«expo-2017» бағдарламасы Орындаған: Мереке Ж



Дата13.04.2022
өлшемі257,71 Kb.
#139101
түріБағдарламасы
Байланысты:
Мереке Жанар 8 апта ӨСӨЖ
ашық сабақ, ПСИХОЛОГИЯ 300 сұрақ, Борантаева Ә.Н хб-307 ИББ сөж 3 апта, Лекция

«EXPO-2017» бағдарламасы

Орындаған:Мереке Ж

Тексерген:Сугурбаева Б

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Тарихы
  • Астана ЭКСПО 2017 туралы 5 мәлімет
  • Қорытынды

Кіріспе Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.

Негізгі бөлім тарихы

Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.


Дауыс беру нәтижесі
Қала
1—ші айналым
Ел
Астана
Қазақстан
Льеж
44
103
Бельгия

Астана экспо 2017 туралы 5 мәлімет

  • 1. Қазақстан посткеңестік кеңістікте өз аумағында кең ауқымды көрме өткізу құқығына ие болған бірінші ел болды. Жалпы, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Италия, Канада, Испания, Бразилия, Оңтүстік Корея, Португалия, Германия, Қытай және Түркия сияқты елдер өз кезінде бүкіләлемдік көрме өткізген. Ал, сол тізімнің ішінде болу айтарлықтай абырой, мәртебе.
  • 2. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтті. Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары Сәуле, Қуат, Мөлдір болды.
  • 3. Көрме орналасқан алаңның аумағы 174 гектарды құрайды. Оның ішінде көрме алаңы 25 гектар, ал қалған 149 гектарда тұрғын үй ғимараттары мен инфрақұрылым нысандары тұрғызылған.
  • 4. Үлкен аумақтағы бірнеше павильон сәулет өнерінің ерекше пішінімен салынған. Жалпы ғимараттардың барлық кешені шеңбер ретінде жасалды. Ал дәл ортасында шар тәрізді Қазақстанның «Нұр әлемі» павильоны орналастырылды. Бұл әлемдегі ең ірі шар тәрізді ғимарат, оның диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайды. Яғни, ғимарат бірегей дизайн. Ол әлемдегі толық шар түріндегі алғашқы ғимарат.
  • 5. Көрменің негізгі символы болып табылатын «Нұр Әлемі» шарын салу үшін 13 мың тонна метал қажет болды. Сонымен қатар, шардың беті 2800 шыны панельмен қапталған. Ал шар тәрізді ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Бұл көрсеткіш төрт футбол алаңының аумағына тең.

қорытынды

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет