Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс-шара. "Бақытты бала –бақытты ел" Мақсаты



Дата21.09.2023
өлшемі18,36 Kb.
#181926
Байланысты:
1 маусым балалар күні
9 Б сынып тізім, Дүниежүзі тарихы Абсолютизм Батыс пен Шығыс Әдістемелік нұсқаулық 6.18.1, Дүниежүзі тарихы Абсолютизм Батыс пен Шығыс Әдістемелік нұсқаулық 6.18.1, 1 мамыр сценарий гулим, 1651774266-Есболов мақала 3

Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс-шара.
"Бақытты бала –бақытты ел"


Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.


Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар.
Жазда келді, жайнаған гүлді шыңдар.
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәріңде, армысыңдар.
Балалар, 1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне, біздің мектебімізде де осы балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала –бақытты ел » атты мерекелік шара өткелі отыр.
Осы мерекелі шарамызды бастамас бұрын балаларға деген жылы лебізін білдіру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Кайралапина Орынгуль Жетписбаевнаға береміз.
Жүргізуші:
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, әнде бүгін шырқалар – дей отыра, келесі кезекті әсем әуенге берсек. Ән:
Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші!
Аюдың келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Бүгін бізде, 1 - маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағың келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, аюды өзімізбен бірге қалдырамыз ба?
Аю: Қане, балалар онда сендермен бір көңілді би билейік . Менің жасаған қимылдарымды бәріміз бірге қайталаймыз.


Жүргізуші:
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымызға береміз. 4 «А» сыныбы
Жүргізуші:
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді
Алдарыңызда орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Келесі кезекте биші қыздарымыздың өнерлерін қарсы алайық. Флешмоб
Мерекелік іс-шараға келген оқушыларымызға сыйлықтарымызды табыстаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Бақытты бала – бақытты ел » атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет