«Ғылым таппай мақтанба » Абайдың 1886 ж жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол



Дата27.04.2020
өлшемі12,48 Kb.
#64822
Байланысты:
Ғылым таппай мақтанба ббб
.................................., ..................................

«Ғылым таппай мақтанба...» - Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 ж. Қазанда жарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртүтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сез қозғайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет