Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ әдебиетінің тарихын жасау туралы» мақаласы



Дата07.02.2022
өлшемі58,82 Kb.
#88087
Байланысты:
Есмағамбет
Авторы песни

Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ әдебиетінің тарихын жасау туралы» мақаласы
Е.Ысмайылов табан аудармай, тыңғы­лықты зерттеген жанрдың бірі – қазақ­тың батырлық жыр­лары мен тарихы жырлары. Жоғарыда ай­тылған «Шора батыр туралы» мақаласынан кейін, 1939 жылы «Батырлар жыры туралы» деген іргелі зерттеуін жазды. Баспа мүмкін­ді­­­гінің жетіспеушілігінен бұл еңбек те жарық көрмей, қол­­­жазба күйінде қалды. Бұл еңбе­гін­де ғалым қа­­­зақтың батырлар жырын мынадай топқа бөледі: 1. «XIV ғасырға дейінгі қаңлы-қып­­шақ за­ма­нының батырлар жыры»: «Ер Төстік», «Құ­лам­ерген», «Аралхан», «Кө­­­р­­­ұғлы», «Боз­ұғ­лан», «Алпамыс», т.б. 2. XIV-XVI ғасырлардағы ноғайлы за­­­ма­­­ны­­­ның батырлар жыры: «Едіге», «Қо­­­бы­ланды», «Орақ – Мамай», «Шора», «Ер Тар­ғын», «Ер Көкше», «Бөген б­а­­тыр», «Ер Сай­ын», т.б. 3. XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-қал­­­мақ арасының қарым-қатынасына бай­­­­ланысты ту­ған батырлар жыры: «Ес­­­­ім­­­хан», «Бөгенбай», «Қабанбай», «Олжабай», «Арқалық», «Алатай», «Қаратай», т.б. 4. XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына байланысты батыр­­­лар жыры: «Сырым», «Кенесары – Нау­­­рызбай», «Исатай – Махамбет», «Бекет», «Жанқожа», «Ағы­бай», «Сұраншы», «Сыпатай», т.б. Эпикалық жырларды зерттегенде Е.Ыс­майылов, әсіресе, тарихи жырларға көп көңіл бөледі. Ол Жамбыл жырлаған «Сұраншы ба­тыр» туралы мақаласын 1938 жылы жазып, жариялайды. Қазақ халқының эпостарын, тарихи жыр­ларын зерттеуге арналған моно­­­гра­­­фиясын аяқ­тау кезеңінде академик В.Жирмунскиймен ой бөлісіп отырғанын талай көрген едім.
Е.Ысмайылов XVIII-XIX ғасырлар­да­ғы жау­гершілік заманда туған, қазақ хал­қының сырт­қы жауларға қарсы күресін бейнелейтін халық поэзиясын да ұзақ жылдар зерттеп, «Тарихи жырлар» атты монографиялық зерттеу жазды. Автор мұнда тарихи жырлардың жанр­лық ерекшелігін анықтайды. Оның басқа ба­тыр­­­лар жырынан айырмашылығы – тарихи оқиғаны немесе кейіпкерді нақты фактілер негізінде суреттейтіндігін атап көр­­се­теді. Алайда, мұндай жырлардың нақ­ты деректерден, оқи­ғалардан алшақтап кететін тұстары да бо­лады. Бұл ақынның шығармашылық қиялына, көздеген идея­лық мақсатына байланысты дейді ғалым. Е.Ысмайылов тарихи жырларды төрт ке­зең­ге бөліп зерттеуді қажет деп таба­­ды. Бірінші – орта ғасырлар, екінші – XVIII ғасыр, үшінші – XIX ғасыр, төр­тінші – XX ғасыр көлемінде туған шы­ғармалар.
Ол өзінің 1939 жылы жазған «Батырлар жыры туралы» деген мақаласында эпикалық дастандарды әзір­леу мәселесіне тоқ­та­лып, осыған ұқ­­­сас пікір ұсын­­­ғанын жоғарыда айт­қанбыз. Сөз бо­лып отырған соң­ғы зерттеуінде әр дәуірдің тарихи жырларына тоқталып, оған ғылыми сипаттама береді. XVIII ғасырдан бергі жыл­дардың кей­біреулерінің ав­тор­лары да ұмы­тылмай, ел ау­зын­­­да сақталған. Олар­дың нұсқа­ла­ры көп емес. XIX ғасыр­­­да туған тарихи жырлардың көп­­­шілігі патша өкі­метінің отар­шыл­дық саясатына қарсы халық кө­терілісінің сырын шертеді. Кейбір жыр­ларда қазақ әйелдерінің де әлеуметтік іске, ерлік оқиғаларға араласа бастағаны көрініс береді. Ғалым XIX ғасырдың ақыры мен XX ғасырдың басындағы тарихи жырларға ерекше мән берген. Бұл қазақ даласында Ресей импе­риясының отаршылдық, қа­нау­шылдық саяса­тын күшейте түскен, аштық, жұт апаттары арқаға аяздай бат­қан, оның үстіне 1905 жылғы төңке­рістің, орыс-жапон соғысының, бірінші империалистік соғыстың зардабы елді күй­зелт­кен қауырт кезең еді. Бұған 1916 жылғы оқиға келіп ұласты.
Қазақстан Орталық комитеті 1947 жы­лы 21 қаңтарда «Қазақ КСР Ғылым ака­­­де­мия­сының Тіл және әдебиет инс­­ти­туты жұмы­сындағы өрескел саяси қа­теліктер туралы» қаулы қа­былдап, онда Кенесары бастаған көтерілісті дәріптеген жырларға қарсы пікірлер айтыл­ғаны белгілі. Осыған байланысты Есағаңның бас­паға дайын­даған «Қазақ әде­биеті тари­хының» фоль­­­к­­­лорға арналған алғашқы томы­ның қол­жазбасына едәуір тү­зе­тулер енгізіледі. Авторлар ұжымы жазған бұл қолжазба келесі жылы кітап болып басылып шықты. «Та­рих­тағы Кенесары – Наурызбай тура­лы тарихи жыр-әңгі­ме­лер» жөніндегі та­раудың авторы Е.Ыс­майылов жоғарыда аталған қатал қау­лы­ға қарамастан, көте­рілісті және ол тура­лы тарихи жырларды әділетті бағалауға тырысты.
Сол еңбегінде Е.Ысмайылов: «XIX ғасыр­дың алғашқы жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы кү­рес­терінің ең бір іргелісі Кенесары Қа­сымұлы бастаған халық көтерілісі еді. Он жылға созылған (1837-1847) бұл кө­те­ріліс қазақтың әлеуметтік тарихынан қандай зор орын алатын болса, ауыз әдебиеті тарихынан да ерекше орын алады» деп жазады. Әрине, мұндай батыл тұжырым жасау идео­логиялық жағдай ушығып тұрған ондай уа­­­қытта үлкен ғылыми ерлік еді. Ғалымның қазақ фольклоры мен әдебие­ті тарихындағы осындай әділ де батыл пікірлері кейін оны «ұлтшыл» деп ай­ыптап, қамауға алуға себеп болды.

Əдебиет тарихын ғылыми негізде дəуірлеу — оның белгілі бір ғасырларының тұтас көркемдік бағыт-бағдарын зерттеу мəселесімен сабақтас. Бұл орайда ХХ ғасырдың 40-жылдары жарық көрген оқулықтардың ғылыми сипатын еселеген өзекті мəселелер ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті тарихының нақты зерттеу нысанына алынуы. Осы жағынан келгенде Е.Ысмайыловтың 1941 жылы жарық көрген «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» оқулығы үлкен мəнге ие. Ғалым еңбегі қазақ əдебиетінің даму жолын көркемдік əдіс, əдеби бағыт бойынша қарастыруда тың қадам жасады. Əсіресе арнайы зерттеуге алынбай келген XX ғасыр басындағы əдебиеттің көрнекті өкілдерін талдауы олардың шығармашылығын көркемдік ерекшелігіне сай «сыншыл реализм əдебиеті» жəне «демократияшыл əдебиет» деп екіге жіктеуі назар аудартады.


Атап айтқанда, көркемдік əдіс пен əдеби бағыт тұрғысынан ақын-жазушылардың шығармаларын жүйелеп, жіктеп талдауы əдебиет тарихын дəуірлеудегі озық əдіснамалық тəжірибелердің қазақ əдебиеттануындағы ұштастыра қолдану талабындағы ғылыми принциптердің өз табиғатынан таза ажырап кетпегендігін дəлелдей түседі. Е.Ысмайыловтың: «Қазақ əдебиетінде сыншыл реализм Асанқайғы, Бұқар жыраудан басталып, Шортанбайдың заманында толық қалыптасты» [5; 6], — деген көзқарасынан, біріншіден, жазба əдебиеттегі сыншыл реализм көрінісінің табиғатын көрсетуді діттеуін, екіншіден, қазақ əдебиеті тарихының бастауы Асанқайғыдан, яғни, XV ғасырда жатыр деген ойдың ұшқынын аңғарамыз. Ал «Қазақтың демократияшыл əдебиетінің негізі — фольклорда» дегенінен көркемдік дамудағы тарихи сабақтастықты байыптаған зерттеушілік танымы танылады.


Еңбектің «Сыншыл реализм əдебиеті» жəне «Демократияшыл əдебиет» атты екі бөлімі ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің даму үрдісін тануға мүмкіндік береді. «Сыншыл реализм əдебиеті» жігінде Н.Орманбетұлы, О.Қарашев, Н.Наушабаев, «Демократияшыл əдебиет» жігінде М.Ж.Көпеев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев шығармашылығы талданған.

«Сыншыл реализм» терминін зерттеуші көркемдік əдіс жəне де шығарма тақырыбының идеялық түп қазығы тұрғысынан қарастырады. Мысалы, «Сыншыл реализм əдебиеті өкілдері кең қонысты, тыныштық дүниені іздегенде, арман қылғанда, кейде əсіресе бастапқы кезде жазған шығармаларында көшпелі мешеу заманды да аңсап кетеді. Жақсылықты, кеңшілік дүние — өткен заманда, артта қалды-ау дегендей кейін қарап бір күңірінеді, сонау өрісі кең байқау жайлауға көз жіберіп, мұңаяды. Бірақ Омар, Нарманбет жəне Мəшһүр Жүсіп ескі көшпелі, мешеу ауылдың бейнелерін кейде аңсай жырлағанмен оны нысана етіп, тұрақтап қалмайды» [5; 13], — деп заманға сай ілгерлеу жолын нұсқағандарын айтады. Бұл жерде ғалым аталған ақындар шығармашылығында ұлттық дүниетанымнан жəне дəуір тынысынан туындаған қайшылықты байыптаса керек. Ал демократияшыл əдебиеттің негізгі сарыны «əлеуметтік ұран, халықты ояту мотивтері, бірақ бұдан жалаң үгіт түрінде деген қорытынды тумайды, өрістеген жаңа əдебиет, оның ішінде əсіресе поэзияда Абай бастап биік шыңға көтерген үлкен мəдениетті меңгеру жəне орыс əдебиетіне бұрынғыдан да жақын біте қайнаса араласу бет алысы үлкен орын алады. Шығармалардың сюжеті байып, əлеумет өмірін жырлаудағы мотивтер бүкіл халықтың аузындағы ұранға айналды, ұлт-азаттық қозғалысының ұраны жырланатын болды» [5, 40], — деп осы бағыттағы шығармалардың тақырыптық-идеялық арнасын көрсетеді.


Е.Ысмайылов еңбегін қарастырған зерттеушілер «сыншыл реализм əдебиеті» мен «демократияшыл əдебиет» деп жіктеулерінде айқындық жетіспейтінін, «сыншыл реализм» терминін көркемдік əдіс тұрғысынан емес, идеялық нысана тұрғысынан түсініп ғылыми қателікке ұрынған деп қарастырады.


Сонымен қатар зерттеуші еңбегінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің әдебиетте көрініс табуына ерекше мән берген. Ғалым ұлт-азаттық көтеріліске байланысты өлең-жырларды тақырыбына орай жіктеп, топтарға бөліп, олардың жанрын анықтап, алғаш рет ғылыми жүйеге түсіреді. Бұл 1916 жылғы әдебиетті зерттеудегі тұңғыш талпыныс болатын. Кейіннен ол ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің үлкен бір саласына айналды. Өршіл рухқа толы "Бекболат" поэмасын алғаш ел аузынан жазып алып зерттеген Е.Ысмайылов. Зерттеуші шығарманың авторы ретінде Иса Дәукебаев деген ақынды атайды. Жырды жарыққа шығаруды мақсат тұтқан Е.Ысмайылов ел аузында жүрген қарапайым жыр үлгісіндегі дастанның көркемдік сипатын, ондағы отансүйгіштік рухты, отаршылдыққа қарсы күрестегі мұқалмас қайрат-жігерді, ұлтқа тән қаһармандық қасиеттерді танып, түрлі нұсқаларын салыстыра отырып, бір арнаға түсірген. Кенесары сияқты хандарды, Наурызбай сынды батырларды ұлт-азаттық күрестің басшысы ретінде бағалаған, олардың көркем бейнесі жасалған шығармаларды мадақтаған ғалым "теріс пиғылды ұлтшыл" атанған еді. Әдебиет өкілдерін ұлықтаған еңбегі нәтижесінде 1947 жылы партиядан шығарылып, 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жылымық заманның тууына орай ғалымның еңбегі 1954 жылы 12 маусымда ақталды.
М. Жолдасбеков, Қазақ әдебиетінің еңбек торысы
Т. Кәкішев, Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы
А. Жұмағұлов, Қазақ әдебиетін дәуірлеудің ғылыми тәжірибесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет