Ескерту: Дәріс материалын хронологиялық көрсеткіш ретінде дәптерге жазыңыз



Дата11.05.2020
өлшемі23,38 Kb.
#67150
Байланысты:
Қазақ әдебиеті (2-тақырып) - ҚТжӘ-21


02.04.2020 ж.

Тайыр Жароков өмірі мен шығармашылығы
ЕСКЕРТУ: Дәріс материалын хронологиялық көрсеткіш ретінде дәптерге жазыңыз.
Тайыр Жароков (1908–1965) – 28 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жетібай ауылында туған. Атасы Малтақан қара сөзге шешен, реті келген жерде бірекі ауыз өлең шығара алатын кісі болыпты. Алғаш білімді ауылда ашылған бастауыш мектепте алып, оны 15 жасында бітіріп шығады.

1923-1927 жж. Орынборда қазақтың халық ағарту институтында, 1928-1932 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, 1934–1935 жж. Ленинградтың тарих, философия және әдебиет институтының аспирантура бөлімінде оқиды.

1932–1933 жж. жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы, 1933–1934 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары, 1938–1942 жж. халық ақыны Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде әскер қатарында болды.

1946–1965 жж. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы» баспасы») жауапты қызметтер атқарды.

Алғаш өлеңдер жинағы «Жұлдыз жарығы» деген атпен (1932) басылып шықты. Әр жылдарда «Нефстан», «Коммунизм таңында» (1933), «Мотор жыры», «Күн тіл қатты» (1934), «Мұз тұтқыны» (1935), «Тасқын» (1937–1949), «Отан дауысы» (1938), «Нарын» (1935), «Тастағы жазу» (1940), «Совет сұңқарлары» (1942), «Бақыт жырлары», «Жапанды орман жаңғыртты» (1949), «Костер басында» (1952), «Қырда туған құрыш» (1954, 1955, 1956), «Жыр қанаты» (1956), «Құмдағы дауыл» (1958), «Тау жырлайды» (1962), «Теңіз баласы» (1963), «Тасқынға тосқын» (1965) атты кітаптары жарық көрді. Шығармаларының екі томдығы (1958–1959), таңдамалыларының төрт томдығы (1972–1975) және бір томдығы (1951–1978) басылды.

Пушкиннің «Цыгандар», «Кавказ тұтқыны», «Коломнадағы кішкене үй», «Ағайынды қарақшылар», Лермонтовтың «Черкестер», Грибоедовтың «Ақылдың азабы», М.Алигердің «Зоя», т.б. туындыларды аударған. Бірнеше ордендермен марапатталған.

1923-1927 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында

1928-1932 жылы ҚазПИ-де

1934-1935 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған.

1932-1933 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетітінің хатшысы

1933-1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы

1936-1938 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары

1938-1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1946-1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы» баспасы) жауапты қызметтер атқарды.

Ақынның шығармашылығы:

Ақынның алғашқы өлеңдері

«Аэроплан»

«Күлімдейді күміс күн де» 1927-1928 жылы жарияланды.

Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы

«Жұлдыз жарығы» деген атпен басылып шықты.

«Нефстан»

«Мотор жыры»

«Күн тіл қатты» (1934)

«Мұз тұтқыны» (1935)

«Тасқын» (1937, 1949)

«Нарын» (1935)

«Тастағы жазу» (1940)

«Бақыт жырлары»

«Жапанды орман жаңғыртты» (1949)

«Қырда туған құрыш» (1954, 1955, 1956)

«Жыр қанаты» (1956)

«Құмдағы дауыл» (1958)

«Тау жырлайды» (1962)

«Теңіз баласы» (1963)

«Тасқынға тосқын» (1965), т.б. кітаптары жарық көрді.

Ақынның таңдамалы шығармаларының 1958-1959 жылы екі томдығы

1972-1975 жылы төрт томдығы

1951-1978 жылы бір томдығы басылды.

Тақырыптары

Тайыр Жароков, әсіресе, саяси-әлеуметтік лириканың шебері. Ақын поэзиясына өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, оны публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен шабыттана жырлау тән. «Күн тіл қатты» поэмасында кеңес ұшқыштарының 1934 жылы 22 км биіктікке көтеріліп, дүниежүзілік рекорд жасаған ерлігін романтикалық қуатпен шаттана жырлады. «Тасқын» поэмасында 1921 жылы Алматыда болған су тасқынын суреттей отырып, «Қайсар мен Жамал» секілді қарапайым жастардың бейнесін типтік дәрежеде жасай білді. Ақын бұл тақырыпқа кейін қайта оралып, «Тасқынға тосқын» (1965) поэмасын жазды. Бұл шығармалар тек Жароков шығармашылығының ғана емес, қазақ поэзиясының елеулі табысы ретінде бағаланды. 1940 жылы жазылған «Нарын» поэмасында ақын тарихи өлкенің өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып жыр төгеді. «Қырда туған құрыш» поэмасы Қазақстан магниткасы-Теміртауға арналған. Ақын қазақ өлеңі өрнегіне өзіндік өзгерістер әкеліп, жаңашыл ақын атанады.

Аудармалары

Т. Жароков аудармашылық өнермен де айналысты. Ол А.С. Пушкиннің «Цыгандар», «Кавказ тұтқыны», «Коломнадағы кішкене үй», «Ағайынды қарақшылар», «Граф Нулин», «Қысқы кеш», «Қысқы ертеңгілік», М.Ю. Лермонтовтың «Черкестер», «Қылмыскер», сондай-ақ, Ш.Руставелидің, Т.Шевченконың, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, М. Алигеридің, А.Сурковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.


Тапсырма: «Тасқынға – тосқын» шығармасының фабуласын жазу (қысқаша мазмұны)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет