Жас ұрпақҚа ақын қасым аманжолов шығармашылығын таныту



Дата31.12.2019
өлшемі23,28 Kb.
#54608
ЖАС ҰРПАҚҚА АҚЫН ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАНЫТУ
Б.Ж.Ұлықпанова, жоғары санатты тәрбиеші

«Жолшы» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны,

Қазақстан Республикасы, Ойыл ауданы.
Аңдатпа. Бұл мақалада жас ұрпаққа Қасым Аманжоловтың өнегелі өмірі мен шығармашылығын таныту мәселесі мен әдістемесі туралы айтылады.

Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарынды ақын болғандықтан, балабақша табалдырығынан бастап сәби санасына , жүрегіне ұялата білу біздің парызымыз. Қазақ әдебиетінің тарихына есімі ерек жазылған хас тұлға Қ.Аманжоловтың шығармашылығы туралы бүгінде жас ұрпақтың бірі білсе, бірі білмеуі де ғажап емес. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» деп жырлап кеткен айтулы ақын Қ.Аманжоловтың шығармашылығы мен өмір жолын таныстыру, ақын туындылары арқылы жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп, ұлтжандылық сезімін қалыптастыру мақсатында балабақша тәрбиеленушілеріне «От жүректі ақын» тақырыбында әдеби сазды кеш өткіздік. Айта кету керек, біздің білім беру мекемемізде қазақтың ақын-жазушылары туралы кештің өтіп тұрғандығы бұл бір емес. Жыл бойы әдебиет әлеміне қатысты түрлі тақырыптағы іс-шараларды жиі жүргізіп тұрамыз. Бүгінгі сәтте осындай игі мақсатта өткізген кеш жоспарымен көпшілікті таныстырып, ортаға салуды жөн көрдік.

Тақырыбы: «От жүректі ақын» әдеби сазды кеш

Мақсаты:

1. Қасым Аманжоловтың өмірімен таныстыру, шығармашылығынан жан-жақты мәліметтер беру ;

2. Қасым Аманжолов өлеңдері арқылы қазақ әдебиетіндегі жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін педагог кадрлерге сараптай білуге үйрете отырып рухани танымдарын кеңейту;

3. Қасым жырларын қамти отырып ақындыққа баулу, адамның жан дүниесіне поэзияның әсерін таныту.



Көрнекіліктер: Қ.Аманжолов  портреті, кітап көрмесі, ақын туралы дәйексөздер (фанфар музыка қосылады).

Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары мен әріптестер бүгінгі әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер! Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бастамасымен «25 жұлдызды кітап» акция аясында өткелі отырған «От жүректі ақын» әдеби сазды кешіміз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен Қасым Аманжоловқа арналады. Өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл ақын жайлы сыр шертіп, Қасым ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдерінен өрілген сазына тербелсек деп отырмыз.



-Уа, тәкаппар Дүние!

Маған да бір қарашы,

Танисың ба сен мені?!

Мен қазақтың баласы! –

деп жырлаған Қасым Аманжолов биыл 105 жасқа толды. 

Сөз бен сезім, ой мен парасат- «Әдебиет» атты үлкен өнердің ұлы туындысы.

   Қазақ даласы- осы ұлы өнерге ежелден бай дала.V –VІ ғасырларда тасқа қашап жазылған Тоныкөк, Білге қаған жырлары. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ жыраулары, Абай жырлары- қазақ әдебиеті үшін бай асыл мұра.Сол қазынадан нәр алып, Шығыс поэзиясынан сусындаған қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжолов еді.

Бұлбұлым, сайра кеудемде,

Бұлбұлым- менің жүрегім.

Көңілдің күйі келгенде

Ағыл да тегіл жыр едім.

Ағыттым ойдан ел үшін

Өлеңнің ерке өзенін-

деп ақынның өзі айтқандай, уақыттың сынынан сынбай, сүрінбей өткен, сымбаты бөлек, сырлы әлемнің сәулетшісі болып қала беретін, алаштың ақиық ақындарының бірі ғана емес, бірегейі - Қасым Аманжолов.

Нығырақ басамын мен аяғымды,

Алға ұстап жүрегімді, аянымды.

Өз жүрген жолдарыма келем жазып,

Сырымды,барлық өмірбаянымды, -

дегендей, ендігі кезекті баяндамаға берсек.

Ақын өмірі жайлы баяндама. Баяндаушы «Жолшы» балабақшасының меңгерушісі Мырзағалиева Ажарға сөз беріледі.

(Интерактивті тақтада ақын өмірінен фотосуреттер сыр шертеді)



Жүргізуші:

Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Олар да бұл Қасымды бір байқасын.

Өртке тиген дауылдай өлеңімді

Қасымның өзі емес деп кім айтасың?

Ерлан Рысқалидың орындауындағы «Өзім туралы»  өлеңіне құрастырылған видероликке назар аударайық.

(интерактивті тақтада видео көрсетіледі)  

Жүргізуші: Мекеме қызметкері Жакенова Жұпаргүлдің орындауында «Өзім туралы» әні

  Жүргізуші: Қасым - әлсізге шірене қарап, мықтыға шыбындай бас иетін іш пыстырар қорқақтардан мезі болып жығылса да, барар жеріне өзгелерден бір дәуірдей бұрын жеткен Қасым. Сол жүйрік екпінімен, киіп-жарған дауылдай адуын қимылмен қазақ поэзиясына мәдениет әкелген Қасымды да  тежеген дүлей күш, сұрапыл болғанды. Ол соғыс еді. Қасым - реалист және лирик ақын. Өмір мен өлім арпалысы. Көңіл мұңы қайсар ақынды елжіретпей қойсын ба? Нәзік ақ сағымы арудың ақ жүзін аймалаған, ашық аспанды соғыс сұрапылы әп-сәтте алай-дүлей етіп, ақ сәулені де, аруды да жігіт көзінен ғайып етті.Көргеніне көз тоқтатып үлгермеген алау жанды ақын жігіт соғысқа аттанып кете барды.

(Деректі фильмнен соғысқа кетіп бара жатырған жерінен үзінді көрсету).

«Қоштасу» өлеңін оқитын Махамбетова Гүлназ.

Сонау майдан даласында жүрсе де сол бір қызға деген нәзік сезімі, асыл арманы шабыттың асау тұлпарына мінуіне мәжбүр етеді.Сол сағыныш лебін, жүрек сырын ақын былай жеткізеді.

Өңімде ме еді, түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды...

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.

Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,

Тулады толқын, шайқалды шың-құз...

Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,

Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?...



Жүргізуші: «Үстімде сұр шинелім »өлеңін оқитын Аханова Ақерке

Жүргізуші: Ақын – ой перзенті. Ол адам, қоғам өміріндегі өзін толғантқан нендей жайларды, ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін, сырлы сезім толқынын ақтармай қала алмайды. Сөйтіп, оның қуанышы да, мұң- шері де, жетпеген ой-арманы, өзек тілген өкініші де поэзиясына түсіп отырады. Қасым өлеңдерінде шынайы достықты, адамгершілікті ту етеді. Ол барша адам баласын зұлымдықтан бойын аулақ ұстап, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге шақырады.

«Мен табиғат бөбегі» өлеңін оқитын «Зерек бала» тобының бүлдіршіндері.



Қ.Аманжолов «Атамекен» өлеңін Жолдасқалиев Нұрасыл:

Сүйем сені туған ел – атамекен

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең

Жер мен көктің құшағың кең жаннаты бір өзіңсің

Сенен артық не табам, қайда кетем.

Жүргізуші: Өмір!...Адамға екі өмір, екі ғұмыр берілмеген.Адам –пенде, бұл жалғанның қонағы.Бұл жалғанда мәңгілік ешнәрсе жоқ.Бәрі де топырақтан жаралып өседі, өнеді, қайтадан топыраққа сіңеді.Тек қана мәңгі өлмейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын-ол поэзия.Қасым поэзиясында мәңгілік өлмейтін ғұмырдың лебі есіп тұр. Соның бірі туған жерге деген сағыныш.



«Туған жер» өлеңін оқитын Сырлыбаева Арай

Жүргізуші: ХХ ғасырда Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерден кейінгі қазақ поэзиясының кезеңі- Қасым кезеңі.Қасым- асау да ағынды жырдың тоғанын ағытқан көш бастаушы.Ол өлең өлкесінде тәккәппар дүниеге, қазақ халқының тағдыр- тақсіретін еркін суреттеп, батыл жеткізе алды.Бұл өжеттілік пен қайсарлық Қасымға ғана тән қасиет.

(Мұңды музыка қосу)

   Қасымның өмірі-қасиетті де қасіретті өмір!Ол соғыстан оралғаннан кейін қазақ өнерін дамытып,поэзия отын жағуға Алматыға келеді.Ол баспана таба алмай,баспалардан қолдау таба алмай көңілі азып,қағажу көп көрген.

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,

 Сонда да тастамаймын астанамды.

 Өлеңнің отын жағып жылтармын,

 Өзімді, әйелімді, жас баламды.

Күнделікті күйбең тірлік ақынды қанша мұңайтса да,ол бар сүйенішін өлеңнен,өнерден іздеді. Амал не,қайран ақын,есіл ер ауыр тұрмыстың тауқыметінен айықпас ауруға ұшырады,өкпесі тесіліп,өзегі талып көз жұмды.(музыка). Бұл 1955 жылдың 18 қаңтары еді. Қаңтардың қақаған қара түнінде қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз ағып түсті.Қазақ поэзиясындағы босағыдағы басын төрге шығарған ақын фәниден бақиға аттанды.Өмірге еңбекпен келіп,шалқақтап өткен ақын мәңгілікке жүрек соғысын тоқтатты.

Бірақ Қасым мәңгі халық жүрегінде,ақынды өнерлі ұрпағы ұмытқан емес!

Жүргізуші: Қасымды ақын досы Сырбай Мәуленов былай есіне алады: «Қасым бала мінезді еді.Кейде ол ашық күн секілді, кейде ол көкірегінде оты бар секілді еді. Қасым өзі айтқандай табиғаттың өзі өлеңіне құя салған жан еді.оның өлеңдерінен табиғаттың өзіндей балалықтың, табиғаттың өзіндей даналықтың лебі есетін. Қасым – өзі өмірде де, өлеңде де шыншыл ақын.Ол екі сөзінің бірінде  мен өмірдің, табиғаттың баласымын деуші еді»

Мынау аспан, ай жұлдыздар тұрғанда,

Қасым оты еш уақытта сөнбейді.

Жалынын ол бөліп беріп жылдарға,

Тек қасымша алға құлаш сермейді, - деп

Мұхтар Шахановтың «Қасымды қабылдамаған адам хақында» өлеңін оқитын Ұлықпанова Бақыт.

Жүргізуші: Ұлы Мұхтар Әуезов «Жыл келгендей жаңалық» деп бағалаған ұлттық жырдың уытты да тегеурінді толқыны Қасым поэзиясынан нәр алып, қазақ жырын қайтадан түлетті.Осы толқыннан туған толқын, бүгінгі ұлттық жырымыздың, бір заманның бет пердесін ашып отырған ұлы Мұқағали  да Қасымнан үлгі алған дей келе

Мұқағали Мақатаевтың «Қасым солай болмаса» өлеңін оқитын Тайгужиева Шынар.

Жүргізуші: Қасымның аңсаған арманы орындалды.Ақынның көзі тірісінде жетпеген арманына ұрпағы, елі жетті.Қазақстан егеменді ел атанды.Қазақ елі өзге елдермен керегесі кең, терезесі тең ел болды.Көк байрақты желбіретіп, көгінде қыран құсын самғатты. Ақын Қасым әруағы елінің мерейіне сүйсініп жатқан да шығар. Кім білсін?...

Жанымды күйдірсем де жалынға сап,

Қасқыр боп таласа да мені азап.

Туған жер топырағында тік-тік өскен,

Қара емен қасарысқан мен бір қазақ.

Немене айтып- айтпай көрген азап,

Қалмадым қирап, қуса тек жалғыз-ақ.

Мың есе білдірдің ғой қадіріңді,

Атыңнан айналайын , ата қазақ!

  Қасымды  туған халқы, ұрпағы ұмытпайды, мәңгі жүрегінде сақтайды. Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Біздің әдеби кешіміз аяқталып келеді. Кешімізге уақытын бөліп келіп отырған қонақтарға ризашылығымызды білдіреміз. Дауылпаз ақынның мұрасын қастерлеп, кейінгі  ұрпақ ұмытпай жадында тұтуға тиіс.Қасым ақын ғасырдын-ғасырға көшіп, Алаштың рухын асқақтатып бара жатыр. Кешіміздің соңын Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған Базарова Гүлнардың орындауында «Ақсәулем» әнімен аяқтаймыз.



Қорыта келгенде, шын мәнінде туған жерді ардақтап, жырымен мәртебесін көтерген, Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің бірлігін, ердің ерлігін ту еткен Қасым жырлары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұлттың отаншылдығын тәрбиелеуге қалтқысыз еңбек етіп келе жатқаны да ақиқат деп білеміз.

Әдебиеттер:



  1. Аманжолов Қасым // Қазақстан жазушылары: анықтамалық: 75 жыл // құраст. С.Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. – 27 б. 

  2. Аманжолов Қасым // Қазақстан жазушылары XX ғасыр : анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004. – 25-26 б. 

  3. Қасым Аманжолов // 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті: 2-кітап. - Алматы: Ғылым, 1998. – 236-246 б.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет