Фармакология


I тобы. Мембраны реттеуші дәрілер



бет140/200
Дата30.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#173324
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   200
Байланысты:
Фармакология

I тобы. Мембраны реттеуші дәрілер – жасуша ішіне Nа+  K+ Са+, Cl- иондарының тасымалдануын тежеп, қозғыштықты, өткізгіштікті және автоматизмд төмендетіп, жүрек бұлшық етінің жұмысын жақсартады.
I A топшасы (хинидин тобы): хинидин сульфаты, новокаинамид (прокаинамид), дизопирамид (корапейс, норпейс, ритмилен, ритмодан), этмозин (морацизин) – жүрекше мен қарыншаның өткізгіштіктігін төмендетеді. Әртүрлі қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады. Хинидин, дизопирамид және этмозиннің М – холинолитикалық әсері бар, сондықтан тахикардия тудырып, атриовентрикулярлы өткізгіштікке алып келеді. Жанама әсері: миокард жиырылуының тежелуі, жүректің қан айдау қызметі мен АҚ –ң төмендеуі байқалады. Жүрек өткізгіштігінің бұзылуында (II-III дәрежелі бөгетте), айқын жүрек жеткіліксіздігінде және гипотонияда қолдануға болмайды.
Chinidini sulfas – хинидин сульфаты (Б): 0,1 және 0,2 таб. – 0,2 таб. әр 1 сағ.сайын немесе басқа сызба бойынша ұстама басылғанша беріледі.
Жанама әсері: лоқсу, құсу, іш өту, есту мен көру қабілеттінің бұзылуы және аллергиялық реакциялар байқалады.
Novacainamidum – новокаинамид (Б): 0,25 және 0,5 таб.тәулігіне 1-4 таб. тәулігіне 4-6 рет: 10% 5 мл еріт.амп.шығарылып, б/е және NaCl изотонды еріт. (глюкоза) тамшылатып к/т енгізіледі. Жанама әсері: гипотензия, лоқсу, құсу, ауызға ащы дәмнің келуі, іш өту, жалпы әлсіздік,бас ауыру, қозғыштық және ұйқысыздық байқалуы мүмкін.
Disopyramidum – дизопирамид (Б): 0,1 капс. -1-2 капс. Тәулігіне 3-4 рет: 1% 5 мл еріт.амп.шығарылып, 1-3 мл к/т енгізіледі.
Aethmosinum – этмозин (Б); 0,1 таб. – 1 таб. тәулігіне 3-4 рет: 2,5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е және к\т енгізіледі.
I B топшасы (лидокаин тобы): лидокаин (ксикаин), миксилетин (мекситил), дифенин (фенитоин, дифенилгидантоин).
I A топша препараттарынан айырмашылығы мембранада калий иондарының өткізгіштігін жоғарылатып, жасушадан шығуын жеңілдетеді. Лидокаин автоматизмді тежеу нәтижесінде эктопиялық қозу ошақтарын төмендетеді. Хинидинге қарағанда әсер потенциал ұзақтығы мен қозусыздық (рефрактерлі) кезеңінің тиімділігін төмендетеді. Гемодинамикаға әлсіз әсер етеді. Әсіресе жүректің ишемиялық ауруының, миокард инфарктының асқынуынан пайда болған қарынша тахикардиясында қолданылады.
Лидокаин («жергілікті анестетиктер» тақырыбына қараңыз) – 1-2% еріт.шығарылады, баяу ағынмен немесе тамшылатып к\т енгізіледі, енгізгеннен кейін әсері 10 – 20 мин.созылады. АҚ төмендеуі, бас айналу, тырысулар, атриовентрикулярлы бөгет және тахиаритмия тудыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   200




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет