Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет5/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Эссе Кәсіпорын
Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.

  1. В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.

  2. Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.

  3. Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.

8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.


3-тақырып. Қаржы саясаты және қаржы механизмі



  1. Қаржы саясаты және қаржы механизмдерінің түсініктері.

  1. Қаржы саясаты дегеніміз – бұл мемлекеттің өз қызметімен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы облысындағы өткізілетін іс шаралар жиынтығы. Экономикалық категория сапасында қаржы саясаты мемлекеттің және экономикалық заңдардың талабына сәйкес қоғамдағы экономикалық заңдар арқылы анықталатын өндірістік қатынастар формасында болады.

Экономикалық категория – бұл біртекті экономикалық қатынастар және экономикалық өмірдің бір қырын сипаттайды. Қаржы саясаты нақты өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы механизмі – қаржылық жоспарлау, ұйымдастыру және басқару әдістері мен формаларының жиынтығы. Қаржы механизмі арқылы шаруашылықты жүргізудің әртүрлі деңгейлері мен қызмет салаларында әлеуметтік және экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауға бағытталған қаражат қорларын қалыптастыру мен қолданудағы қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы саясаты қаржылық стратегияда және қаржылық тактикадан тұрады.
Қаржылық стратегия – қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуындағы ұзақ мерзімде және ірі көлемдегі міндеттерін шешуге арналған қаржының жалпы бағытын анықтайды.
Қаржылық тактика – бұл елдегі, аймақтағы, саладағы экономикалық және қаржылық ауытқулар мен қарама – қайшылықтарды зерттей отырып, стратегиялық бағытқа түзетулер енгізіледі.
Мемлекеттің қаржы саясаты өз кезегінде басқа да саясаттармен тығыз байланыста жасалады және олар қаржы саясатының құрамына жатады. Келесі саясаттар:

  1. Бюджет саясаты.

  2. Несие саясаты.

  3. Ақша саясаты

  4. Салық саясаты.

  5. Баға саясаты.

  6. Сыртқы экономикалық байланыс саясаты.

Осы аталған әрбір саясаттың өзіне тән механизмдері бар. Мысалы: бюджет саясаты елде бюджет кодексмен және бюджет заңына сәйкес жүргізілсе, оның механизмдері бюджет процесіндегі әртүрлі нормативтер, нормалар, сметалар, субвенсиялар, субсидиялар, бюджеттік несиелер. Оларды төлеу, алу тәртібі мен ережелері жүргізу әдістерібюджет механизміне жатады. Мемлекеттің қаржы саясаты келесі мемлекеттік саясаттың: әскери, әлеуметтік, саяси, ұлттық, экономикалық саясаттарды жүзеге асырудың негізгі құралы.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты
кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы мүмкіндік береді. Мемлекет кәсіпорынның табысын алудың ұтымды формаларын, қаржы ресурстарын қалыптастыруға негізгі жағдайды жасауға ұмтылады.
Қаржы механизмі мемлекетпен белгіленген қаржы іс шараларын орындауды экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен салаларындағы қоғамдық өнім менматериалдық игіліктің құндық бөлінісі арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы субъектілеріне – мемлекет, кәсіпорын, ұйымдар, жеке тұлға мен азамат жатады. Қаржы объектілеріне – ақшалай табыстар, ақшалай қорлар, басқа да материалдық құндылықтар жатады.
Қаржы ресурстары – белгілі бір мерзімде мемлекеттің немесе кәсіпорынның айналымындағы ақшалай қорлар мен қаражаттардың барлық жиынтығын білдіреді. Қаржылық қорлар - арнайы мақсатты арналымы бар ақшалай қорлар.
Қаржы механизмі келесі шағын жүйелерден тұрады:

  1. Қаржылық жоспарлау.

  2. Қаржылық ұйымдастыру.

  3. Қаржылық басқару.

Осы 3 процес арқылы қаржы саясаты жүзеге асырылады.
2.Қаржыларды басқаруды ұйымдастыру.
Қаржыларды басқару дегеніміз қаржылық және аралас экономикалық және әлеуметтік жүйелерді жетілдіру және дамыту мақсатындағы әсер (ықпал) ету процессі. Бұл жағдайда белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін обьективті мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен жиынтығы.
Қаржы жүйесіндегі басқару қаржы механизмінің әдістері, тұтқалары және санкциялары арқылы жүзеге асырылады.
Обьективті экономикалық заңдардың талаптары ғылым арқылы танып олардың пайдаланудың әдістері мен формаларын әзірлеп мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қаржы, баға, несие, пайда т.б. қамтылып, осыларға байланысты өндірістік қатынастардың формаларын басқарады. Қаржылық басқарудың негізіне келесі принциптер жатады:

  1. басқарудағы демократизм

  2. Қаржылық сұрақтарға саяси көзқарас

  3. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерін ыңғайлы қолдану

  4. Басқарудың ғылым сипаты

  5. Орталықтанған, салалық және аймақтық басқарудың келісімділігі

  6. Басқарудағы жауапкершілік

  7. Шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы

Қаржыларды басқарудың екі қыры бар 1) Мемлекет қаржыны оның формаларын экономиканы және әлеуметтік мәдени құрылысты басқару құралы, тұтқасы ретінде – бүкіл қоғамдық өндіріс процесіне әсер етеді. 2) Қаржының өзі – ақшалай қорлар, қаржылық аппарат, қаржылық қатынастар – басқару обьектісі болып табылады. Қаржыларды басқаруда келей өзара байланысты әлементтерді білген жөн: қаржылық ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау.
1) Қаржы ақпараты – барлық қаржылық процестерде шешім қабылдауда ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін қолданылады. Қаржы ақпараты бухгалтерлік, статистикалық және шұғыл есеп берулердің қаржылық жүйелердің буындарына ұсынылуы негізінде жүзеге асырылады.
2) Жоспарлау – бұл материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының теңестірілуін, өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара байланысын, қаржы жоспарының кірістері мен шығыстары деңгейінде үйлесуін қамтамасыз ету.
3) Ұйымдастыру – басқарудың барлық деңгейлерінің тура жұмыс істеуін жұмыстың жоғары нәтижелігін басқару қызметінің жауапкершілігін және тәртіптілігін білдіреді.
4) Реттеу – жоспарлы міндеттерді орындау үшін қаржы ресурстарын икемді жұмсау және резервтердің сақталуы.
5) Бақылау – қаржы жоспарларының орындалуын барлық шаруашылық деңгейде ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану процесіндегі бақылау.
2. Қаржыларды басқарудың стратегиялық және оперативті (шұғыл) басқару түрлері бар.
Қаржыларды стратегиялық жоспралау Қазақстан Республикасының конституциясымен мемлекеттік өкімет және басқарудың жоғары органдары: Парламент, Президент аппараты, Өкімет, Қаржы министрлігі, Кіріс министрлігі.
ҚР Президенті қаржыларды басқаруда Президент аппараты арқылы ерекше өкілеттікті иеленеді.
Парламент – қаржылық мәселелердің заң актілерін талқылап бекітеді қоғамдық қатынастарды реттейді. Парламенттің жұмыс органдары тұрақты комитеттері сенат және мәжіліс – экономика, қаржы, бюджет басқа да комитеттер. Комитеттерде заң актілері өңделеді, содан кейін Парламент палатасында дауысқа салынады.
ҚР өкіметінің қаржыларды басқаруда оның өкіметтің атқарушылық орган сапасындағы мәртебесімен анықталады және келесі бағыттарда.
1) Әлеуметтік – экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын құру және оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық іс – шаралары байланыс құралдарының жиынтығы.
Қаржыларды басқаруда қаржыларды етептеудің автоматтандырылған жүйелері КЕАЖ қолданылады. Ол келесі бір – бірімен байланысты іс қимылдағы шағын жүйелерден тұрады: функционалды, қамтамасыз етуші, технологиялық.
КЕАЖ ұйымдастырылуы келесі жиынтықтағы өзара байланыстағы шағын жүйелермен көрінеді.

  1. Ұймдастырушылық – экономикалық қамтамасыз ету

  2. Ақпараттық қамтамасыз ету

  3. Бағдарламалық қамтамасыз ету

  4. Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамсыз ету.

  5. Технологиялық қамтамасыз ету.

  6. Мимануармен қамтамасыз ету

КЕАЖ торт функциялануы шағын жүйелер бар. 1) бюджеттің жынтық есептеулері.2) Мемлекеттік табыстар. 3) Бюджеттік ұйымдардың шығындары бюджеттің есебінен. 4) Халық шаруашылығы салаларының қаржылары.
КЕАЖ бөлек локалды варианттар жолымен – автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылады (АЖО).
АЖО – кәсіби бағытталған шағын есептеу жүйесі және кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелері бар (КБАЖ).
КБАЖ – бұл қаржыларды басқарудың функционалды шағын жүйесімен бөлінген басқарудың қаржы – неиелік міндетерін атқаратын дербес жүйе.
3 .Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмүны, міңдеттері, қағидаттары мен әдістері
1 Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, керсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро- және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) . Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, керсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдальшған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
1.Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (көміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне кебейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалык (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жыддардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқыңдамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады жөне оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретіңде экономикалық жөне әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады. Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өңдіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқыңдаушы әдісі ақшаны, бағаны, қүн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өңдіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрьш анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді жөне осының негізіңде орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші кептеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
корреляциялық-регрессиялық талдау;
тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нусқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді.
Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесіңде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жыддық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жүмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда түрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. 2001-2005 арналған индикативтік жоспардың* басты мақсаты — экономикада бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты — болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді - реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжан ған деңгейі,
Индикативтік жоспар - мемлекетті әлеуметтік-экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды, елдің әлеуметік экономикалык дамуының мақсатты көрсеткіштерін (индикаторларын) және мемлекеттік-экономикалық реттеуіштердің тізбесін қамтитын құжат.
Индикатиитік жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешенді түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналган мемлекетті әлеуметтік-экономикалық саясатты айқындайды.
Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғүрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсеңді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесу. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жөрдемдеседі.
Биліктің жергілікті оргаңдары бюджеттерінің олардың аумағыңда орналасқан шаруашьшық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне төуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің түрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
бірлік қагидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысыңда объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық жөне әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен болімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті оргаңдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
жоспарлаудың уздіксіздік қагидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен жөне жылдық жоспарлауда олардың міңдеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі -жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды жөне баяндауды кіріктіреді;
бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын қүралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
бюджет жасау - жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстраполятивті (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезенде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезендері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, саналық, аумақтық және предметтік-мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайыңда аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін. Қаржылық жоспарлаудағы предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен түрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде өлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестірілед. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сөйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

  1. Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары қүқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы қүқыгының әр түрлі нормалары қол-данылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет