Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет3/5
Дата14.04.2017
өлшемі1,93 Mb.
#13911
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:

1. Алашорда үкіметінің басшысы?

2. Алашорданың батыс бөлігінің қайраткерлері?

3. Қазақстанның социалистік „Үш жүз” партиясы қашан құрылды?


7-лекция

Тақырыбы: Алаш орда және Түркістан автономиясы үкіметтерінің құрылуы және олардың тағдыры.

Жоспары:

  1. Түркістан автономиясының

  2. ІІ- Бүкіл қазақтың сьезд және оның қауылысы.

  3. Алаш орда өкіметінің құрылуы.

  4. Алаш қозғалысының Алаш орда өкіметінің тағдыры.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ч.Мусин Қазақстан тарихы.

  2. К.Аманжолов Қазақстан тарихы.

  3. Дәрістер курсы І-ІІ

  4. Қазақстан тарихы 5-томдық ІІІ том.Көне заманнан бүгінге дейін.

  5. Қазақстан тарихы. Очерктер.

Лекция мақсаты: ҚР азаттық жолындағы күресі үшін қоғам қайраткерлерінің Жан қиярлық күрестерімен таныстыру. Алаш және Алаш орда үкіметінің тағдыры. Қазақ халқы отарлық езгіге қарсы ғасырлар бойы күрескен. Халқының бостандығы үшін қайраткерлердің асқақ мақсатын көрсету.

Лекция мәтіні:

Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 шы 5-13 желтоқсанда орынборда «Алаш» партиясының кезекті (үшінші) сьезі отті. Сьезде Алаш орда автономиясының орнағанын және кадет партиясы орталық комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады,программалық документтер қабылдады. Ол 25 000 адамнан тұрады мимизия формасындағы ұлттық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.

Алаш өкіметін құру мәселесін 1917 жылы шілденің 21-28 інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық І сьезінде қаралған болатын, сьезде 14 мәселе талқыға түсті.Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: «Русия демократишеская», «Парламентарская республика» болып, қазақ облыстары қонс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мақтап айта алғандары: «қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. Осындай дұрыс ой-пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ. Ал қазақтың ұлттық – территориялық мәселесін Алаш орда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласындағы жалпықазақтың ІІ сьезінде заңды түрде бекітті.

Алаш орда автономиясының оның конститутциясын бүкілрассиялық құрылтай сьезі бекітуге тиіс. «Алаш» партиясы программасынаң жобасы 1917 жылы «Қазақ» газнтінің 251ші санында жарияланды. 10 баптан тұратын саяси қазақ елінің ұлттық, тілек – мақсатының негізгілері баяндалды, онда: «Алаш орда» үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекеттік үкімет билігінің түрі «федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет» ретінде анықталды. Ол екі республиканың Құрылтай жиналысымен мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетінің Президентпен министірлер кеңесі атқарады деп көрсетілді.Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесінде, дінді мемлекеттен бөлудіде сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болып табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құрумен салық салу ісін ұйымдастыру, «Түземдіктердің» жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және мемлекеттік меншікті орнату сияқты т.б. шараларды да қамтыды.

Осы жалпықазақтық ІІ сьезінде: «Алаш облыстарының қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі құрылды, оның аты: «Алаш орда» деп аталды. «Алаш орданың» өкімет құрамы 25 адам болып, он орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.

Алаш автономиясының Алаш орда аталған ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлихан Ганашев (Бөкей ордасы) , Халел Досмұхамедов (Орал обылысы), Халаел Ғабасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу обылысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы, облыстардан тыс алаш орда құрамына Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Тынышбаев,Б,Құлманов,Ж.Ақбаев, Б.Мамұтов, О.Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітіледі. Ә .Бөкейханов автономиясының үкіметі Алаш орданың төрағасы болып сайланды.

Солкездегі Алаш Орда Автономиалық мемлекетінің жері Россия империяасының бес жікшілік құрамы болып кірген еді. Сырдаря мен Жетісу обылыстары – Түкістан генерал-губернеторлығына, Торғай обылысы тікелей Россия мемлекетінің құрамына кірді.

Алаш Орданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар, 1918ж көкектің екісіне дейін Халил мен Жаһанша Досмұхалидовутар Масквада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабілдауында болды. Ә.Бөкейханов, Л.Ғаббасов, Ә. Ермековтар . И. Ленин және И.В.Сталин мен қазақ автономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді.

«Қазақ» газетінің 1918ж 30 шілдеде шыққан 262 санында «заречное свобода Алаш Орда хкіметінің іске кіріскені» туралы телеграма басылған.

Сонысен қатар 1918ж майда Оралда өткен қазақ сезінде Жаһанша және Халаел Досмұхалидовтар бастаған «ойыл уәаятының » уақытша үкіметі жариаланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымынты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш Орданың батыс бөлігі жеке үйым деп есептелмеген, Алаш Орда автономиасының торағасы Ә. Бөкейханов Алаш Орданың батыс бөлігін құру жайында іс-қағазына қол қойған, бірақ Алаш Орда заңды түрде мұндай бөлінуі болмаған. Осының бәрән ескере отырып, Алаш ОРданың батыс бөлігін жеке ұйым деп есептеуге болмайды – деп жазды Қырғыз өлкесінің басқарушы Пестковскииге 1920ж 23 ақпанда жазған есебінде.

«Алаш Орда» үкіметі өзнің әскерін құруға және Қазақстан аумағында өкілетті өкімет биліктерінің ұйымдастыруға кірісті, «Рессей патриотизімге» ақырына дейін адалболып қалған әскер бөлімдерінің атамандарының әскери одақ құрып, олардан қару жарақ алмақ болды.

Алаш өкіметінің төрағасы Ә. Бөкейханов 1919ж басында Омбыда Колчакшан қару-жароақ сұрау ниетімен барғанда. Алаш Орда үкіметіне бағынышты әскелдің құрамын, тұрған жерін санын айтады: соладың ішінде:

Жетісу майданында – 700 адам, Тройцкіде-540 адам, Орал обылысында 2000 адамнан құрылған 2 әскери бригада болғанын көреміз. Клчок қазақ автономиясын мойындаудан бас тартқан соң Алаш Орда Үкіметінің басшылары сабет өкіметін кен\лісімге келді. Ол Байтұрсынов 1919ж 25 шілдеде кирревконның мүшесі болып В.И.Ленин, қолынан мандат алды.

Батыс Алашорда басшысы жаһанша Досмұханов өзінің 1919ж 21 желтоқсанда Орынборды Кирревконға жазған хұпия хатында атты казактардың қыстағына қарашастан Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанның, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында қара беріп кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын күшеитіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының оралдағы соғыс—ревалютция советінің мүшесі Летава- Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекеттерін тездетіп, қазақ даласын ақтардан тазартуларын өтінгендерін хабарлайды. Азамат соғысы жылдарында Алашорда кеңес өкіметін жау күштермен одақтас болды. Нәтежесінде азамат соғысында жеңіске жеткен. Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық саяси өтірінен аластауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жопын да қолдану кезінде (1919-1920ж) кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқанардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттың демократиялық интелмигенция өкілдері, ең адымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен «халақ жауы» аталып, сталиндік әкімшілік әміршіл жүйесінің құрбандары болды.., ал олардың ғылыми және әдеби мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды.

«Алаш Орда» үкіметінің қазақстандағы 4 жылдық басқару кезеңі, міне осынлай аяқталды. Кеңестік социализм идеолыгтары « Алаш Орда» бүржуазиялық ұлтшылдық қзғалыстан өзге еш нәрсе емес деп бағалайды.

Алайда біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей оның қызметімен бағдарламасына «Бұржуазиашылдықтардың» ешқандайда белгісі жоқ. «Алаш» - «Ұлттық диоспералық» партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқанаң өз тәелсіздігін қалпына кетіру жолыдағы күрестің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.

Сонымен патшалық Рессейдің отарлау кезеңі «Алаш Орда» автономиясының уақытша жүргізген ұлттық басқаруы кезеңімен алмасты. Ал «Алаш Орда » үкіметін Кеңес үкіметі 1920ж құлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттік орнады. Сонымен қорта клгенде ақпан көтерілісінен кейін ұлттық қозғалыс жаңа серпін алды. 1918ж 22 қаңтарда кеңес үкіметіне балама ретінде Қоқанда \Түркістан автономиалы республикасы, ал1917ж 5-13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» автономиасы жариаланды. 1920ж 9 мартта Қырғыз рефкомы Алашорданың және оның барлық мекемелерінің жойылғаны туралы қабарлады.

Бақылау сұрақтары:

1. Алашорда үкіметінің басшысы?

2. Алашорданың батыс бөлігінің қайраткерлері?

3. Қазақстанның социалистік „Үш жүз” партиясы қашан құрылды?


8-лекция

Тақырыбы: Қазақстан шетел интервенциясы мен азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж).

Жоспары:

  1. Азамат соғысы мен шетел интервенциясының басталуы.

  2. Қазақстан территориясындағы азамат соғысы майдандарының

құрылуы.

  1. Азамат соғысы кезіндегі қазақ зиялыларының соғысқа көзқарасы

  2. Қазақстанда Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің құрылуы. Соғыс жылдарындағы партизан соғыстары.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы.

  2. К. Аманжолов . Қазақстан тарихы.

Дәрістер курсы.ІІ

  1. Қазақстан тарихы очерктері.

  2. Қазақстан тарихы. ІІ – ІІІ том Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық .

Лекция мақсаты: Қазақстанда азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы күрес азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. Қазақстанда азамат соғысының басталуына байланысты жергілікті халықтың көптеген өкілдері өз еркімен революция жеңісін қорғаушылар қатарына қосылуын көрсету.

Лекция мәтіні:

1. 1917 ж Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі Контрреволюциясының бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гуръев қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде Атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды.Кеңес өкметіне қарсы соғысын бастады.1918 жылы 23 наурызда Орал қазак-орыстары Гуръевте бүлік шығарды.Олар генерал Талстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28- 29 наурызында ақ казактар алашордалармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.

1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австо-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға үәделесті. Бірақ Ресей Үкіметі олардың кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құрылған корпусты Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бір қатар қалаларын басып алды.

2. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкметінің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылы 11 маусымда Семейде Кеңес үкіметі құлатылды. Бұл жердегі кеңес үкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішев, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П Салов және тағы басқаларды азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп интервенттер мен ақ- гвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды.

1918 ж жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс станцияларында Кеңес үкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сонымен Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында «Черкасск қорғанысы»- деп аталды.

1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес үкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай обылысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды.

Революцияға қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің Комуч «үкіметін», Омбыда Колчак бастаған Сібір ақ гвардияшыларының «үкіметін», Каспий сыртқы облысында ағылшын «үкіметін» құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті.

Кеңес үшін ең басты майдан – Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы қиындануына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды.

Осыған орай Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т.б. қалаларда құрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК – нің 1918 жылы 29 тамызда қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды.

3.Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918жылы күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Х.Чурин, Ж.Сәрсенов, Х.Иманов, Б.Жәнікешев т.б. қызмет етті.Сол жылдың қараша айында Ақтөбе майданында Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару- жарақпен оқ -дәрі жеткізді.1918 жылдың аяғы мен 1919 жылыдың басында Ә.Т.Жанкелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл әскер бөлімдерінің қатарына азамат соғыс жылдарында Ресей келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы және шаруалар өкілдері де кірді.

4. Қазақстанда азамат соғысының басталуына байланысты жергілікті халықтың көптеген өкілдері өз еркімен революция жеңісін қорғаушылар қатарына қосылды. Халықтың осы патриоттық қозғалысын ескере отырып, РСФСР Ұлт істері жөніндегі халкоматы 1918 жылы 3 сәуірінде республиканың әскери- революциялық советі «Қырғыз (қазақ) әскери комиссиаттары туралы Ережені» бекітті. Ереже бойынша республика әскери комисариатының негізгі міндеті еңбекші қазақ халқы арасынан Отан қорғауға әзір әскери бөлімдер бүкіл елімізде, оның ішінде қазақ өлкесінде 1918 жылы 15 қаңтарда В.И.Ленин қол қойған жұмысшы–шаруа Қызыл Армиясын ұйымдастыру жөніндегі Халкомсовтың декретіне сәйкес еріктілерден жасақталды. 1918 жылы наурыз-сәуірде советтердің Торғай қыстық съезі Совет өкіметін қолына қару алып қорғағысы келетін қазақ еңбекшілерінің тілегіне орай, атты әскер дивизиясын жасақтау жөнінде шешім қабылдап,

Тоғай облысының төтенше әскери комиссары Ә. Т Жанкелдин арқылы Холкомсовқа өтініш етіп, осы дивизияны қару-жарақпен және киіммен қамтамасыз етуге көмек көрсетуін сұрады. Съезд әскери бөлімдерді толықтыру жөніндегі нұсқауды бекітті. 1918 жылы наурыз айының басында Семей облысының жұмысшы, шаруа, солдат, қырғыз және қазақ депутаттарының біріккен 1- съезінің шешімі бойынша облысқа Советтің жасақтау жөніндегі комиссиясы әскер қатарына еріктілерді жазуға кірісті.

Петропавл уездік Советінің аткомы құрған құрамында И. Д. Дубинин, В. Трацевский т.б бар әскери штаб пен жасақтау жөніндегі комиссия сәірде атқыштар ротасы мен атты әскери эскадронды Ақмолада 200 адамдық отряд, наурызда коммунист Л. П Емелев басқаратын Қызыл Армияның 1300 адамдық бірінші Жетісулық Социалистік жаяу әскер полкі, Верный қаласында жұмысшы металист И. Маментов басқаратын 500 адамдық отряд жасақталды.

Қостанайда осы кезде жалпы саны 1045 жауынгерден тұратын 10- Орал атқыштар полкі мен ерекше атты әскер отрядын жасақтау аяқталды. Өлкенің барлық ұлтарының еңбекшілері – қазақтар, орыстар, қырғыздар, украиндар, татарлар, дүнгендер, ұйғырлар т.б Қызыл Армия әскери бөлімдерін құруды қызу қолдап, өз еріктерімен оның қатарына өтті. 1918 жылы май айына дейін Қазақстан жерінде жасалған құрамалардағы еріктілердің саны 7 мың адамнан аспады. Оларда ұйымдық жағы жеткілікті дәрежеде нығаймаған, қатал тәртіп орнатылмаған еді.Бір ізге түскен, орталықтандырылған басқару аппараты болмады. Командалық кадірлер жетіспеді., әскери дайындық әлсіз болды. 1918 жылы мамыр айынан 1920 жылдың қараша арлығында халықаралық империализмнің қарулы қоқан лоққысы өзінің шеңберінен шығып, жеңіліске ұшыраған ішкі контрреволюцияны ұйымдастырудағы шешуші факторға айналған кезде Қазақстанның советтенген аудандарындағы партия совет органдары, бүкіл еліміз сияқты, Советтердің Бүкіл россиялық 5- съезінің шешімі негізінде жалпыға бірдей әскери міндеттілікті енгізіп, тұрақты армия құруға кірісті. Қазақстандағы советтік аудандар, Шығыс Ақтөбе

Жетісу майдандарындағы әскери бөлімдер мен құрамалар жауынгерлер жасақтайтын базаға айналды.

1918 жылы тамызда РСФСР Ұлт істері жөніндегі халкоматы қазақ ұлттық әскери бөлімдерін жасақтау туралы қаулы қабылдады.

Бұл қазақ халқының мемлекет қорғанысы ісіне тартудың бір түрі еді. Торғайда әскери комиссар А.Иманов пен Қызғыз (қазақ) Дала өлкесінің комиссары Ә.Жанкелдин 1919 жылы қаңтар-наурызында 500 адамдық үш атты әскер эскадронын жасақтады. Қостанайда Қызыл әскерлер арасында тәртіпті күшейтіп, тәрбие жұмысын жүгізуге Кәкімжан Саркин, Ильяс Қоғамбаев ат салысты. Қазақстанның батысында қазақ әскери бөлімдерін жасақтау ісімен 1918 жылдың ІІ жартысынан бастап Орда селосында орналасқан Тұнғаншин Мұхамедияр Хангерей ұлы басқаратын ұлт істері жөніндегі халкоматтың қырғыз бөлімінің әскери бөлімшесі айналысты. Оған Бөкей даласында жергілікті партия, совет органдары көмектесті. Мұнда Орда, Қазақ Таловкасы, Шоңай, Сайхын, Жанғала, Жәнібек т.б селолармен ауылдардың еңбекшілерінен дербес атқыштар полкі жасақталды. Полктің алғашқы ұйымдастырушылардың бірі 1918 жылдан коммунист Бисен Жанікешев кейін оның комиссары болды.Полкте коммунистер Ғабит Сарбаев,Алма Оразбаева, Хамит Чурин, Нұрсұлтан Бекетовтар ұйымдастырушылық және саяси жұмыстар жүргізді.

Орал контрреволюциясын жойғаннан кейін полк Оңтүстік майданда шайқасып Қырымды азат етті. Қазақстандық әскери құрамалар Колчак, Дутов, Врангельді талқандауға, контрреволюциялық басшылары К.К.Мамонов, Б.А.Анненков, Г.И.Семенов, Р.Ф.Унгерн Фон Штернберг әскерлерін жоюға қатысты.

Қазақ халқы көп ұлттық совет халқымен бірге Совет өкімет орнату жолындағы күресте шынығып, социалистік Отанды революция жауларынан жанқиярлықпен қорғады. Қазақстанда Совет өкіметін орнатуға ат салысқан құрамалардың бірі 1918 жылы Николаевск қаласында жасақталған 25-атқыштар дивизиясы болды. Дивизия 1918 жылдың аяғы 1918жылдың басында ақ чехтар Еділ бойындағы ақ казактармен шайқасты. 1918 жылы 7 қазанда Самараны, 1919жылы 24 қаңтар Оралды, 1919 жылы наурызда Ілбішінді азат етті.

1920ж аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге кірісті. 1921ж ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнана азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап көрсетті.

Сьезд партияның соғыс коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу жөніндегі ұстаған бағытын мақұлдап, салғыртты азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім алды. Шаруалар шаруашылығына салынатын салықтың міндетті мөлшері белгіленді, өйткенмен артық өнімдерді шаруаның өзі толық билейтін болып, ал өнімдерді шаруа өнеркәсіп товарларына айырбастауға, базарға шығарып сатуға мүмкіндік алды.

1922ж да ЖЭС-тің енгізілгеніне қарамастан азық түлік салығының салғырттан айырмасы болмағанын байқаймыз. Олардың мөлшері де бірдей және жоғарыдан түсірілетін әрі күштеп жиналатын. РК(б)П Орталық Комитетінің «орталыққа» астық жіберу талабы өте қатаң болғандықтан жергілікті органдар да әртүрлі жан түршігерлік әрекеттерге барды. Соның бірі салықты аз төлеу үшін 50 тиыннан ақша төлеу шарасы. Ал жерін жасырған адам тәркілеуге ұшырап, сотқа тартылатын.

6. Азамат соғыс жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918ж орта кезінде елді барлық материалдық ресурстармен адам күштерін барынша жұмылдыру қалаларды өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық түлікпен қамтамасыз ету, елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, кеңес мемлекеттің шетел интернеттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігімен туған еді. «әскери комунизм» саясаты негінде азық түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық- түлік салғырты енгізілді. «Әскери комунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.

Қазақстанда «әскери комунизм » саясаты негізінен өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл армияны қару жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.

Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ.

Қызыл Армия бөлімдері жұмысшылардың деревня мен ауыл-село кедейлерінің белсене қолдауымен қысқа мерзімде контрреволюциялық бүліктердің бәрін жойды.

Қазақстанда жаңа өкімет орнатудағы күресі жеңіске жетті.

Қазақстанда азамат соғысының аяқталуы және контрреволюциялық күштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919ж маусым айында кеңестердің ұлт істері жөнінде халық комиссариаты қазақ кеңес автономисын құру туралы арнайы мәселе қарады. Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын, мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып, өлкеде кеңестердің құрылтай сьезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты 1919ж 10 шілдеде РСФСР халық комисарлары кеңесінің декреті бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі ревалюциялық комитет құрылды. Ревалюциялық комитеттің 1-ші құрамына С.Пестковский, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жанкелдин, М.Тұнғаншин, С.Мендешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтеков, С. Арғыншиев, А. Абденов, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин, еңбек етті. Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту, егіншілік, юстиция, пошта және телеграф, азық- түлік, жұмыс шаруа инструкциясы, халық шаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды.

1920ж 4-12 қазанында Қазақстан кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Құрылтай съезінің Орталық атқару комитеті ( С. М. Менделеев) және Халком кеңесі ( Радус Зенкович) сайланды. Съезд Қырғыз ( Қазақ) АКСР-і РКФСР –дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы азамат соғысының соңғы майданы қай жерде?

2. Азамат соғысы жылдарында қанша адам қаза тапты?

3. Азамат соғысы жылдарында Ақтөбе майданына Ә. Женгельдиннің экспедициясы жеткізілді.

4. Азамат соғысы жылдарындағы партизан қозғалысының ірі ошағы.

5. Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезіндегі партизан қозғалысының ірі орт

алығын атаңыз?

6. Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезіндегі партизан қозғалысының ірі орталығын атаңыз?

7. Азамат соғысы мен шетел интервенциясының басталуы?
9-лекция

Тақырыбы: Қазақстан шетел интервенциясы мен азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жылдар).

Жоспары:


  1. Қазақстанда шетел соғыс инервенциясы мен азамат соғысының басталуы.

  2. Өлкеде Қызыл Армияның бөлімдерінің қалыптасуы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы.

2. К. Аманжолов . Қазақстан тарихы.

Дәрістер курсы.ІІ

3. Қазақстан тарихы очерктері.

4. Қазақстан тарихы. ІІ – ІІІ том Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық .



Лекция мақсаты: Қазақстанда азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы күрес азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. Қазақстанда азамат соғысының басталуына байланысты жергілікті халықтың көптеген өкілдері өз еркімен революция жеңісін қорғаушылар қатарына қосылуын көрсету.

Лекция мәтіні:

1. 1917 ж Қазақ революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі Контрреволюциясының бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гуръев қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде Атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды.Кеңес өкметіне қарсы соғысын бастады.1918 жылы 23 наурызда Орал қазак-орыстары Гуръевте бүлік шығарды.Олар генерал Талстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28- 29 наурызында ақ казактар алашордалармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.

1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австо-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға үәделесті. Бірақ Ресей Үкіметі олардың кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құрылған корпусты Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бір қатар қалаларын басып алды.

2. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкметінің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылы 11 маусымда Семейде Кеңес үкіметі құлатылды. Бұл жердегі кеңес үкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішев, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П Салов және тағы басқаларды азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп интервенттер мен ақ- гвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды.

1918 ж жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс станцияларында Кеңес үкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сонымен Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында «Черкасск қорғанысы»- деп аталды.

1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес үкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай обылысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды.

Революцияға қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің Комуч «үкіметін», Омбыда Колчак бастаған Сібір ақ гвардияшыларының «үкіметін», Каспий сыртқы облысында ағылшын «үкіметін» құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті.

Кеңес үшін ең басты майдан – Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы қиындануына байланысты 1918жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды.

Осыған орай Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т.б. қалаларда құрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК – нің 1918 жылы 29 тамызда қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды.

Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918жылы күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Х.Чурин, Ж.Сәрсенов, Х.Иманов, Б.Жәнікешев т.б. қызмет етті.Сол жылдың қараша айында Ақтөбе майданында Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару- жарақпен оқ -дәрі жеткізді.1918 жылдың аяғы мен 1919 жылыдың басында Ә.Т.Жанкелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл әскер бөлімдерінің қатарына азамат соғыс жылдарында Ресей келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы және шаруалар өкілдері де кірді.



Бақылау сұрақтары:

1. Азамат соғысы жылдарында Қазақстан жерінде қандай әскери бөлім құру туралы шешім қабылданды?

2. 1918 жылы алғашқы кеңестік үлгі қазақ ковалеристік полкі қайда құрылды?

3. Азамат соғысы қай жылдары болды? Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында астыртын жұмысты кім жүргізді?

4. Азамат соғысы кезеңінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйені көрсет.
10-лекция

Тақырыбы: Қазақ кеңес мемлекетінің құрылуы.

Жоспары:


  1. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі.

  2. Революциялық комитеттерден кеңестерге өту.

  3. 1920 ж 26-тамыздағы РСФСР үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреті.

Пайдаланған әдебиеттері.

1. Аманжолов Қазағыстан тарихының дәрістер курсы. 2-3 том.

2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге деиін. 5- томдық.

3. Мусин Қазақстан тарихы.



Лекция мақсаты: Қазақ Кеңес мемлекетінің құрұлуы атты лекцияның алға қойған мақсаты Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитетінің құрылуы және оның қызметі жайлы, сонымен қатар Революциялық комитеттерден Кеңеске өту жайлы және де 1920 жылғы 26 тамыздағы РСФСР үкіметінің « Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалисттік Республикалардың құру туралы» декреті жайлы студент толығырақ танысып және өзіне қажетті ой-пікірімен қорытындылай отырып өз білімін жарқын меңгергенін көрсетеміз.

Лекция мәтіні:

Ресей империясының отарлаушылық бұғауында болып келген халықтар социалистік революцияға ұлттық мемлекеттік құру мәселесін шешеді деп сеніп, оған қатысты. Жергілікті жерде Кеңестер негізінде құрылған кеңестік автономия экономикалық, саяси және мәдени дамудың әр түрлі деңгейінде тұрған Ресейдің халықтары үшін ұлттық мемлекеттіліктің тиімді формасы еді. Осы тұжырымдарға сәйкес 1918 жылы 30 сәуірде Орта Азияда алғашқы кеңестік мемлекет-Түркістан АКСР құрылып ол РКФСР құрамына енді.

1918 жылы көктемде Қазақ АКСР құру жөніндегі дайындық жұмыстар басталды. Бұл мәселе жоғары партиялық және мемлекеттік орындарда сан рет талқыланды. Қазақстан жерінің ақ гвардияшылардан тазартылуына қарай Кеңес өкіметін қалпына келтіру процесі жүріп жатты. 1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин “Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы” декретке қол қойды. Оның басшылығына ұлты поляк, 1902 жылдан Компартия мүшесі, тұңғыш кеңестік комиссар С. Пестковский тағайындалды.

Автономияны жүзеге асыру ісінде үлкен қиыншылықтар болды, ең алдымен контрреволюцияны талқандау, ұлыдержавалық шовининзмге де, жергілікті ұлтшылдыққа да қарсы батыл күрес жүргізу, жергілікті жерде Кеңес өкіметін нығайту қажет еді. Мұның өзі үлкен күш салуды және белгілі мөлшерде уақытты қажет етті.

Қазақстанда азамат соғысының аяқталуы және контрреволюциялық күштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919ж маусым айында кеңестердің ұлт істері жөнінде халық комиссариаты қазақ кеңес автономисын құру туралы арнайы мәселе қарады. Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын, мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып, өлкеде кеңестердің құрылтай сьезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты 1919ж 10 шілдеде РСФСР халық комисарлары кеңесінің декреті бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі ревалюциялық комитет құрылды. Ревалюциялық комитеттің 1-ші құрамына С.Пестковский, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жанкелдин, М.Тұнғаншин, С.Мендешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтеков, С. Арғыншиев, А. Абденов, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин, еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді.

Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту, егіншілік, юстиция, пошта және телеграф, азық- түлік, жұмыс шаруа инструкциясы, халық шаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды.

1920 жылдың қаңтарынан маусымына дейін бүкіл Қазақстан бойынша қазақ халқы өкілдерінің ояздық сьездері өтті, өмірлік маңызы зор көптеген мәселелер талқыланды, олардың ішіндегі негізгілері Кеңес өкіметін туралы, оның мәні мен мақсаттары, оның қазақ халқына не беретіні жайында еді. Бұл сьездер халықтың көпшілігі-қазақ кедейлері мен орташалары үшін үлкен саяси мектеп болды.

1920 жылғы жаздың аяғына қарай жер-жерлерде мемлекеттік өкімет органдарының бірыңғай жүйеесіне көшу негізінен алғанда аяқталды. Ревкомдар төтенше органдар ретіндегі өз рөлін атқарып, орындарын конституциялық органдар-Кеңестерге берді. 1920 жылы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” депатаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды.

1920 жылы 20 тамызда Бүкіл Ресейлік Орталық атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары “Автономиялы Қырғыз (қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы” декрет қабылданды.

1920 жылы 7 шілдеде Орынбор қаласы 1920 жылғы 22 қыркүйекте Орынбор губерниясы қосымша Қазақ АКСР құрамына енгізілді. Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы болған (1920-1924 жылдары) Орынбор оның қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарды.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы

  2. және оның қызметінің маңызы мен ерекшелігі қандай сипат алған еді?

  3. Революциялық комитеттерден кеңестерге өту жағымды және

  4. жағымсыз жақтары қандай?

  5. Революциялық комитеттің бірінші құрамына кірген қазақ зиялыларын ата?


11-лекция

Тақырыбы: Қазақ кеңес мемлекетінің құрылуы.

Жоспары:

  1. ҚАКСР кеңестерінің құрылтай сьездері.

  2. «Қырғыз (Қазақ) еңбекшілері құқықтарының декларациясы» және оның мазмұны.

  3. Кеңестердің бірінші құрылтай сьезі

Пайдаланған әдебиеттері.

1. Аманжолов Қазағыстан тарихының дәрістер курсы. 2-3 том.

2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге деиін. 5- томдық.

3. Мусин Қазағстан тарихы



Лекция мақсаты: Қазақ халқына Кеңес мемлекетінің құрылуын өте зор ықпалын тигізгені мәлім. Осы тақырыпты қарастыра отырып Қазақ АКСР құрылуын және Кеңестердің құрылтай съезінің шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алғандығы жайлы біз тереңдетіп лекцияның мәтінін қарастырамыз.

Лекция мәтіні:

Қазақ АКСР құрылуын және Кеңестердің құрылтай сезінің шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды. Қазақтың Кеңестік ұлттық мемлекеттілігін құрудың орасан зор тарихи маңызы болды. 1920 жылы республика әкімшілік-аумақтық жағынан Орал, Орынбор, Қостанай, Ақтөбе губернияларына (соңғы үшеу Орынбор-Торғай губерниясы негізінде), Бөкей, Ақмола, Семей (соңғы екеуі Қазақ АКСР құрамына 1921 жылы көктемде кірді) губернияларына және Адай аумағына бөлінді. Жетісу мен Сырдария облыстарының қазақ аудандары әлі де Түркістан АКСР құрамында болып келді. Олардағы Кеңес жұмысына басшылық жасау мақсатымен Түркістан ОАК жанынан қазақ бөлімі құрылды.

Қазақ АКСР құрамына 31 қала мен 14 қала типтес поселке болдыы, елді мекендердің жалпы саны 10 мыңнан артық еді, олардың мыңнан астамы-әкімшілік ауылдар, әрқайсысына орта есеппен 3-15 жеке шаруашылық кірді. 1920 жылдың аяғында республикада 4,7 млн. адам бар еді, олардың 50,3 проценті қазақтар, орыстар-31,2%, украиндар-14,4% Селолық жерде 4,3 млн. адам тұрды. Халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге не бары 2,5 адамнан келетін. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді (қала халқының да бір бөлігі егіншілікпен айналысатын).

1921 жылы Қазақ АКСР құрамына Семей және Ақмола губерниялары енді. Қазақстанның шектес республикаларымен шекаралары айқындалды, Орынбор мен Торғай губерниялары Орынбор, Ақтөбе және Торғай губернияларына бөлініп, ықшамдалды.

Қазақ АКСР Халкомы мемлекеттік мекемелерде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы декрет қабылданды, онда барлық қаулы-қарарларды екі тілде шығару, ал қазақтар басым аудандарда іс және қатынас қағаздарын ана тілінде жүргізу міндетті деп атап көрсетілді.Республика үкімет қазақ әйелінің қадір-қасиетін барынша кемсітетін ғұрыптарды жою мақсатында құн төлеу мен құн алуға заң жүзінде тыйым салып, қалың малды, сонда-ақ көп әйел алуды және әмеңгерлікті.

Жас республика тез аяқтана бастады, қазақ халқының социалистік ұлт болып қалыптасу процесі күшейе берді, оның басқа халықтармен достығы нығая түсті. 1924 жылғы 5-10 қаңтарда Қазақстан Кеңестерінің IV сьезі болды. Сьезд Республиканың саяси және шаруашылық өмірінің түбегейлі мәселелерін талқылап, халық шаруашылығын тез арада қалпына келтірудің маңыздылығын атап көрсетті.

Сьезд Республика Конституциясын қабылдады, онда Қазақ Автономиялық Кеңес социалистік Республикасының РКФСР құрамында болатыны атап көрсетілді.

Қазақ халықының Кеңестік ұлттық мемлекеттігін жариялаудың маңызды өте зор болды. Ол өзінің ғасырлар бойы арманының орындалуы, отаршылдыққа қарсы сан мың күресінің нәтежесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп түсінді. Бірақ республиканың құрамына қазақ жерінің бәрі кірмеді. Қазақ өлкесін бірнеше әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөліп тастаған патшалық отаршылдық саясатының зардаптырын біржолата жою қажет еді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қаз АКСР- нің құрылтайы қашан болды?

  2. Кеңестердің бірінші құрылтайында қандай мәселе қарастырылған еді?

  3. Қазақстан Кеңестерінің ІҮ съезі қашан болды?


12-лекция

Тақырыбы: Қазақстанда жаңа экономикалық саясат жылдарында.

Жоспары:

  1. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғы шарттары.

  2. Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиялы тауар-нарықтық бағытардың күресі: «Кімді кім жеңеді» мәселесі.

  3. Экономикалық көп укладтылықтың қалыптасуы.

  4. ЖЭС-тің екі жағы және екі кезеңі.

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Ү. Мусин. “Қазақстан тарихы”

  2. К. Аманжолов “Қазақстан тарихы” Дәрістер курсы I-II.

  3. ҚАзақстан тарих очерктері.

  4. Қазақстан тарих 1-2 том.

  5. Көне заманнан бүгінге дейін.Бес томдық.

Лекция мақсаты: Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарастыра отырып, Социалисттік капитализмге дейінгі және стихиялық тауар- нарықтық бағыттардың күресі, « Кімді кім жеңеді» мәселесі жайлы талқыламақпыз. Сонымен қатар лекцияға толығырақ ЖЭС-тің екі жағы және екі кезеңі жайлы шолып өтеміз.

Лекция мәтіні:

Қазақстанда жаңа эканомикалық саясатты (НЭП- ті) іске асыру 1921 ж Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық – түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 ж Жетісуі және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 ж салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн. пұттан асқан жоқ. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа эканомикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтарда кездесті. Атап айтқанда, 1921 ж жазда Еділ өзенінің бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Бөкей, Ақтөбе, және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Осы қиын қыстау кезіңде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті.

20- жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды ролі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.

1921ж ақпан айында жер-су реформалары Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су ревормаларын жүзеге асыру бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Қосшы одақтарын құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж.Бөрібаев, О.Жандосов, А.Розыбакиев, т.б. қоғам қайраткерлері көрнекті қызмет атқарды. 1921 ж наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді. Қазақстан еңбекшілерінің халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында бірқатар табыстарға қолдары жетті. 1925 ж аяғында републикада өнеркәсіп өнімін өндіру едәуір өсті.

Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды роль атқарды. 1925-1926 ж шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың , ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.

Республикада өнеркәсіпті қалпына келтіру 1927 жылға дейін созылып, екі жылға кешігіп аяқталды.

Ауыл шаруашылығында жағдай да өте күрелі болды. Ауыл- селолардағы әміршіл-әкімшіл жолмен жүргізілген жер-су реформасы, шаруаларға жерлерді қайта бөліп беру қазақ қоғамының әлеуметтік эканомикалық өзгерістеріне әсерін тигізді.

Қазақстанда жаңа эканомикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің ролі күшейді. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 ж уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болы өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа эканомиклық саясаттың мәнін түсынбеді, бұрынғысынша “әскери коммунизм” әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестердің құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсне қатысқан Қазақ АКСР Орталық Комитеттің тұңғыш төрағасы С.Меңдешев, орынбасары Ә.Жанкелдин, ішкі істер халық комиссары Ә.Әйтиев және және басқалар Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді. 1921ж 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші Съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғшқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. 1922 ж Кеңестер сайлуы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында облыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін, депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. КАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 ж Ә.Жангелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 1922 ж 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкіл одақтық бірінші съезі Кеңестердің Социлолистік Республикалар одағы құрылғанын жариялады. Басқада автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-де Кеңестік Ресей федерациясы құрамында Одаққа кірді. Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межелуі нәтижесінде Түркістан АКСР-нің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-не қарайтын болды. Соның нәтижесінде 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы-1млн. 468 714 адамға өсіп 5230 мыңға жетті. Республиканың астанасы Қызылордаға(Ақмешіт) көшті. Қазақ жерімен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және эканомикалық маңызы болды. 1925 ж сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің бесінші съезі өтті. Ол “Ауылға , қыстаққа және деревнияға бет бұрайық” деген ұран негізінде жұмыс істеп, шаруаларды жерге орналастыру жұмыстарының жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктерді қолдау мәселелерін талқылады.

1925 ж ревпубликаның коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді. Жастардың көптеген танымал басшылары шықты.олардың аасында С.Жақыпов, Қ.Әміров, С. Нұрпейісов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәжібеков, А. Шымболатов және т.б. бар еді.

1928 ж Қазақстанда жаңа әкімшілік-територияларға бөлу іске асырылды. 1929 ж әкімшілік-териториялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан Сібір теміржолының құрылысының бітуі мен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының орталығы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді. Сонымен бірге 20- шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеялогиясы неізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді.



Бақылау сұрақтары:

  1. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғы шарттары қандай болды?

  2. ЖЭС-тің екі жақты кезеңінің мәні қандай еді?

  3. Қазақ АКСР Орталық Комитеттің тұңғыш төрағасы кім болып сайланды?


13-лекция

Тақырыбы: Қазақстан жаңа эканомикалық саясат жылдарында.

Жоспары:

  1. Жаңа эканомикалық саясатқа көшу және оның мәні.

  2. Азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру.

  3. 1921-1922 ж аштыққа қарсы күрес.

  4. Орта Азияны ұлттық территориялық межелеу.

  5. Қазақ жерлерінің біріктірілуі.

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Ү. Мусин. “Қазақстан тарихы”

  2. К. Аманжолов “Қазақстан тарихы” Дәрістер курсы I-II.

  3. ҚАзақстан тарих очерктері.

  4. Қазақстан тарих 1-2 том.

  5. Көне заманнан бүгінге дейін.Бес томдық.

Лекция мақсаты: Қазақстанның Жаңа экономикалық саясатқа көшуі және Азық –түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру, 1921-1922 жылдардағы аштыққа қарсы күрес, сонымен бірге Орта Азия ұлтының территориялық межелеу, Қазақ жерлерінің біріктірілуі жайлы лекцияны толығрақ шолу және студент өз білімін жетілдіру болып табылады.

Лекция мәтіні:

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, эканомикалық және әлеуметтік- саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстарғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтардың мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 ж аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары 50,3, орыстары- 31,1, украиндары- 14,4 , пайыз халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып қайта жырту жүйесі, мал шаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шарушылық басым болатын. Егістік көлемі азамат соғысы жылдарында едәір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды.

Қазақстанның өнеркәсібі құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шарушылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді. Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты эканомикалық бірнеше меншік түрі: патриархалдық, ұсақ шаруалық, капиталистік жеке меншік, мемлекеттік- капиталистік және социолистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың эканомикадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан эканомикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын тудырды. әсіресе ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік көп және қатал әдістермен жиналды.

Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни “әскери коммунизм” саясатынан бас тартуға, жаңа эканомикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр болды.

Қазақстанда жаңа эканомикалық саясатты (НЭП- ті) іске асыру 1921 ж Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық – түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 ж Жетісуі және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 ж салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн. пұттан асқан жоқ. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа эканомикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтарда кездесті. Атап айтқанда, 1921 ж жазда Еділ өзенінің бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Бөкей, Ақтөбе, және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Осы қиын қыстау кезіңде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті.

20- жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды ролі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.

1921 ж ақпан айында жер-су реформалары Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су ревормаларын жүзеге асыру бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Қосшы одақтарын құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж.Бөрібаев, О.Жандосов, А.Розыбакиев, т.б. қоғам қайраткерлері көрнекті қызмет атқарды. 1921 ж наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді. Қазақстан еңбекшілерінің халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында бірқатар табыстарға қолдары жетті. 1925 ж аяғында републикада өнеркәсіп өнімін өндіру едәуір өсті.

Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды роль атқарды. 1925-1926 ж шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың , ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.

Республикада өнеркәсіпті қалпына келтіру 1927 жылға дейін созылып, екі жылға кешігіп аяқталды.

Ауыл шаруашылығында жағдай да өте күрелі болды. Ауыл- селолардағы әміршіл-әкімшіл жолмен жүргізілген жер-су реформасы, шаруаларға жерлерді қайта бөліп беру қазақ қоғамының әлеуметтік эканомикалық өзгерістеріне әсерін тигізді.

Қазақстанда жаңа эканомикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің ролі күшейді. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 ж уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болы өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа эканомиклық саясаттың мәнін түсынбеді, бұрынғысынша “әскери коммунизм” әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестердің құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсне қатысқан Қазақ АКСР Орталық Комитеттің тұңғыш төрағасы С.Меңдешев, орынбасары Ә.Жанкелдин, ішкі істер халық комиссары Ә.Әйтиев және және басқалар Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді. 1921ж 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші Съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғшқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. 1922 ж Кеңестер сайлуы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында облыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін, депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. КАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 ж Ә.Жангелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 1922 ж 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкіл одақтық бірінші съезі Кеңестердің Социлолистік Республикалар одағы құрылғанын жариялады. Басқада автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-де Кеңестік Ресей федерациясы құрамында Одаққа кірді. Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межелуі нәтижесінде Түркістан АКСР-нің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-не қарайтын болды. Соның нәтижесінде 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы-1млн. 468 714 адамға өсіп 5230 мыңға жетті. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жерімен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және эканомикалық маңызы болды. 1925 ж сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің бесінші съезі өтті. Ол “Ауылға , қыстаққа және деревнияға бет бұрайық” деген ұран негізінде жұмыс істеп, шаруаларды жерге орналастыру жұмыстарының жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктерді қолдау мәселелерін талқылады.

1925 ж ревпубликаның коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді. Жастардың көптеген танымал басшылары шықты.олардың аасында С.Жақыпов, Қ.Әміров, С. Нұрпейісов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәжібеков, А. Шымболатов және т.б. бар еді.

1928 ж Қазақстанда жаңа әкімшілік-територияларға бөлу іске асырылды. 1929 ж әкімшілік-териториялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан Сібір теміржолының құрылысының бітуі мен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының орталығы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді. Сонымен бірге 20- шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеялогиясы неізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет