Естің негізгі процестері мен механизмдері


Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негіз өлшемдерге сәйкес жіктеледі



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#83879
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СОӨЖ

Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негіз өлшемдерге сәйкес жіктеледі:

  •  іс-әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі
  • іс - әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі
  • материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
  • Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар мен олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі адамда анық кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды.
  • Бейнелі ес- бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипау сезу, иіс, дәм сезу болып бөлінеді. 
  • Эмоциялық ес - бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.
  • Қыска мерзімді ес - материалды белгілі аз кезеңге есте сақтайтын шектеулі ес. Қысқа мерзімді естің ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен қүбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
  • Ұзақ мерзімді ес- салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады.Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне қарай есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет