Факультет: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі» Кафедра:«Қаржы және есеп»



бет1/3
Дата21.09.2023
өлшемі84,46 Kb.
#181971
  1   2   3
Байланысты:
stud.kz-131997
Презентация тақырыбы Көшпелілер өркениеті


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»


Кафедра:«Қаржы және есеп»




СӨЖ






Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері

Орындаған: Асанбай Айғаным


Тексерген:Ноянов.Е.Н

Алматы,2023ж.




Мазмұны


Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы
2)Геродот,Страбон пікірлері мен зерттеулері
3)Көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастары
4)Көшпелі қала-дала байланысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе


Көшпелі тұрмыстың ерекшелігі Ұлы даланың кез-келген көшпелі қоғамында негізгі мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, қалалар мен қоныстар және т.б. мәдени- шаруашылықтың бірнеше түрлері болды. Жалпы көшпелі шаруашылығы толыққанды қоғамға айналды деуге дәлелдер жеткілікті. Негізінде таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі жартылай көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да ғылыми әдебиеттердегі қолданылып жүрген «көшпелі қоғам» мен «көшпелі мемлекет» деген ұғымдардағы «көшпелі» сөзі шартты мағынаға ие. Дала өркениетінде Қазақстанның кең байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген. Түркі көшпенділер қоғамда қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың бойында жайғасқан. Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың өзара байланыстағы салаларына айналды.


1)Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы
Көшпелілер өркениетін дәл бүгінгі өркениеттің тұрғысынан түсінбеу керек. Көшпелілер өркениетін темір дәуірінің алғашқы кезіндегі ру – тайпалардың тіршілік көздерінің дамуы көріністері ретінде түсінген жөн. Көшпелілер сан мыңдаған басы артық төрт түлік мал өсірген. Олар материалдық және рухани игіліктерін өздері ғана пайдаланып қоймай, басқа да өркениетті елдермен байланыс жасаған. Қару – жарақ, құрал – саймандары, әсіресе металл өңдеудің өркендеуі, әйгілі аң стилінде жасалған бұйымдары өнердің дамуында ерекше орын алған. Олар бүгінгі таңдағы мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан.
Бұрын отырықшы жер өңдеу кәсібімен айналысқандар ғана өркениетті ел болып саналған. Ал мал өсіріп, жартылай көшпелі өмірмен айналысқандардың мәдениетіне көңіл аударылмай келді. Алайда археологиялық зерттеулер көшпелілер өркениеті бар екендігін дәлелдеді. Шындығында, бұл екі өркениет бір – бірінсіз өмір сүрмеген. Олардың арасындағы байланыс ежелгі дәуірлерден – ақ белгілі.
Б.з.д ғасырлардағы жазба және археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар Қытай, Ассирия, Мидия, Парсы сияқты елдермен өркениетті қарым – қатынас жасаған. Әрине бұл байланыстар бірде тату, бірде соғыс жағдайында болған. Сақтар мен сармат тайпалары алғашқы мемлекеттік дәржеде өмір сүріп, атақты парсы, грек жаулаушылары Кир мен А.Македонский сияқты жеңімпаз әскерге соққы берген тайпалар.
Жібектен және жүннен жасалған бұйымдар Оңтүстік және Батыс Еуропа жерлерінен б.з.д. ҮІ – Ү ғасырларға жататын қабірлерден де табылған. Бұдан сақтар мен скифтердің Батыс пен Шығыс аралығында байланыстыру ерекше рөл атқарғандығы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет