Ғылым термнін қалай тұсіндіруге болады? Орындаған: Нәкен Жұлдыз Факультет: Вокалдық Өнер Тексерген: Жұмақова Ұ


Технологиялық, әлеуметтік (ұрдістік),өнімдік, ұйымдастырушылық,маркетіндік инновация деген не?



бет2/2
Дата16.02.2023
өлшемі20,71 Kb.
#169003
1   2
Байланысты:
сұрақтар-Нәкен Жұлдыз
新建 Microsoft Word 文档
4.Технологиялық, әлеуметтік (ұрдістік),өнімдік, ұйымдастырушылық,маркетіндік инновация деген не?
Ж: қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.


Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.




5.Ғылыми тақырып пен мәселенің өзектілігі қалай анықталады?
Мысалы Магистрлік диссертациялардың тақырыбы шешілмеген немесе аз зерттелінген орыс, батыс Еуропа және қазақ музыкалық өнерінің ауызша және жазбаша дәстүрлерінің әлеуметтік-тарихи, мәдениеттанулық, эстетикалық және теориялық мәселелерін зерделеумен, жекелеген композиторлар немесе аймақтар стилінің заңдылықтарын айқындаумен, өткен және қазіргі шығармашылық бағыттардың типтік ерекшеліктерін айқындаумен, республиканың әртүрлі облыстары музыкасының жергілікті белгілерін зерттеумен байланысты болуы тиіс.
Магистранттар диссертациялық зерттеу үшін тақырыптық салаларды таңдай алады:
- шығармашылық ұжымдардың, өткен және қазіргі заманның оқу орындарының жетістіктерін зерттеу;
- өлкетану мәселелері;
- композиторлық стиль мен музыкалық өнер туындыларының музыкалық тілінің ерекшеліктері, ауызша-кәсіби өнердің жергілікті дәстүрлерінің стилистикалық ерекшеліктері, аспаптық, ән, эпикалық дәстүрлер.
Зерттеу үшін таңдалған тақырыптар өзекті болуы керек. Магистрантқа құбылысты фактілердің жалпы тізбегінде қарастыруға және олардағы жалпы заңдылықтардың көрінісін көруге үйрету керек. Ғылыми жалпылау дағдыларын жүйелі түрде дамыту қажет. Қазіргі заманғы өнерді зерттейтін тақырыптар ғалымдардың назарын әлі аударған жоқ. Бұл жағдайда магистранттың бастамасы, тәуелсіздігі және шығармашылық потенциалы, оның кәсібилігі анықталады.
Тақырыптың өзектілігі өнер мен ғылым үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін оқу жұмысында және шығармашылық қызметте қолданумен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет