Етеккір деп аталады. Етеккірдің кезеңді түрде келуі жыныс жүйесіндегі және бүкіл организмдегі күрделі көптеген циклды өзгерістермен байланысты. Сондықтан әйел организмінде өтетін циклды процестер кешені етеккір циклы деп аталады



бет3/7
Дата16.12.2022
өлшемі2,55 Mb.
#163041
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
етеккір циклы
Снимок экрана 2022—11—05 в 19.59.23, 120476, 169-182 фил, irregular verbs booklet pdf[english03.ru], 3 тема, 16-049-1 Сейсенбекова А.И. (копия), Программа по практике 4 курс қазақша (копия), 208161208159-209141208186208183-3

Овуляция

  • Овуляция Үлкен пісіп жетілген фолликуланың базалды мембранасының жарылуы нәтижесінде жұмыртқа жасушасының шығуы. Жарылған фолликуланың қабырғасына қан құйылумен жүреді. Егер ұрықтану болмаса, онда жұмыртқа жасушасы 12 -24 сағат ішінде бұзылысқа ұшырайды. Қалыпты етеккір циклы кезінде бір ғана фолликула пісіп жетіледі, қалғаны атрезияға ұшырайды, бұл кезде фолликула сұйықтығы сорылып, фолликула қуысы дәнеккер тінге толады. Барлық репродуктивті кезеңде 400 жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі, қалғаны атрезияға ұшырайды
  • Овуляция түрлері: спонтанды. спорадикалық.

Лютеиінді фаза

  • II – лютеинизация фазасы ►Овуляциядан кейінгі фолликуланың қайта дамуы. ► Сары дене – бұл фолликуланың дәнді қабатындағы жасушалар, олар овуляция кезінде жиналған липохромды пигментацияның әсерінен сары түске боялады. ► Тіндер, ішкі шекара жасушалары лютеинизацияға ұшырайды, нәтижесінде теколютеинді жасушаларға айналады.
  • II – лютеинизация фазасы n Егер ұрықтану болмаса сары дене 10 -14 күн ғана өмір сүреді, осы уақыт аралықтарында мынандай сатылардан өтеді: - пролиферация сатысы (дәнді жасушалардың еніп өсуі және ішкі шекара гиперемиясы), - васкуляризация сатысы (бай қан тамыр торларының пайда болуы), - регрессия сатысы (дегенеративті жетілу, жасуша түссізденуі және сары дене көлемінің кішіреюі). 1 -2 айдан кейін сары дене орнына ақ дене пайда болады, содан кейін ол сорылып кетеді.

Жатырлық цикл

  • Жатырлық цикл Екі етеккір циклы арасындағы жатыр бұлшықеттерінің және шырышты қабатының циклді өзгеріске ұшырауы. n Циклдың фолликулярлық фазасында жасушалық миометрийдің гипертрофиясы сипат алады, ал лютеин фазасында оның гипоплазиясы орын алады. Лютеин фазасында жатыр салмағы 5 -10 г артады. n Эндометрийде фолликула және лютеин фазасында пролиферация және шырыш бөлу жүреді. Ұрықтану болмаса шырыш бөлу фазасынан кейін етеккір циклының үшінші фазасы – десквамация фазасы болады.

Эндометрийде екі қабатты ажыратылады:

  • Эндометрийде екі қабатты ажыратылады:
  • Базальды қабаты, миометрийге жақын орналасады және эндометрийдің 1/5 бөлігін (1, 0 – 1, 5 мм) алады, етеккір кезінде тек аз ғана бөлігі ғана ажырайды. Базальды қабат арқасында регенерация жүреді.
  • Функциональды қабаты, эндометрийдің 4/5 (4 – 8 мм) бөлігін алады. Шырыш бөлу фазасында функционалды қабаты, компакты және спонгиозды қабаттардан түзіледі. Етеккір кезінде толығымен сылынады. Оның қайта құрылуы призматикалық жасуша нәтижесінде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет