Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат



Дата29.03.2018
өлшемі62,41 Kb.
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай

өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 13.03.- 20.03.2017ж. күндері аралығында өткен «Наурыз – жыл басы» атты апталығы өтті. Қазақтың ұлттық киімін насихаттау мақсатында мектеп ұжымы кәжекей мен камзол киіп жүріп, ал оқушыларға бір апта бойы мектеп форманың орнына қазақтың ұлттық киімін киюгерұқсат берілді.
13.03.2017ж. күні апталықтың ашылуы туралы хабарланды. 14.03.2017ж. күні сағат 12.00-де 3- кластардың өнерпаз оқушыларының қатысуымен «Бақ берекем, құт мерекем – әз Наурыз!» тақырыпта танымдық-музыкалық сағаты өтті. Танымдық-музыкалық сағатының жүргізушілері көрісу күнінің шығу тарихын, маңыздылығын айта отырып, сұрақ – бізден, жауап – сізден аудиториямен жұмысты және ұлттық ойындарын өткізе білді. 3-кластар өнерпаз оқушылары билерін, әндерін ұсынып тамашалатты. Танымдық-музыкалық сағаты өз деңгейінде өтті.
13.03-18.03.2017ж. күндері аралығында «Наурыз-думан» атты жас суретші мен шеберлерінің байқауы өткізілді. Әр түрлі бағытта және әр түрлі жанрында оқушылар өз өнерлерін суреттер мен қолөнер бұйымдары арқылы жеткізе білді. Әділ-қазылар алқасының мүшелелері өз бағасын беріп, оқушыларды марапаттады.
14 наурыз көрісукүні өткен 5-6 кластар арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық сайыстардың қорытындысы шығарылды.Әр кластан қазақша күрес (1 оқушы), арқан тартыс (5 оқушы), тоғызқұмалақ(1оқушы), асық ату (1 оқушы) ойындарын жақсы менгерген оқушылары қатысты. Басты әділ-қазылар алқасы: ДТІЖО Б.З.Матаева, дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі Р.Мыңжасаров, ұйымдастырушы-педагог Г.Кенесова. 20.03.2017ж. күні өткен мектепішілік апталық жаңалықтарына арналған жиында барлық оқушы марапатталды.
15.03.2017ж.және 18.03.2017ж. күндері І кезең үшін сағ. 07.50-де, ІІ кезең үшін 13.20.-да спорттық жаттығулардың орнына «Қара жорға» спорттық биі орындалды. Оқушылар белсенділікпен қатысты.
17.03.2017ж. мектеп оқушылары үшін «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» концерттік бағдарлама мен жалпы ұжымы үшін «Көктем шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Вокал үйірмесінің өнерпаз оқушылары әндері мен күйлерімен паш етсе, жас суретшілері аквагримм, яғни бетке сурет салу және жас шеберлері өз өнерлерін дәстүрлі емес материалдан жасалған киім үлгілері арқылы көрсете білді.

18.03.2017ж. күні барлық кластарда «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыпта ашық класс сағаттары өз деігейінде өтті. Класс жетекшілері наурыз мейрамының шығу тарихын, маңыздылығын түсіндіре отырып, қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге шақырды.


Жалпы «Наурыз жыл басы» атты апталық көтеріңкі көңіл-күйімен өз деңгейінде өтті.

Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар өткізілген іс-шараларға шығармашылықпен қатынасып, жауапкершілік пен белсенділік танытты.

Барлық қатысқан оқушы мен ата-ана мектепішілік апталық жаңалықтарына арналған жиында хабарланып марапатталды.
Мұндай келелі істер күн тәртібінен түсірілмей, алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таба береді.

Дайындаған ДТІЖО Б.З.Матаева



Анықтама

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай МҚКҚ «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында өткен «Жас толқын» атты балалар шығармашылық облыстық музыкалық «Екі жұлдыз» атты байқауына өзін-өзі тану мұғалімі Жүсіп Гүлмира мен 9 «ә» класс оқушысы Аманболова Үміт қатысып,ІІІ орынға иеленіп, ІІІ дәрежелі диплом мен кубокпен марапатталды.

3 түрлі характердегі шығарма орындады:


  1. Мультфильмнен ән.

  2. Ретро ән.

  3. Заманауи эстардалық ән.

Жетекшісі: Утебасов Ануарбек

Дайындаған А.Утебасов



Анықтама

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 2017 жылдың 14 наурыз күні Н.Байганин атындағы облыстық балалар кітапханасында сағат 15.00-де өткен «Қазақстың қазынасы – бесік жыры» этносағатына арнайы әнмен әрлеу үшін 7 «в» класс оқушысы Сағындық Жанқожа шақырылды. Өз өнерін келген қонақтарына паш етті.

Дайындаған А.Утебасов

Анықтама
22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 2017 жылдың 17 наурыз күні қалалық оқушылар сарайында өткен черлидингтен би байқауына «04» командасы (8-класс қыз балалары мен ер балалары) қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

Дайындаған А.Бөлекбаева



Анықтама
22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 2017 жылдың 19 наурыз күні қалалық оқушылар сарайында өткен «Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі» атты І облыстық байқауына2 ер бала қатысып, 11 «ә» класс оқушысы Куралбаев Мирас ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен және 10 «а» класс оқушысы Желбай Ануарбек «Өнерлі жігіт» номинацияға ие болып, мадақтамамен марапатталды.

Дайындаған А.Бөлекбаева




Анықтама
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 14 наурыз көрісукүні өткен 5-6 кластар арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық сайыстардың қорытындысы шығарылды.

Әр кластан қазақша күрес (1оқушы), арқан тартыс (5 оқушы), тоғызқұмалақ(1оқушы), асық ату (1оқушы) ойындарын жақсы менгерген оқушылары қатысты.

Басты әділ-қазылар алқасы: ДТІЖО Б.З.Матаева, дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі Р.Мыңжасаров, ұйымдастырушы-педагог Г.Кенесова

Спорттық сайыстар бойынша әділ-қазылар алқаларының қорытындысы:



  1. Қазақша күрес

І орын -

ІІ орын –

ІІІ орын –


  1. Асық ату ойыны

І орын -

ІІ орын –

ІІІ орын –


  1. Тоғызқұмалақ ойыны

І орын -

ІІ орын –

ІІІ орын –


  1. «Арқан тартыс» ойыны

І орын -

ІІ орын –

ІІІ орын –

Нәтижесінде:

20.03.2017ж. күні өткен мектепішілік апталық жаңалықтарына арналған жиында барлық оқушы марапатталды.

Дайындаған Б.З.Матаева



Анықтама
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 14 наурыз көрісу күні өткен 3-кластардың өнерпаз оқушыларының қатысуымен «Бақ берекем, құт мерекем – әз Наурыз!» тақырыпта танымдық-музыкалық сағаты өтті.

Танымдық-музыкалық сағатыныңжүргізушілері көрісу күнінің шығу тарихын, маңыздылығын айта отырып, сұрақ – бізден, жауап – сізден аудиториямен жұмысты және ұлттық ойындарынөткізе білді.



3-кластар өнерпаз оқушылары билерін, әндерін ұсынып тамашалатты. Танымдық-музыкалық сағаты өз деңгейінде өтті.

Дайындаған Б.З.Матаева
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет