Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
Атмосфера.
Ең басты мәселе ауаға шығарылып жатқан зиянды 
заттардың мөлшерін күрт азайту жолдарын қарастыру, барлық сүзгіш 
әдістерді жүзеге асырып, өнеркәсіп орындарында пайдалану. Бұл мәселе 
барлық елдерге тән. 
Қалдықтар.
Өнеркәсіп 
орындарының 
қалдықтарымен 
қатар 
муниципалдық қалдықтарда көп мөлшерде шығарылуда. Қалдықтар қауіпті, 
уландырғыш, радиоактивті және аралас болып бөлінеді. Қалдықтар 
мәселесінің шешілу жолдары – қалдықсыз өндіріс санын арттыру, 
қалдықтарды өңдеуші зауыттарды көптеп салу, қалдықтар полигондарын 
жабдықтау, қалдықты аз шығарушы текхнологияларды қолдану.
Қазақстандағы 
саяси 
ахуал 
бүкіл 
әлемге 
тұрақтылықтың, 
конфессияаралық келісімнің, еліміздің барлық азаматтарының мүддесінде 
демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың бірегей үлгісін танытып 
отыр. Қазақстанның тұрақты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін 
теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл 
атқара алады және атқаруға тиіс. 
Осы орайда Қазақстан өзінің дамуында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне 
қатер төндіретін біршама кедергілерге кезігуде. Қазақстан Республикасының 
қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы 
шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну 
есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен 
құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға 
қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел 
аумағының 75%-на жуығы экологиялық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне 
ұшыраған. Шөлейттену мәселесі өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», 
қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін 
улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жайкүйі мен халықтың 
денсаулығына қатер төндіреді. 
Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат 
секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда 
ұйымына (ДСҰ ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың 
өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары болып табылады. 
Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында 
айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың 
денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық
экономикалық, экологиялық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын 
алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға 
көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс. 
Экономикалық өсім процесінде экологиялық талаптарды арттыру, 
қоршаған ортаға антропогендік қысымды азайту қажет. Ол үшін 2024 жылға 
қарай экологиялық тұрақтылық индексі кем дегенде қазіргі ең жақсы 


97 
көрсеткіш – 88 балға дейін жеткізу қажет. С ол арқылы өмір сүру сапасының 
көрсеткіштерін ең жоғары әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай 
жақсарту қамтамасыз етілетін болады. 
Тұрақты дамуға көшу кезеңдері 
Қазақстан Республикасы үшін тұрақты дамуға көшу кезең-кезеңімен 
жүзеге асырылатын болады. Ол үшін тұрақты дамудың әр кезеңіне арналған 
белгіленген өлшемдер анықталады. 
Дайындық кезеңі
(2007-2009 ж.ж.) – тұрақты даму қағидаттарын 
қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы 
әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау. 
Бірінші кезең
(2010-2012 ж.ж.) – Қазақстан Республикасының әлемдегі 
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету. 
Екінші кезең
(2013 - 2018 ж.ж.) – өмір сүру сапасы деңгейі бойынша 
әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, 
табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды 
айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін 
қамтамасыз ету. 
Үшінші кезең (2019-2024 ж.ж.) – тұрақты дамудың қабылданған 
халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу. 
Тұрақты дамуға көшудің негізгі қағидаттары, басымдықтары, 
мақсаты мен міндеттері 
Қазақстан Республикасында тұрақты дамуға көшудің негізгі 
қағидаттары мыналар болып табылады: 
- бүкіл қоғамды тұрақты дамуға қол жеткізу процесіне тарту; 
- тұрақты даму үшін саяси негіз жасау; 
- ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі 
көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу 
тиімділігін арттыру; 
- ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу 
нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін 
арттыру; 
- ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; 
- салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық 
жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту; 
- қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны 
қорғау қызметін жетілдіру; 
- трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму. 
Тұрақты дамуға көшудің басымдықтары мыналар: 
- өндіріс пен тұтынудың тұрақты үлгілерін енгізу; 
- жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану; 
- тұрақты көлік жүйелерін дамыту; 
- энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау; 
- тұрақты дамудың өңірлік проблемалары; 
- халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру; 


98 
- экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып, кедейшілікке 
қарсы күрес; 
- тұрақты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту; 
- тарихи және мәдени мұраны сақтау; 
- халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын 
алу және азайту; 
- шөлейттенуге қарсы күрес; 
- биологиялық әралуандықты сақтау; 
- эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын 
заттарды азайту; 
- сапалы ауыз суға қолжетімділік; 
- трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу; 
- радиациялық және биохимиялық қауіпсіздік; 
- қалдықтарды кәдеге асыру. 
Тұрақты даму концепциясын жақын болашақта Қазақстанда жүзеге 
асыру мақсаттардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады және бұл 
шаралардың жүзеге асырылуы экологиялық жағдайдың, экономикалық 
дамудың, саяси, әлеуметтік және жалпы қоғамның сапалы жетістігіне алып 
келеді.


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет