгі жылдарда Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырда жасаған
ұлы адамдары туралы зерттеулер көбейе бастады. Қазақстан ғалымдары да
бұл салада айтарлықтай бетбұрыстар жасап отыр. Қазақстан Ғылым
Академиясында әл-Фараби мұраларын зерттеушілер тобы ғалым мұрасын
жариялау, зерттеу ісіне қызу атсалысты. Олар: Ә.Марғұлан, А.Машанов,
А.Көбесов, Р.Бердібаев т.б. ғалымдардың әл-Фараби туралы зерттеулері
ғылымда баға жетпес мұраларға айналуда.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. әл-Фараби шығармалырының идеялық мазмұны
2. әл-Фарабидің ел билеушілерге қойған талаптарының қоғамдағы
маңызы
3. әл-Фараби туралы зерттеулердің бүгінгі жайы
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: «Санат», 2006
2. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: «Атамұра», 2005
3. Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1996

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет