Эстафеталық жүгіріс Жоспары: Эстафеталық жүгіруге оқыту және жаттықтыру. Эстафеталық жүгіру түрлері



Дата07.02.2022
өлшемі23,43 Kb.
#92001
түріБағдарламасы
Байланысты:
07.11.20. Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі. Эстафеталық жүгіріс



Эстафеталық жүгіріс
Жоспары:
1. Эстафеталық жүгіруге оқыту және жаттықтыру.
2. Эстафеталық жүгіру түрлері:
3. Эстафета таяқшасын беруге және қабылдауға үйрену.
Эстафеталық жүгіруге оқыту және жаттықтыру
Эстафеталық жүгіру бірнеше адамнан құрылған команданың жүгіруі. Стадионда өтетін эстафеталық жүгіру қысқа және орта қашықтыққа бөлінеді: (4х100 м. 4х400 м.) халықаралық және олимпиядалық жарыстар бағдарламасына енген.
Жүгірудің эстафеталық түрінің қашықтықтары:
4х-100м, 4х-200м, 4х-400м, 4х-800м, 4х-1500м
Әйелдер үшін эстафеталық жүгіру қашықтықтары:
4х-100м, 4х-200м, 4х-400м, 4х-800м; 
Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезекпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см, диаметрі 3-4 см болатын эстафеталық таяқшаны алады.
Жүгіруші жүгіріп болғаннан кейін таяқшаны өз командасының кезекте тұрған жүгірушіге береді. Қатарда тұрған жүгірушілер біткенше жүгіру осылай жалғаса береді.
Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру ара қашықтығы 20 м.
Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10 м екпінмен жүгіреді, бұл ең жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар: эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру.
Эстафеталық таяқшаны беруші, қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен қабылдаушы жылдамдықты төмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен түрде артқа қозғалып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап, таяқшаны қабылдауға даярлайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса жақсы нәтежеге жетер еді, бірақ мұндай таяқшаны қабылдау көп жаттығуды талап етеді.
Эстафеталық жүгіру түрлері
Қарсы жүгіру эстафетасы. Қарсы жүгіру эстафетасы неғұрлым жеңіл келеді, мұнда белгілі бір команданың жүгірушілері теңдей екі топқа бөлініп, әрбір қатынасушының жүгіріп өтуіне тура келетін қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Жүгірушілер орналасқан орынға, сырыққа жалауша ілініп қойылады. Сырықтың биіктігі 150 см-ден 180 см-ге дейін болады. Бірінші жүгіруші оң қолымен эстафеталық таяқшаның бір ұшынан ұстап, екінші жүгірушіге қарсы алға қарай аласа немесе биік сөреден жүгіруді бастайды. Екінші жүгіруші оң қолын алға қарай созып, жалаудың сол жағында тұрады. Екінші жүгірушіге екі-үш адым қалғанда эстафеталық таяқша бар оң қолын алға қарай созады. Кезекте тұрған жүгіруші жалаудың сол жағынан жүгіріп өтіп, эстафеталық таяқшаны оның қолынан алады.
Шеңбер бойынша эстафета. Бұл эстафетада барлық жүгірушілер бір бағытта жүгіреді. Кезекте тұрған жүгіруші жүгірушіге бет жағын емес, арқа жағын қаратып тұрады. Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. Эстафетаны жиырма метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденең сызылған анық көрінетін екі сызықпен белгіленеді. Ақырғы спортшы жарыс жолын аяқтайды.
Эстафета таяқшасын беруге және қабылдауға үйрену
1. Эстафеталық жүгіруді үйретпестен бұрын қысқа қашықтыққа жүгіру әдісін үйренгеннен кейін эстафеталық жүгіруді үйреткен дұрыс. Оқытудың басты мақсаты дұрыс және белгіленген ара қашықтықта кідірмей тұра беру болып табылады. Мысалы:
1. Эстафеталық жүгіру әдісін көрсету, түсінік беру тәсілдері.
2. Эстафеталық жүгіру туралы түсінік беру.
3.Эстафеталық таяқшаны 20 м аралық жоғарғы жылдамдықта көрсету, түсініктеме жасау.
2. Әйгілі желаяқтардың эстафеталық таяқшаны қабылдау тактикасын кино құжаттары арқылы көрсету, түсіндіру. 
Мысалы:
1. Эстафеталық таяқшаны беру әдісін үйрету, тәсілдері.
2. Эстафеталық таяқшаны төменнен беру әдісін түсіндіру. Орнында тұрып эстафеталық таяқшаны оң қолмен беруді үйрету. Қол жүгіріп келе жатқандай қозғалыс жасайды.
3. Қозғалыс кезінде оқытушының даусымен таяқшаны беру.
Мысалы: эстафеталық таяқшаны қабылдаушының старттан жүгіріп шығуды үйрету.
Тәсілдер:
1. Бір қолды жерге тіреп старттан жүгіріп шығу 15-20м ара қашықтықта.
2. Бір қолды жерге тіреп старттан жүгіріп шығып жеке жолдың бұрлысынан кіру.
3. Старттан жүгіріп шығып жеке тік жолмен жүгіріп, жолдың бұрлысына кіру.
Топтық эстафеталық жұмыс мақсаты: басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау болып табылады.


Тапсырмалар:

  1. Берілген дәрісті оқып шығыңыздар.

  2. Берілген тақырыптардың негізінде тест құрастырыңыздар (15 cұрақ):

  1. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы. Сөре және мәре.

  2. Эстафеталық жүгіріс 4х60м, 4х100м

  3. Орташа жылдамдықпен жүру арқылы эстафета таяқшасын беру әдістері.

  4. Жеңіл атлетика спортының қазіргі жағдайы

  5. Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуы

  6. Қимыл- қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Жүру мен жүгіру.

  7. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

  8. Орта және ұзақ (алыс) қашықтыққа жүгіру әдістерінің негізі.

  9. Эстафета таяқшасын төменнен және жоғарыдан беру. Әртүрлі эстафеталық қашықтықтарға жүгіру 4х100м, 4х200м, 4х400м.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет