Фармакокинетика



бет14/18
Дата02.11.2023
өлшемі43,02 Kb.
#189036
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Фарма жб 1 рк
7 - Симуляциялық курс «Шұғыл жағдайлар» на 2022-23 (1), реферат 9 пз Аида
Крахмал шырышы

  • Барбитур қышқылының туындысы. Көктамырға бір рет енгізгенде ұзақтығы 20-30 минут наркоз тудырады. Қысқа уақыт әсер етуі заттың организмде қайта бөлінуі – май тіндеріне жинақталуына байланысты. Наркоз кезінде анальгезия әлсіз. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. Тиопентал-натрий

  • Препарат ұйқы бұзылысында қолданылады. Ұйқы құрылымына аз әсер етеді. Бензодиазепин рецепторларының агонисті, химиялық құрылысы бойынша бензодиазепин туындысы болып табылмайды. Препаратты анықтаңыз және оның ұйықтатқыш әсерінің механизмін түсіндіріңіз. Нитразепам, Бензодиазепин рецепторларын ынталандыру арқылы ГАМҚ-ның ГАМҚА-рецепторларына аффинитетті жоғарылатады және медиатордың тежегіш әсерін арттырады

  • Эпилепсия кезінде қолданылатын препарат, әсіресе үлкен тырысулық ұстамада науқастың көңіл күйі жақсарады, олар көпшіл, әрекетшіл болады. Тригеминалды невралгия (үшіншілік жүйкелік невралгия) үшін ең таңдаулы препарат болуы мүмкін. Препаратты анықтаңыз және оның эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз? Карбамазепин, мембрана жасушаларында натрий өзекшелерін тежеп, нейрондардың жоғарғы жиілікті импульстарды сақтау қабілетін төмендетеді

  • Препарат Паркинсон ауруын және паркинсонизм синдромын емдеуге арналған. Глутаматергиялық әсерді тежейтін, NMDA-рецепторларының бәсекелес емес антогонисті. Препаратты анықтаңыз. Мидантан

  • Медиаторлар мөлшерін жоғарлатып, паркинсонизм кезінде базальды ядролардағы дофаминергиялық процестерді күшейтеді. Жиі жүрек қантамыр жүйесі мен асқорыту мүшелерінің бұзылыстарын шақырады. Препаратты анықтаңыз және паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз? Леводопа, ДОФА декарбоксилаза ферментінің әсерінен дофаминге айналады және D2-рецепторларын ынталандырады

  • Эпилептикалық статусты тоқтату үшін қолданылады. ОЖЖ-да ГАМҚ-рецепторлардың медиаторларға сезімталдығының артуына байланысты ГАМҚ-ергиялық процестерді күшейтеді. Препаратты анықтаңыз және оның эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз? Диазепам, бензодиазепин рецепторларын ынталандыру арқылы олар ГАМҚ-ның ГАМҚА рецепторларына аффинетті жоғарылатады және эпилептогендік аймақтағы медиатордың тежегіш әсерін арттырады.

  • Паркинсон ауруы және паркинсонизм кезінде базальды ядолардағы дофаминергиялық процестерді күшейтеді. МАО-В -ны таңдамалы тежейді. Әдетте паркинсонға қарсы тиімділігі жоғары препараттармен бірге қолданылады. Ишемия кезінде нейрондардың зақымдануын және бірқатар нейротоксикалық заттардың ықпалын төмендетіп, нейропротекторлық әсерге ие. Препаратты анықтаңыз.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет