Ф-әД-001/046 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет4/5
Дата17.11.2023
өлшемі46,22 Kb.
#191653
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
lab11.doc
Айдана, LXJTDMXXUTVR10102023235024, КМЖ 7 СЫНЫП-1 (копия)
Ацетанилид синтезі

C6H5 – NH2 + (CH3CO)2O → C6H5 – NHCOCH3 + CH3COOH

Конус түпті колбаға 4,5 мл анилин және 20 мл су құяды. Алынған эмульсияға 6мл сірке ангидридін қосады. Колбаны мұздатқыш тығынымен жауып, су моншасында қыздырады (судың температурасы 70-800С). 10 минуттан соң колбадағы қоспа сұйық күйге өтеді. Алдымен колбаны ауада, сосын суық суда салқындатады. Бөлінген ацетанилидті Бюхнер воронкасында сүзеді, суық сумен фильтратты шаяды және ауада фильтр қағазының көмегімен немесе температурасы 50-600С болатын кептіргіш шкафта кептіреді. Өнімді судың азғантай мөлшерімен немесе 50%-ті этил спиртімен кристалдауға болады. Шығым 5,5 г (69%). Ацетанилид (N-фенилацетамид, антифебрин, N-ацетиланилин, сірке қышқылының фениламиді) – түссіз, иіссіз кристалдық зат. Диэтил эфирінде, хлороформда, этил спиртінде ериді.


Жұмыс бойынша қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі:
Химиялық лабораторияда тәжірибелерді орындау кезінде жеңіл тұтанатын органикалық еріткіштермен, реагенттермен, концентрлі минералды қышқылдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет, ақ халат, резіңке қолғап, шыны көзілдірік қолдану керек. Химиялық ыдыс сынған жағдайда немесе ерітіндімен күйген жағдайда алғашқы көмек көрсетудің құралдарын қолдану қажет.
Жұмысты рәсімдеу:
Жұмысты рәсімдеудің жалпы ережесі: бірінші бетте тақырыбы жазылады, мақсат пен сағаттардағы жұмыс көлемі, студенттің аты-жөні, оқу тобы, орындау мерзімі көрсетіледі. Жұмыстың мәтіні қолмен дәптерге жазылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Этерификация реакциясын қолданып ацетисалицил қышқылын (аспирин) алыңыздар және қышқылдық катализдің қажеттігін түсіндіріңіздер.
2.Никотинамидті (дәрумен РР) никотин қышқылын және оның хлорангидридінен алыңыздар.
3.Этилацетаттың сілтілі ортадағы гидролизінің механизмін сипаттаңыздар.
Қандай ортада (қышқылды немесе сілті) реакция қайтымды болады?

  1. Қышқылдық катализатор қатысында бензамидтің гидролиздену реакциясының теңдеуін жазыңыздар және реакция механизмін сипаттаңыздар.

  2. Метилпропионат гидролизінің механизмін қышқылдық және сілтілік катализ жағдайларында қарастырыңыздар. Сілтілік катализдің қандай артықшылықтары бар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет