Фазылжанова Анар Мұратқызы


Әр І (зт) сырт, ажар, көрік, шырай. Жап-жасыл жерден әр қашты, Жығыла берді жапырақтар. (Ә.Т) Әр ІІ



бет2/3
Дата25.09.2023
өлшемі495,37 Kb.
#182332
1   2   3
Байланысты:
annotation113472

Әр І (зт) сырт, ажар, көрік, шырай. Жап-жасыл жерден әр қашты, Жығыла берді жапырақтар. (Ә.Т)
Әр ІІ (ес) өз алды, жеке-жеке, әрбір. Әр елден келін келер, әр түрлі ырым етер. (Мақал)
Қазақ тілінде түбір омонимдер көптеп кездеcеді, олар әсіресе бір буынды не екі буынды болады. Туынды омонимдердің де кездесу жиілігі түбір омонимдермен парапар. Олар аффикстер жалғану арқылы жасалады:
Қулық І (зт) айлакерлік, арамдық.Ұрлық пенен қулықты. Қызық көрер, өңі енер. (Абай)
Қулық ІІ (зт) байтал кезінде құлындаған бие. Итбайдың және бір әдеті: … ылғи қулық биелерді байлататын. (С.М)
Туынды омонимдер көбіне омоним-аффикстердің көмегімен жасалады. Осы жерде кішкене шегініп, омоним-аффикстерге тоқталсақ. Ахмеди Ысқақов омонимдес аффикстерге мынадай анықтама береді:
“Жұрнақтардың ішінде дыбысталуы (айтылуы) және таңбалануы (жазылуы) бірдей болғанымен, негізгі мағыналары да, туынды мағыналары да бір-бірімен байланыспайтын, ұштаспайтын, тіпті басқа-басқа бір алуан жұрнақтар бар. Ондайлар омоним жұрнақтар деп аталады”[4,36]. А. Ысқақов омоним жұрнақтар қатарына мыналарды жатқызады: -ық (-ік, -к, -қ, -ақ, -ек); -ын (-ін, -н); -ыт (-іт, -т); -ыл (-іл, -л); -ыс (-іс, -іс); -лас (-лес, -дас/-дес, -тас/-тес); -ыр (-ір, -ар/-ер); -лық (-лік, -дық/-дік) және т.б. [5, 32].
К. Аханов омонимдердің таптастырылымында олардың мағыналық жақтарын да, грамматикалық формаларын да ескеріп, құрылымдық ерекшеліктеріне қарай таптастырып, үш үлкен топқа бөледі: 1) лексикалық омонимдер; 2) лексика-грамматикалық омонимдер; 3) аралас омонимдер.
Лексикалық омонимдер лексикалық мағынасы жағынан басқа, дыбысталуы жағынан бірдей сөздер. Бұл – олардың лексикалық белгісі. Грамматикалық белгісі – олар мүмкін болған барлық формаларында бір-бірімен омоним болады. Мысалы, тамақ – І. анатомиялық атау; ІІ. ас, тағам сөздерінің синонимі. Ғалым лексикалық омонимдерді өз ішінде зат есімнен болған және етістіктен болған деп екіге бөледі.
Лексика-грамматикалық омонимдер де мағынасы жағынан әрбасқа лексикалық бірліктер, тек олар барлық формаларында емес, кейбірінде ғана бір-бірімен омонимдік қатар түзеді. Мысалы, қаз – І. құстың бір түрі; ІІ. іс-қимыл түрі, =ой деген мағынада. Бұл сөздер тек түбір формаларында және -ды омонимдес аффикс жалғанған кезде омоним болады. Лексика-грамматикалық омонимдер деген терминмен омоформалар термині қатар қолданылады. К. Аханов омоформалардың бірнеше түрін бөліп көрсетеді:

  1. Зат есім – етістіктен құралған лексика-грамматикалық омонимдер:

көш, той, көр, қыс, ұста.

  1. Сын есім – етістіктен құралған лексика-грамматикалық омонимдер: құла, торы, қара.

  2. Сын есім – етістіктен құралған лексика-грамматикалық омонимдер: сен, міне.

  3. Зат есім – сын есімнен құралған лексика-грамматикалық омонимдер: арық, жазық, тең.

Аралас омонимдер деп лексикалық омонимдер мен лексика-грамматикалық омонимдердің қатарласып келуінен болған көп компонентті омонимдерді айтамыз. Мысалы, “ат” сөзі жылқыға байланысты атаудың бірі және “есім” деген мағыналарында зат есім болып, барлық формаларында бір-біріне омоним, ал етістік мағынасындағы “ат” сөзімен тек түбір формасында омонимдік қатар құрайды.
Біздің зерттеуде осы таптастыруға сүйеніп, қазақ тіліндегі омоформалардың түрлерін жаңаша таптастыруға талпыныс жасалды.
Классификацияға жекелеп тоқталмас бұрын, омоформаларды таптастырудың, яғни олардың түрлерін анықтаудың өзектілігіне ден қойған жөн деп саналды. “Көп мағыналы сөздердің де, омоним сөздердің де сыңарларының мағынасы контексте ажыратылып, олардың тілде өмір сүруі ойдың түсінікті болуына кедергі жасамайды. Кейде бір сөйлемде бірнеше омонимдер қатар қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда да олардың мағынасы сол сөйлемдегі басқа сөздермен байланысынан ашық, айқын ажыратылып, ойдың түсініктілігіне нұқсан келмейді”[3,36], яғни омонимдерді ажырату адам үшін еш қиындығы жоқ үдеріс. Жоғарыда атап өткеніміздей, компьютер тек формалды құрылымдарды ғана түсінеді, сондықтан адам мидағы автоматты түрде іске асатын омонимдердің дұрысын таңдау үдерісін арнайы формулалар арқылы компьютер түсінетін “тілге” аудару керек. Ол үшін ең адымен бар ақпаратты жүйелеу керек, яғни белгілі бір критерийлерді, қағидаттарды басшылыққа ала отырып, ақпаратты талдау, синтездеу керек. Зерттеу нысанымызға лексикалық емес, лексика-грамматикалық омонимдерді, яғни бізше айтқанда омоформаларды ғана алуымыздың да өз себебі бар. Формалды белгілері бойынша ажыратылатындар омоформалар (лексика-грамматикалық омонимдер) болғандықтан, ізденіс осыларды ажырату алгоритміне арналды. Бұл туралы профессор А. Жұбанов: “Бір сөз табына жататын омонимдерді (лексикалық омонимдер) ажыратудың формалды белгісі жоқ деуге болады” деп көрсетеді. Бұл лексикалық омонимдерді автоматты түрде ажырату мүмкін емес дегенді білдірмейді, тек мұнда басқа амал, басқа тәсіл керек. Оны ғалым “... бірақ белгілі бір тіркесімділік ретіне қарай анықтауға болады” деп тағы түсіндіріп кеткен. Мұндайда бір сөз табына жататын омонимдердің тіркесім қоршауын тұрақты модельге сап, тіркесім сөздігін жасау қажет” [2,296] деп ойын түйеді.
Сонымен, омоформаларды ажырату тәжірибесі туралы айтсақ, “Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі” материалы негізінде қазақ тіліндегі омоформалардың таптастырылымы жасалды. Ең жиі кездесетін сөздердің арасынан барлығы 402 омоформаларды [6] грамматикалық сипаты бойынша 20 түрлі типке (1 кестені қараңыз) таптастырдық.
1 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет