Family in modern society-Қазіргі қоғамдағы отбасы



Дата17.02.2023
өлшемі13,94 Kb.
#169171
түріСынақтар
Байланысты:
шет тілі
Пальчун ЛОР, дәрістер1-15, экзамен3, Мульти медиялық технологиялар

Family in modern society-Қазіргі қоғамдағы отбасы
Отбасы-ол әр адам үшін кіші мемлекет болып табылады.Себебі онда адам дүниге келген сәттен бастап,өмірінің соңына дейін бірге болып,барлық сынақтарды бастан кешіреді.Отбасының басты міндеті-баланы аман-есен өсіру және олардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне бас көз болып және қоғам арасында қарым-қатынасты сақтау.
Қазіргі уақытта отбасыларда заманға сай негізгі тәрбие мен құндылықтар қалыптасып жатса,ал кейбір отбасыларда керісінше отбасы құндылықтары кетіп жатыр.Оған айтар болсам қазіргі қоғамда көптеген күн көрістің қиындығына қарамастан үлгі болатын отбасыны байқауға болады.Мысалы ретінде ата-ана отбасының материалдық жағдайы мен баланың тоқтығы үшін,уақытының көп бөлігін жұмысқа арнайды.Осы кезде ата-ана уақытының тығыздығына қарамастан баланың тәрбиесіне тұрақты көңіл бөліп,адамдар арасындағы қарым-қатынасын жақсартады.Яғни осы іс әрекеттерге қарап қоғамда әр отбасы өнеге алып,отбасы құндылығын арттыра түседі. Бірақ қоғамда барлық отбасы бірдей бола бермейді,отбасы құндылығының жоғарылауымен қоса көптеген отбасы мәселесі артта қалысар емес. Оған негізгі себеп отбасы арасындағы терең қарым-қатынастың болмауы,түсінішпеушілік және сенімсіздік болып табылады.Осы түсінішпеушіліктің әсерінен түрлі отбасыларда ұрыс-керіс,ажырасу,жартылай отбасылардың пайда болуына алып келіп жатыр.Қоса кетерлік кейбір ата-ананың жұмысқа ғана тұрақты көңіл бөліп,бала тәрбиесіне аз көңіл бөліп жатқанында кездестіреміз.Отбасынан көрмеген мейірімділікті бала сырттан іздей бастайды және дұрыс емес әдеттерді үйренеді.Бұл баланың білімінің бұзылуына және отбасына деген көңілінің сууына әкеледі.Бұл жағдайлардың ары қарай жалғасуы,отбасы сөзінің мән мағынасының жойылуына алып келуі мүмкін.Сондықтан әр отбасы мүшесі өз отбасының беріктігін сақтау үшін жауапкершілікті сезінуі керек.
Қорыта келе,қазіргі қоғамда барлық отбасының бірдей бақытты деңгейде өмір сүрмейтінін байқадық.Бұл қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан,отбасы келеңсіздігінің алдын-алу мақсатында көптеген іс шаралар мен тәрбие жұмыстарын қолға алуымыз керек.Осы істің нәтижесінде қоғамдағы көптеген балалардың бақытты болуына,отбасы дәрежесінің артуына негізгі себеп болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет