Факультет: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі» Кафедра:«Қаржы және есеп»


) Геродот, Страбон пікірлері мен зерттеулері



бет2/3
Дата21.09.2023
өлшемі84,46 Kb.
#181971
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-131997
Презентация тақырыбы Көшпелілер өркениеті
2) Геродот, Страбон пікірлері мен зерттеулері
Геродот сақтарды азиялық скифтер деп атайды, Страбон да дай, сақ, массагеттен басқаларын ортақ атпен скифтер дейді. Екі автордың да еңбектерінде сақ, массагет тайпалары жайлы айтылады және олардың географиялық орналасуы көрсетіледі. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай,Сырдарияның арғы жағына орналастырады. Страбон да «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбіне «дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар болды» деп көрсетеді. Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар деп жазады (асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер).
Геродот пен Страбонның еңбектерінде сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы соғысы баяндалады. Геродот «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, семсер және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өледі» деп сипаттаса, Страбон «Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүрек екендерін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды» деп жазды.
Геродот «Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, мал мен өзеннен аулайтын балықты азық етеді. Сүт ішеді» деп жазса, Страбон «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, олар – көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» дейді.
Геродот пен Страбонның еңбектерінде массагеттердің әскери өнері туралы мәліметтер де ұқсас болып келеді. Геродоттың айтуынша «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көздеп ататын мерген келеді десе, Страбон «Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер. Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді» деп жазады.



3) Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы



Шаруашылық, мәдени және саяси байланыс
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі.
Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді
Дала өркениеті мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы мен көшпелі мемлекеттердің құрылуына алып келді. Ғасырлар бойы көшпелі мемлекеттілік дәстүрі қалыптасты. Ол саяси басқаруда, шаруашылық және рухани-мәдени өмірде, өнеге мен тәртіп нормаларынан орын алды. Қазақстан аумағында ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар – үздіксіздік және сабақтастық. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен байланысты. Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі «аң стилі» деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен олардың мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан. Бұл олардың көркемдік ой-өрісінің дамығандығын және металлдар технологияларын жоғары дәрежеде меңгергендігін білдіреді. V-IV ғғ. сақтарда мемлекеттіліктің басты белгісі – жазу пайда болған. Осылайша,сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі үрдіс болды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін (1465 жыл) сабақтастық байланыста 18 көшпелі мемлекет өмір сүрді. Қазақ хандығы төрт ғасырға жуық дәуірде елеулі рөл атқарды, өзіндік саясат жүргізді, мемлекеттің, халықтың бірлігін нығайтты. Мемлекеттің іргесінде қазақ халқы бірікті, оның этникалық территориясы қалыптасты, қазақтың тұрмыс тіршілігі, рухани және материалдық мәдениеті дамыды. XIX ғасырда Ресей империясы Қазақстандағы дәстүрлі мемлекеттік билікті түбегейлі жойды.
Өркениеттің өлшемі жазу тек отырықшы шаруашылықтың басты белгісі деген қағидат археологиялық табыстар негізінде күмән туғызды, өйткені Жетісу өлкесінде көшпелі сақ қоғамда біздің заманымызға дейін V-IV ғасырларда жазу пайда болған. Осылайша, сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі үрдіс болып қалыптасты. Көшпелі ғұн империясында жазу қолданылған, мемлекетте іс- қағаздар айналымы жүргізілген. Ал ерте ортағасырлық Түрік қағанатында көне түрік жазуының кең таралуы және жазудың түрік тілінің заңдылықтарына әбден лайық болғандығымен сипатталанады. Жазудың пайда болуы көшпелі қоғамның өзіндік сұранысы мен қажеттілігі әкімшілік және дипломатиялық тәжірибиенің, мемлекеттік актілер мен дәстүрлерді тіркеу қажеттілігімен байланысты.
Дала өркениеті дала мәдениетінің және оның аса тұрақты бөлігі ретіндегі далалық тұрмыспен тығыз байланыста дамып отырды. Оның тамыры бастауын қола дәуірінен алып, сақ тарихи-мәдени қоғамдастығы кезеңінде негіздері орнығып, ал түркі мемлекеттік құрылымдарында одан әрі дамытылып, көшпенді тұрмыс уақыт пен кеңістік жағынан жоғарғы деңгейлі сабақтастық сипатына ие болады. Барлық этникалық және жергілікті нұсқаларда ұзақ тарихи кезеңдер арқылы сақталып келген мәдениеттегі стереотиптер кұрылады.Олар негізінен материалдық және рухани мәдениеттен, адамгершілік пен жүріс-тұрыс нормаларынан айқын көрініс табады.
Дала өркениетінде ауыз әдебиеті саласындағы шығармашылықтың түрлі формаларының орны мен рөлі ерекше болды. Олар есте сақтау қабілеті мен шешендік өнердің дамуына, көркем шығарманың жоғарғы формалары болып табылатын батырлық эпостар мен лирикалық поэмалардың көптеп пайда болуына жол ашты. Егер отырықшы қоғамда батырлық эпостар мен лирикалық поэмалар ондықтармен саналса, көшпелі қоғамда бұл көркем жанрлар жүздікпен саналады. Қазақтың фальклорлық қорында аталмыш рухани мирастың саны бес жүзден асады.
Сайып келгенде Ұлы дала құндылықтары Еуразия халықтарының рухани және материалдық асыл қазынасынан орын тапты
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.
Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда «көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды», — деген. Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды» деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: «Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ», — деп есептеген.
Ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: «Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам» деп пікір жазған.
Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі — қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. "Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды" деген пікірлер де жиі кездеседі.
Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет