Есте сақтау түрлерін зерттеу



бет1/4
Дата17.04.2022
өлшемі56 Kb.
#139688
  1   2   3   4

  1. Есте сақтау түрлерін зерттеу.

Орындалу барысы:
Зерттелуші оқушыларға рет-ретімен есте сақтаулары үшін 4 топтағы сөздер беріледі.
Эксперимент жүргізуші бірінші қатардағы сөздерді ретімен, арасына 4-5 сек. салып оқиды (дыбыстық есте сақтау). 10 сек. соң оқушылар есте сақталған сөздерді жазады. 10 мин кейін экспериментатор екінші қатардың сөздерін тақтаға жазады. Оқушылар үнсіз оқып, соңынан есте қалғандарын жазады (көріп есте сақтау). 10 мин. соң зерттелушілерге үшінші қатардың сөздері беріледі: зерттеуші сөздерді оқиды, ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап, саусақтарымен ауаға жазады, содан соң есінде қалғандарын қағаздарына түсіреді (моторлық-дыбыстық есте сақтау). Аз ғана үзілістен соң төртінші қатардағы сөздер беріледі. Бұл жолы мұғалім тақтада жазылған сөздерді оқиды, ал оқушылар әр сөзді сыбырлап қайталайды. Содан соң есте қалған сөздерді қағазға түсіреді (көріп-есту-моторлық есте сақтау).
1-4 сыныптарға -10 сөз.
5-6 сыныптарға - 12 сөз.
7-8 сыныптарға - 15 сөз.
9-11 сыныптарға - 20 сөз беріледі.
Нәтижелерді өңдеу:
Есте сақтау түрінің коэффициентін есептеп (С), оқушыда есте сақтаудың қай түрі басымырақ екенін анықтауға болады:
С═А*100% / В, мұндағы А – дұрыс жазылған сөздердің саны.
В – берілген сөздердің саны.
Зерттелушінің қай қатардағы сөздерінің саны бірлікке (100%) жақын болса, зерттелушіде жадының сол түрі жоғары дамыған.
Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі оқу материалын жақсы есте сақтап қалу үшін сыныпта жадының қай түрі басымырақ екенін анықтап алу керек. Бұл үшін жадының әрбір түрінің жалпы коэффициенті есептеледі.
К ═С+ С + С + С /n, мұндағы С ...С- есте сақтаудың берілген түрінің жеке көрсеткіштері.
N –зерттелушілердің саны.
«Есте сақтаудың түрін зерттеу» әдістемесіне материал.

1

2

3

4

Дирижабль
Шам
Алма
Қарындаш
Найзағай
Үйрек
Шеңбер
Диірмен
Тоты құс
Қағаз
Сиыр
Орман
Құбыр
Күн
Үстел
Қылық
Велосипед
Арман
Үшбұрыш
Дәптер



Кеме
Ит
Парта
Етік
Табақ
Қалаш
Тоғай
Саңырауқұлақ
Әзіл
Шөп
Сабын
Автомобиль
Сурет
Банан
Кілем
Тығын
Сумка
Өзен
Құмыра
Түйреуіш



Ұшақ
Шәйнек
Көбелек
Аяқ
Бөрене
Май шам
Парта
Журнал
Бағана
Медаль
Әріп
Қаламұш
Желкенді кеме
Қару
Жіп
Барабан
Орындық
Шәйнек
Қоңырау
Ми

Қасқыр
Бөшке
Коньки
Самауыр
Ара
Ескек
Жұмбақ
Серуен
Кітап
Трактор
Сенім
Қабілет
Жаттығу
Түр
Көз
Көзәйнек
Түтін
Патша
Ән
Көмір




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет