Эссе «Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі» Қазақ музыка өнері



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі21,11 Kb.
#87031
1   2   3
Байланысты:
ЕРЖАН ЭССЕ

Қазақстандағы театр өнері
ХХ ғасырдың 1 жартысында Қазақстан мүсін, графика, театр, кино, музыка және т.б. өнердің жетекші салалары дамыды. Өнердің дамуына халық бұқарасы да зор үлес қосып отырды. 20-30 жылдары Қазақстанда төл кәсіби өнерпаздар өсіп жетілді. Өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекеттерінің өзіне тән ерекшеліктері мен дараланатын формалар ежелден қалыптасқан. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді: мүсін, көркем әдебиет, театр, кино өнері өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері оларды суретшілердің ішкі идеялық-сезімдік толғаныстар арқылы береді.ХХ-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары Орт. Киностудиялардан Қазақстан өміріне аталған көркем фильмдер шықты. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясында жасалған «Амангелді» фильмінде қазақ елінде Кеңес үкіметін орнату жолындағы еңбекшілердің ерлікке толы күресі бейнеленеді. 1942 ж. «Мосфильм» және «Ленфильм» қосылып, Орталық біріккен киностудия (ОБКС-ЦОКС) деген атпен жұмыс істейді. Ұлттық кино өнері шеберлерінің Эйзенштейн, Пудовкин, Райзман, Бошаль, Вертов сынды орыс кино қайраткерлерімен шығармашылық бірлікте болуы қазақ киносының жаңа белеске көтерілуіне үлкен жәрдем тигізді. Қазақ халқының өмірін бейнелейтін фильмдер туды. Яғни, «Ақ гүл», «Алып туралы аңыз», «Домбыра сайрайды», «Абай әні», т.б. туды. 1944 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы бірікті. Ол 1960 жылдан «Қазақфильм» киностудиясы атанды. «Қазақфильм» тақырып пен жанр жағынан әр алуан 100-ге жуық көркем фильмдер және 300-дей деректі фильмдер шығарды. Қазақ кино өнерін дамытуда актер әрі режиссер Ш. Айманов зор еңбек сіңірді. Режиссерлер Әбішев, Бегалин, Қожықов, Қарсақбаев, Қайдаров, Бейсембаев, Қ.Ә.Әбусейітов, Емельянов, О.У.Зекки, И.Н.Верещагин; операторлар М.Ф.Аранышев, А.Т.Ашрапов, А.А.Колесников, М.Сағымбаев т.б. жемісті қызмет етті. Мультипликациялық фильмдер шығару қазақ кино өнерінің маңызды бір саласына айналды. 1968-1970 ж. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Айналу», «Ақсақ құлан», «Қазына» т.б. фильмдер жарық көрді. 1926 жылы 13 қаңтарда –Қызылордада тұңғыш қазақ тетры ашылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет