«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі»кмм



бет4/4
Дата08.06.2018
өлшемі3,15 Mb.
#41462
1   2   3   4

Тауығымның астында,

Жатыр әлі нешеуі?
Көлден ұштыжеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане, кім тез табады?
Мұз айдында жеті бала,

Жүр асыр сап сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң жарадың.
Оң жағынан бес ат,

Сол жағынан төрт ат.

Сонда неше ат болды?
Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соққанда үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі?
Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады.

Бірін кидік оң қолға,

Бірін кидік сол қолға.
Бақшаға жақсы аға,

Көп-көп ойыншық келді алып.

Бір балық, екі есек, үш үйрек, төрт түлкі,

Бес бүркіт, алты арғымақ, жеті жарқанат,

Сегіз саулық, тоғыз тауық, он торпақ.

Қамқор болған ағамыз Біздер қанша баламыз?
Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бірқазан,

Екі үйрек, бір сазан.

Бір көк серке, бір қарға,

Қосылды кеп бұларға.

Айтшы, неше құс ұшып жүр?

Неге екенін түсіндір?
Жаңа ғана шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қалды біреуі.

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт айырып.
Сөмкемде әуелі

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пен Маратқа,

Санат пен Сағатқа,

Апасына Қанаттың,

Екуден тарттым.

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойсаң жарадың.
Бәрі нешеу?

Түйе, бота маң басқан,

Шұңақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

Болма есепке сен шорқақ.

Ауызша жазбаша қосып шық,

Бақшаға жақсы аға әкелді қаншама ойыншық?
Дүкеннен көк сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есптеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бәрі?
Ақ көбелек шарқ ұрып,

Ағараңдап барады.

Көк көбелек соң тұрып,

Ұзара кейін қалады.

Күлгін түсті көбелек,

Көк құраққа қонады.

Қызыл қанат көбелек,

Гүл шырынын сорады.

Санап берші оларды

Бәрі қанша болады?

«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.

Ойынның мақсаты:әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.
Сөз ойла, тез ойла!

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.
«Достасқан буындар».

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек
“Жоғалған сөз”

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою
... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .
«Кім көп біледі?» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты:
1.«Б»дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.
2. Білгіштің хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды.



«Жоғалған әріп» ойыны.


Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек.

... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран.

«Кім тапқыр?». Ойыны.



Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу-..., ақыл-...



«Жалғасын тап» ойыны.


Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады.
1. Отанды сүю... ... ...


2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ...
«Сөзден сөз тер» ойыны.


Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: бБауырсақ сөзі - бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.



“Сөйлем қуаласпақ”

Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір-бір сөйлемнен айтып, сол сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады.
«Синтаксистік касса» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
«Кедергіден өту» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
«Шашылған әріп» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша(ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).

«Вагон құрау» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Атын айт» ойыны.

Ойынның мақсаты. Оқушылардың сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.

«Тізбек» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.

Ойынның шарты: ойын жүргізуші кез-келген бір сөзді айтады., ал келесі оқушы сол келтірілген соңғы әрпінен басталатын сөзді тауып айтуы қажет. 
Мысалы: Бақша-ана- Асхат- тарақ- қалам 
Берілген уақытта ең көп сөз атаған оқушы жеңімпаз атанады. 



«Алтыбақан» ойыны


Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: сөздердің басқы әріптері қағаздың екі жағына жазылады. Топ мүшелері әріп таңдап алады. Қай топ көп сөз айтса , сол топ жеңіске жетеді.
«Адасқан дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: бастауыш сынып оқушысына оқи отырып сөз мағынасын түсінуге көмек береді. Ойын ережесі бойынша, оқушы адасқан әріпті тауып, керекті әріппен ауыстырады. Мысалы: Күл деген жазуы бар көл суреті. Осы ойынға арналған сөздік материал: қыс- қыз, жас-жаз, қас- қаз, төрт-торт,орман –арман, 


«Шекараны сыз» ойыны.


Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыға әртүрлі сөз жазылған парақтарды таратып беру, бұл сөздер Кім? Не? елдеріне, үй жануарлары мен жабайы аңдарға, үй құстары мен дала құстарына, ... тиесілі. Оқушыға басқа елде бір сөз қалмайтындай екі ел арасында шекара жүргізу тапсырмасы беріледі. Оқушы тапсырманы орындау үшін, оқып қана қоймай «даулы» жағдайда сізден кеңес сұрауы мүмкін. Аю- кім? немесе не?


“Заттың атын айт”

Ойынның мақсаты: көру қабілеттері, ауызша тілдері дамытылады.

Ойынның шарты: Бірнеше балаға суреттер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің суретін қалған оқушыларға сипаттайды, бірақ атын айтпайды. Заттың атын оқушылар тауып, айту керек.


“Сиқырлы сандықша”

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка ойнап тұрады. Шеңбер бойымен “сиқырлы сандықшаны” оқушылар бір-біріне жібереді. Музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында сандықша қалады, сол бала сандықшаның ішіндегі берілген тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер айтады.

«Орамал тастамақ»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артмда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтуы керек.

Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.

«Жаңа ертегі»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
Каталог: uploads -> doc -> 0a84
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a84 -> Сабақ тақырыбы : Электростатиканың негізгі заңы Кулон заңы. Есептер шығару. Мектеп: хбб нзм атырау қаласы
0a84 -> Қазақ тілі сабағында оқытудың ТҮрлі әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың коммуникативтік қҰзыреттіліктерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет