Етеккір циклінің бұзылуы Етеккір қызметі



бет2/5
Дата14.06.2022
өлшемі30,72 Kb.
#146529
1   2   3   4   5
Байланысты:
Етеккір
Лаб СРС 1 Информация, biologiya-pnnen-8-synypa-arnalan--tosan-zhiynty-baalau-tapsyrmalary, Пр 6, 1, Контент-анализ «Этнодемографические изменения в Казахстане по м, Контент-анализ «Этнодемографические изменения в Казахстане по м, Стандарттар ГОСТ 28147-89, а
Физиологиялық патологиялық
Аменорея Физиологиялық – физиологиялық жағдайға байланысты етеккірдің болмауы (жүктілік, менопауза, лактациялық аменорея, жыныстық жетілуге дейінгі уақыт) Патологиялық – организмнің патологиялық жағдайына байланысты дамиды
Жалған – бұл орталық нерв жүйесі – гипоталамус – гипофиз – аналық без – жатыр жүйесінде циклдік өзгерістер болуына қарамай етеккірлік қанның сыртқа шықпауы. Қан қынапта, жатырда, жатыр түтігінде жиналып қалады. Себебі, механикалық кедергіден өте алмайды. Мұндай жағдай гименнің атрезиясында, қынап аплазиясында кездеседі Нағыз - бұл орталық нерв жүйесі – гипоталамус – гипофиз – аналық без – жатыр жүйесінде патологиялық өзгерістерге байланысты болады

Аменорея Біріншілік – етеккірдің 15-16 жаста болмауы Екіншілік – бір рет болсада етеккірі келгеннен кейін, етеккірдің 4 ай ж/е одан жоғары уақытқа кідіруі
Біріншілік аменорея Аналық без патологиясына байланысты: Гонадалардың дисгенезиясы типті формасы Шерешевский-Тернер синдромы Гонадалардың дисгенезиясы таза формасы Свайер синдромы Гонадалардың дисгенезиясы аралас формасы


Шерешевский-Тернер синдромы Бұл Х-хромосоманың болмауынан жыныс мүшелерінің құрсак ішілік жетілуінің барысында туа пайда болған бұзылыс, яғни кариотип 45ХО. Бұл патологияда жатыр, жатыр түтігі, қынап болады, ал аналық без орнына дәнекер тканнен тұратын түзіліс болады
Шерешевский-Тернер синдромы Науқастардың бойы аласа, салмағы аз ж/е екіншілік жыныстық жетілу белгілері болмайды. Мойнында қанат тәрізді қатпарлар байқалып, денесінде меңдер көп болады. Сонымен қатар кеуде пішіні бөшке тәрізді, шаштың өсу шекарасы төмен орналасқан. Осы аталған белгілердің барлығы дисэмбриогенез белгілері болып табылады
Свайер синдромы Бұл гонадалар агенезиясымен сипатталатын жатырішілік жыныстық жетілудің барысында туа пайда болған бұзылыс. Гонадалар фиброзды түзіліс ретінде дамиды. Кариотип 46ХХ немесе 46ХУ болады. Бойы мен салмағы қалыпты немесе ұзынбойлы. Етеккір мен сүт безі дамымаған ж/е түктенуі нашарлап. Жатыр гипоплазиясы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет