Әзiл сөздiң атасы



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі395,5 Kb.
#30975
1   2   3

ҒАЛЫМ ҚАДIРӘЛIҰЛЫ: ШАЛ АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ТӘРБИЕЛIК ОЙ-ПIКIРЛЕР
1998 жылы XVIII ғасырдың екiншi жартысында өзiнiң тамаша шығармаларымен қалың елге танылған жырау-ақын жерлесiмiз Шал (Тiлеуке) Құлекеұлының туғанына 250 жыл толуы бүкiл республикада аталып өттi.

Кезiнде Шал жырларының халық арасына кең тарауы, оның есiмiнiң жұрт аузында зор сүйiспеншiлiкпен аталуы жыраудың ардагер ақын, қоғамдық мәселелердi келелi сөз еткен азамат болғанын байқатады. Оның шығармаларында қоғамдағы әлеуметтiк теңсiздiк, заманның өзгерiсi, әйел тендiгi, адамгершiлiк мәселелерi, табиғат, тiршiлiк тынысы жан-жақты сөз болады.

Ақынның өмiрi мен шығармашылығы туралы облыстық газетте бiрнеше мақала шықты. Мен оның поэзиясындағы педагогикалық тәрбиелiк ой-пiкiрлерi туралы айтпақпын. Өйткенi, ақынның педагогикалық ой-пiкiрлерiнiң бiздiң қазiргi жастарымыз үшiн де тәрбиелiк мәнi зор.

Шалдың дүниеге көзқарасында дiншiлдiк сарын сезiлiп отырады. Өйткенi ақын өз заманының перзентi ғой. Бiрақ ақын әрбiр сөзiн құдай, пайғамбар атымен байланыстыра бермейдi. Оның өлеңдерiнiң басым көпшiлiгiнде адамгершiлiк мораль мәселесi сөз болғандықтан, не жақсы, не жаман деген дидактикалық ой-пiкiр көбiрек айтылып, өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның мүшелерiне ақыл, насихат айтуды басты мақсат еткен. Ақын өз өлеңдерiнде жақсылық қайдан шығады, жамандық неден туады, жақсы мен жаманның айырмашылығы неде деген мәселенiң төңiрегiнде сөз қозғайды.Бiр өлеңiнде ақын:


Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,

Жақсы атансаң, бiреудiң қақын жеме.

Жақсымын деп бiреудiң қақын жесең,

Жаман адам сол болар, мақұл деме,-


дейдi. Бұл пiкiр халық педагогикасында айтылатын “Тура биде туған жоқ”. “Жақсы - көпке ортақ” деген ой-пiкiрмен ұштасып жатыр. Тағы бiрде ақын:
Жаман сол жақсы сөздi ұға алмаса,

Ғалым болмас ұстаздан бұға алмаса.

Молда есiмiн алғандар толып жатыр

Не керек ғылым бойға жұға алмаса, -


деп жастарға ғылым жолын қуып, ғалым болуға тырысуды нұсқайды. Жас кезде шама келгенше оқу мен өнерге молынан сусындау кажет, өйткенi жастықта не болса да бойға оңай және тез сiңедi деген идеяны паш етедi, жастардың бойында өнерлiлiк, зиялылық, парасаттылық болуы тиiс деп тұжырым жасайды.
Жақсының жүрген жерi той болады

Ақыл жоқ кей адамда бой болады.

Көрмеге қандай жаман болса дағы

Парасат кей шаһбазда ой болады...


- деген ақын сөздерiнен парасаттылық бойға, көрiкке байланысты емес, көзге қораш адамдардың iшiнде де жаны жайсаң, рухани байлығы мол адамдар болуы ықтимал деген пiкiрдi аңғарамыз. Шалдың мұндай өлеңдерiнiң мақсаты - жұртшылықты жаманшылықтың кесепатынан жирендiрiп, бойына жақсылық шапағатын дарыту. Бұл шығармалардың өз кезiнде жастарды тәрбиелеуде игiлiктi роль атқарғаны күмәнсiз. Сонымен бiрге бұл шығармалар қазiргi кезде де өзiнiң тәрбиелiк мәнiн жоғалтқан жоқ.
Майда бол жiгiт болсаң тал жiбектей,

Жарамайды қатты болу тiкенектей.

Бiлiмiң болса дағы ұшан-теңiз.

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей...


- деп ақын өнерлi, бiлiмдi азаматтың халқына адал қызмет етуiн қалайтынын көрсетедi. Адам қоғамда көп жасағандығымен емес, бiлiмiмен, еңбегiмен бағаланады деп ұққан ақын:
Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,

Iстерiң жалқау жанның шала деп бiл.

Құр жасы елулерге келсе дағы

Бiлiмсiз сондай жандар бала деп бiл, -дейдi.


Отбасы бақыты, алған жар мен өсiрген балаға байланысты деген ой ақын өлеңдерiнде жиi кездеседi:
Жақсы әйел дәулетiңе жөн келтiрер,

Әйелiң долы болса күнде өлтiрер.

Жақсыдан жаман туған бала болса,

Атағы үйде жатқан сөз келтiрер... - деп өз ойын жайып салады.


Ақын өлеңдерiнде нәресте, бөбек, сәби, бозбала сана-сезiмiнiң қалыптасып даму ерекшелiктерi жайында да салиқалы ой түйiндерi кездеседi. Оның пiкiрiнше, адамдық қасиеттерге кiсi бiрден жетiлiп, iштен тумайды, балалық сана-сезiм, тәлiм-тәрбиенiң, ойынның, ортаның арқасында өсiп, дамып қалыптасады.
Бiр жаста, екi жаста бесiктемiн,

Бес жаста тәңiрi берген несiптемiн.

Алты жаста қайыңның тозындаймын,

Он жасымда сүт емген қозыдаймын,

Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,

Бой түзеп жиырмада сылақтаймын...


-деген өлең жолдарынан бала сана-сезiмiнiң даму жолы, бой мен ойдың қатар дамуындағы әр жастың өзiне тән ерекшелiктерi, түрлi iшкi-сыртқы ой мен iс-әрекет баланың жан дүниесiн бiртiндеп нәрлендiрiп, жаңа мазмұнға ие болып отырғандығы байқалады. Шал ақын бiр толғауында жастарға досыңа адал бол, түрлi ғылым мен өнерге жас кезiңнен кiрiспесең, соңынан өкiнерсiң деп ескертедi:
Досқа жалған сөйлесең,

Өзiңдi-өзiң ұрғаның.

Түрлi ғылым, өнерге

Жаста ғадет қылмасаң,

Бәйтеректей қайыспай

Қоңырайып тұрғаның...


(Бұл толғау Шалдың бесiншi ұрпағының бiрi Досмағанбетов Рашит ақсақалдың есiнде сақталыпты).

Қазақ халқында келiнге деген iлтипат оған деген зор құрметке айналған. Бала тәрбиесi, отбасы ұйтқысы келiндерге байланысты. Келiн жақсы болса, отбасы тату, ағайын-туыстың аралас-құраласы да келiннiң кiшпейiлдiлiгiне, сыйластығына байланысты деген халық қағидасы ақын өлеңдерiнен өзектi орын алған. Ақын “ақырған аждаһадай аю келiн бар, үлкенге iзет, жасқа қамқор ақылды, арлы келiн ер азаматпен тең түсер, iзгi жан, сондай әдептi үлгiлi болыңдар”, - деп жастарға өсиет айтады. Тағы бiр өлеңiнде ол:


Келiн жақсы болса,

Үйiне көп кiсi келедi.

Келiн жаман болса,

Келген кiсi кеткiсi келедi,

- деп қазақтың байырғы қонақжайлылығының өзi де келiнге байланысты екенiн көрсетедi. Сонымен бiрге Шал жастарға жас өмiрiңдi бос өткiзбе, елiңе, Отаныңа пайдалы қызмет ет дегендi уағыздайды.
Байлауы жоқ шешеннен

Үндемеген естi артық.

Бәйге алмаған жүйрiктен

Белi жуан бестi артық,


- деп,халқыңа қызмет етпесең, өмiрiңнiң мәнi болмайды, құр мақтанып, көпiрiп сөйлегенше еңбегiңдi көрсет деген ой түйiндейдi. Халқыңа адал қызмет қыл, ел қамын ойла деуден артық патриоттық сезiм болуға тиiс емес. Мiне, бұл Шал ақынның педагогикалық ой-пiкiрiнiң келер ұрпаққа айтар өсиетiнiң тобықтай түйiнi. Келер ұрпаққа осындай тәрбиелiк мәнi бар өлең-жырлар қалдырған ақынның мектептерге арналған қазақ әдебиетi оқулығында орын алмауы таңдандырады. Орта мектептiң 9 сыныбына арналған қазақ әдебиетi оқулығында (Алматы, “Рауан” 1995ж.) “XI-XVIIIғасырлардағы қазақ әдебиетi” деген тарау бар. Сонда Қазтуған жыраудан (XVғ.) бастап, Бұқар жырауға (XVIIIғ.) дейiн орын берiледi де, XIXғасырдың бiрiншi жартысындағы Махамбет Өтемiсұлына түсе қалады. Ал жыраулар мен ақындарды жалғастырып тұрған әрi жырау, әрi ақын Шал Құлекеұлы туралы бiр сөз айтылмайды.

Бiздiңше, бұл үлкен ағаттық. Қазақ мектептерiнiң мұғалiмдерi шәкiрттерiн Шал ақын мұраларымен таныстырып отырулары жөн. Шал ақынның қазақ әдебиетiнде алатын өз орны бар. Ол Бұқар жыраудан кейiн тұруға тиiстi. Қорыта келгенде айтарымыз, ақындардың атасы атанған Шал ақын шығармаларының тәрбиелiк мәнi де зор. Сондықтан мектептiң әдебиет оқулығы бағдарламасына енгiзген жөн.


ҚАЙРОЛЛА МҰҚАНОВ

http://asyl-mura.petr.kz/temp.htm сайтынан алынды
Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
2016-02 -> «алаш» идеясы және халықаралық «Қазақ тілі» ҚОҒамы
2016-02 -> Аумалы-төкпелі кезеңдегі қОҒАМ, ТҰЛҒа және дін
2016-02 -> ШЫҒарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты а. Н. Тұрарова, К. Р. Қазақбаева Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ
2016-02 -> Жүсіпбек аймауытов
2016-02 -> Шерхан мұртаза әҢгімелеріндегі диалогтың кейіпкер мінезін ашу, образ жасаудағы рөЛІ
2016-02 -> Бiлiм берудi ақпараттандыру жағдайында информатика мазмұнын жаңалаудың негiзгi бағыттары Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы, п.ғ. к
2016-02 -> ШОҚан (МҰхаммед-ханафия) УӘлиханұлы (1835 -1865)
2016-02 -> Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар 4 html негіздері 12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет