«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі»кмм


Мақсаты: бәскелестік қабілетін дамыту, ұлтымыздың дәстүрімен таныстыру. Ойын ережесі



бет2/4
Дата08.06.2018
өлшемі3,15 Mb.
#41462
1   2   3   4
Мақсаты: бәскелестік қабілетін дамыту, ұлтымыздың дәстүрімен таныстыру.
Ойын ережесі. Балалардың қызығушылығын ояту үшін дорбаның ішіне сыйлықтар салу: кәмпит, қалам, қарындаштар, т.б. Дорбаның сыртында қағазға жазылған сұрақтар ілініп тұрады. Мысалы:

  1. Ала шапан киеді күннің көзін сүйеді (қарбыз).

  2. Еңбек туралы үш мақал айтып бер.

  3. Мына жаңылтпашпен өз құрбылырыңды таныстыр. (бала оқып, оны балалрмен бірге жылдам айтуға тырысуы қажет).

Ескерту: тапсырманы тақырыпқа байланысты етіп те алуға болады. Ең алдымен дорбаны қай кезде ашатынын әңгімелеу қажет.
«Сүйікті әрібім...»
Мақсаты: оқушылардың дыбыс пен әріп туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын дамыту, сұрақты тыңдап, түсініп жауап беруге.

Ойын ережесі: бала қалаған дыбысын таңдап алады. Сол әріптен басталатын сөздерді сұрақ қою арқылы айтқызу. Бала дұрыс жауап берген жағдайда отырған балалар қол соғады. Қате жауап берсе ойыннан шығады.

Мысалы, «А» әрібінен басталатын сөздер арқылы мына сұрақтарға жауап беру қажет:

- Атың кім? - Алтын.

- Фамилияң кім? – Амангелдинов.

- Қайдан келдің? – Ақтаудан.

- Немен келдің? – Арбамен.

- Онда не бар? – Ат бар.

- Кіммен келдің? – Атаммен.

- Қандай аңдарды жақсы көресің? – аю, арыстан.

- Досың кім? – Айнұр мен Аякөз.

- Қазір не істейсің? – Ақылдасамын.

- Қай тілді жақсы көресің? – Ағылшын.

Осындай алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады. Балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында кішкене сыйлық дайындауға болады.


«Көңілді тізбек»

Мақсаты: Емле ережелерін меңгерту.

Ойын ережесі: оқушылар өзара бір әріпке уәделеседі. Немесе бір бала әріп атайды. Сол әріпке сөздер тауып жазу қажет (аталған әріп бас әріп болуы шарт емес). Белгіленген уақыт аяқталған соң тоқтатып. Бір бала тақта алдына шығып өзі жазған сөздерді оқиды. Отырған балалар кездескен сөздердің ішінде өздері жазған сөздерді сызып тастап оытарыд. Қай балада қайталанбаған сөздер саны көп, сол бала жеңімпаз атанады.

«Бұл не? Бұл кім?»

Мақсаты: сөздік қорларын молайту, әр нәрсеге дұрыс сипаттама беруге үйрету.

Ойын ержесі. Алдын ала әзірленген, баланың басына кигізетіндей етіп жасалған суреттер арқылы ойналады. Бір бала тақтаға шығады. Ол баланың басына сурет кигізіледі. Бала ненің суреті екенін көрмеуі керек. Мысалы, бақаның суреті. Отырған балалар мынадай сипаттама береді:

  • оның түсі жасыл.

  • Ол өлең айтады, бірақ дауысы жаман.

  • Суды жақсы көреді.

  • Жаңбыр жауғаннан кейін көп болады.




  • Ол туралы өлең де бар.

  • Оның аяғы қисық.

  • Секіргенді жақсы көреді.

Берілген сипаттар арқылы бала суреттің атауын табуы қажет. Таба алмаса жаңылтпаш, жұмбақ немесе мақал айтқызуға болады.

«Гүлдер»
Мақсаты: оқушылар тапсырманы тез, қызыға орындау, септік жалғауларын, сұрақтарын тез меңгеру.

Ойынның ережесі: оқушыларға септік сұрақтары таратылады. Мұғалім бір септікті атаған сәтте, оқушылар сол септіктің сұрағын айтып, оны ретімен тақтаға қыстырады. Ойын барысында осылайша барлық септік сұралып, жеті жапырақ гүл бейнеленеді. Енді тақырыпқа сәйкес жіктеу есімдігін де еске түсіруге болады. Жікте есімдіктері бар жапырақшаларды таратып беру қажет (мысалы, сіз, сіздің, сізге, сізді, сізде, сізден, сізбен). Мұғалім сұрақ қояды. Мысалы: кім? Оқушы жауап беріп, жауабын жапырққа апарып қыстырады. Септіктер гүл тәріздес орналасқан.

«н – ма, ң – ба?»
Мақсаты: сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру, н, ң әрібін ажырата білуге үйрету.

Ережесі. Оқушыларға карточкалар үлестіріледі. Әр карточкада сөйлемдер бар. Бұл сөйлемдегі сөздерде н мен ң әрібі аусытырлып қойылған. Сондықтан да дұрысын табу қажет. Әр бала жеке жұмыс жасайды.

Мысалы: Атам күрекпен тонды ойды. Айдар тоңды киімілгішке ілді. Бәтеңке оң сом тұрады. Оң қолымда бес саусақ.
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.

Мақсаты: етістіктер түрлерін ажырата білу және дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Тақтада дара етістіктен тұратын сөйлем жазылады. Екі топқа бөлініп берілген сөйлемдерге күрделі етістікке айналдыру арқылы сөйлем құрап жазу.

Мысалы:

Малдар жайылды. – Малдар жайылып жүр.

Сиыр су ішті. – сиырлар су ішіп тұр.

Лақ секірді – лақ секіріп жүр.

Бұл ойынды морфологияны өту барысында әр тақырыпта қолдануға болады.

«Аудармашы»
Мақсаты: сұрақ қоя білу өнерін жаттықтыру, аудару жұмысына үйрету.

Ойын ережесі: бұл ойын екі адамның аудармашыны пайдалану арқылы әңгімелесуі. Үстелге 4 оқушы отырғызылады. Біріншісі
орыс тілінде сұрақ қояды. Екінші бала үшінші балаға ол сұрақты қазақ тіліне аударып жеткізеді. Үшінші бала қазақша жауап береді де төртінші бала жауабын орыс тіліне аударады.
«Қара және тыңда»

Мақсаты: оқушылардың зейінін тұрақтандыру, тілін жаттықтыру.

Ойынның ережесі: мұғалім бір затты көрсетіп, оның атын атайды. Мұғалім заттың атауын дұрыс атаса, балалар сол сөзді хормен қайталайды. Ал егерде дұрыс атамаса, онда тыныш қана отырады. Қателескен бала, мұғалімнің тапсырмасын орындайды.

Мысалы: мұғалім кітапты көрсетіп, мынау «кітап» десе, барлығы хормен қайталайды, ал егерде қарындашты көрсетіп «қайшы» десе үндемей отыра береді.
«Бақытты сәт»

Мақсаты: ойға шабуыл жасау арқылы, өткенді қайталау, сұраққа толық жауап беруге үйрету.

Ойын ережесі: оқушылар екі топқа бөлінеді. Сандықша ішіндегі санадыр бар жетонды таңдап алады. Түскен санға байланысты бір тақырыпта сұрақтар қойылады.

Мысалы:

  1. А. Құнанбаев Қай жылы дүниеге келген?

  2. Бала кезінде Абай қандай болған?

  3. Абайдың әжесі туралы не білесің?

  4. Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесің бе?

  5. Абайдың шәкірті кім болған?

  6. Абайды неге ұлы ақын дейді?

  7. Абайдың табиғат мезгілдері туралы өлеңдерін ата?

Сұрақтар тақырыптарға сәйкес алынады.

«Орнына қойып жаз»

Мақсаты: оқушылардың сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдету.

Ойын ережесі: Тақтада сөздер жазылған қағаздар немесе плакаттар ілінеді.
Мысалы:
Құл ұ/ы н Сө з/с із Күнд ү/і з

Жұлд ұ/ы з Аман к/г елді Түлк ү/і

Ше к/г ара Сә н/ң қой А щ/ш ы

«Күзгі жапырақтар»

Мақсаты: оқушының ойлау қабілетін жетілдіру, сандарды танып, дұрыс атауға дағдыландыру.

Ойын ережесі. Тақтада үлкен ағаштар мен ілініп тұрған сары жапырақтар. Мұғалім: Күз ачқталды. Желмен барлық жапырақтар жерге түсіп жатыр. Ал біздің ағашымызда да жапырақтар түсуге жақын-ақ тұр. Бірақ бұл жапырақтар жай жапырақтар емес, сиқырлы жапырақтар. Сендер тапсырмасын орындамай түспейміз дейді. Бала орынан тұрып жапырқатың санын атайды. Жақныдап келіп, жапырақты суырып алып, артындағы тапсырмасын оқиды. Тапсырма тақырыпқа сай алынады. Мысалы: өсімдіктің мүшелері? (1), өсімдік қай мұшелерімен тыныс алады? (2), өсімдіктің пайдасы неде? (3) Бала толық жауап беруге дағдылануға тиіс. Бұл ойынды жиі дүниетану сабағында «Өсімдіктер әлемі» тарауында пайдалаунға тыйымды.
«Мамандықтар әлемі»




Мақсаты: балалар адамдардың мамандығына қарай қандайқимыл-әрекет жасайтыны туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорын байытуға тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Мұғалім мамандық сөзінің мағынасын түсіндіреді. Кейіннен кез-келген мамандықты атайды. Мысалы, дәрігер. Балалар: емдейді, қарайды, дәрі береді, ақ киім киеді . Мұғалім: үйретеді, жазады, баға қояды, ойнатады, оқытады. Мысалда берілген сөздер арқылы сол мамандық туралы өз ойларын жеткізулері қажет.
«Ілеспек»

Мақсаты: Зат есімдерді тез ата айтуға жаттықтыру арқылы сөздік қорларын молайту.

Ойын ережесі: бірінші оқушы не? немсе кім? Сұрағына жауап беретін бір сөз атайды, келесі оқушы сол сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз атауы қажет. Осылайша бір-біріне ілесіп, тізбек құрады. Атай алмаған оқушы ойыннан шығады. Солайша ілсеплеп азайып соңында екі бала қалып, бір-бірімен жарысады. Соңында қалған бала жеңімпаз атанады.

«Жатқа жаз»
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, қатесіз жазу дағдысын қалыптастыру.

Ойын ережесі: Алдын ала дайындалған сөздер арқылы жүргізіледі. Сол сөздер кезекпен тақтаға ілінеді. Балалар оны дұрыс оқып, қалай жазылатынына назар аударады. Мұғалім ілінген сөзді алып тастайды. Оқушылар есте сақтаған сөздерін дәптерлеріне жазады. Бала сөзді дұрыс оқып, дұрыс жазуы тиіс. Соңында қатемен жұмыс жүргізіледі. Кейіннен сөйлем арқылы күрделендіру қажет.

Бұл ойынды суреттер арқылы да жүргізуге болады.

«Оратор»
Мақсаты: оқушының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Ойын ережесі: Мұғалім әр балаға мәтін, ертегі, диалог, өлең жазылған парақтар үлестіреді. Балаларға 2 минут дайындық уақытын береді. Балалар дайындалып болған соң қағаздағы ұсынылған тапсырманы балалардың назарын өзіне назар аудара отырып, жеткізуі тиіс. Диалог болған жағдайда екі адам болып, дауыс ырғағын өзгерте сөйлеуі керек. Ертегі болса, оны мәнерлеп немесе әжеге, атаға келтіріп айтып беру.


«Қайтала» ойыны

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілетін жоғарлату, сөздік қорын молайту.

Ойынның ережесі: Мұғалім немесе ойнаушылардың бірі «Сынып», «Оқу құралдары» тақырыбы бойынша қандай да бір сөзді атайды. Екінші ойнаушы сол сөзді немесе осы тақырыптағы бір сөзді айтады. Осылайша әрбір ойыншы өз сөзін қосып айту үшін, оған дейінгі айтылған сөздерді ретімен қайталау қажет. Сөзді ұмытып қалған немесе сөз тіркестерінің ретін сақтамаған оқушы ойыннан шығады. Есте сақтау қабілеті өте жоғары оқушы жеңімпаз атанады.

Мысалы: І – кітап, ІІ-кітап, дәптер, ІІІ-кітап, дәптер, өшіргіш, т.б.


«Алтыбақан» ойыны




Алтыбақан – ұлттық ойын. Мерекелерде, әсіресе Наурыз мейрамында алтыбақан құрылады. Жігіт пен қыз бір-біріне қарап ән шырқайды.

Ойынның мақсаты: ойында оқушылардың тілі, есте сақтау қабілеті, сөздік қоры дамиды. Өткен тақырыпты қайталау барысында білімін тексеруге көмектеседі.

Ойынның шарты: топпен жұмыс жүргізу барысында «Капитандар сайысын» осы ойын арқылы жүргізуге болады.

1-топтан қыз бала, екніші топтан ұл бала, қыз бала шығады.

Мысалы: ана тілі пәнінен өткен өлеңдерін жатқа айту. Ұл бала бастап келе жатып, өзі қалаған жерде тоқтайды, қыз бала тоқтаған жерден бастап жалғастыруы қажет.

1-сынып, «Он саусақ».

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті -

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым ......

Қыз бала жалғастыруы тиіс:

.... орамды жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.


«Бұл қалай өзгерген?»

Ойынның мақсаты: дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне назар аударту.

Ойын шарты: Мұғалім сөзді айтып тұрады. Мысалы: ор-өр, тор-төр, сан-сән, терек-зерек-керек, көл-шөл-төл. Оқушылардың тілдері әбден жаттыққан соң өздері де жүргізуші ретінде рөл атқара алады.


«Кім көп біледі?»
Мақсаты: сөздердің мағынасын ажыратуға дағдыландыру. Омоним сөздермен таныстыру.

Ойынның шарты: Оқушылар «Мұғалімдер» және «Оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер»

әр түрлі мағыналы сөздерді айтады, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «Оқушылар» өз рөлдерін ауыстырып отыруға болады.

Мысалы:

«Мұғалімдер»: «оқушылар»

Ара жәндік, құрал

Алма жеміс, қимыл, есім.

Ою өрнек, зат, қимыл

Қара түс, қимыл.

«Әр әріптен бір сөз»
Ойынның мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайтады.

Ойынның тәртібі: сынып 3-топқа бөлінеді. Әр топтан бір оқушыдан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші топқа қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса. Солар жеңіске жетеді.

Мысалы:

1-оқушы. 2-оқушы. 3-оқушы.

О Қ У Ш Ы О Қ У Ш Ы О Қ У Ш Ы

р а а ы д р у ы а л р ы д а р

а л қ н ы м ы л н д а з а р ы

қ а ы ы с а р д а й м й с

қ т н ш ы а т

а р л ы

қ ы
«Ребусты шеш»

Ойынның мақасты: оқушылардың өтіліп жатқан дыбыс пен әріптің жазылу емлесі туралы түсінігі кеңейіп, бекітіле түседі. Мысалы: «у» дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру, олардың дауысты не дауыссыз екенін ажыратқызуға төмендегідей мазмұнда ребус беріп, шештіруге болады.


Каталог: uploads -> doc -> 0a84
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a84 -> Сабақ тақырыбы : Электростатиканың негізгі заңы Кулон заңы. Есептер шығару. Мектеп: хбб нзм атырау қаласы
0a84 -> Қазақ тілі сабағында оқытудың ТҮрлі әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың коммуникативтік қҰзыреттіліктерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет