Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет19/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

(79-бет) БЕСІНШІ ТАРАУ
АЗАМАТТЫҚ ҒЫЛЫМ, ФИҚҺ ІЛІМІ ЖӘНЕ КӘЛӘМ ІЛІМІ
Азаматтық ғылым /58/
Азаматтық ғылымға келсек, ол әрекеттердің түрлері мен еріктен туған жүріс-тұрысты; осы әрекеттер мен жүріс-тұрысты қалыптастыратын қасиеттерді, ниет - қулықты туа біткен сапалар мен мінездерді зерттейді; осылардың жасалу мақсаттарын зерттейді; бұлар адамда қандай болу керек, адамның бойында қандай түрде болуы тиістілігіне қарай олар адамда қалай орналасуы керектігін зерттейді.
Мақсаттардың ішінен осы әрекеттер үшін жасалып, сәйкес мінез-құлық тудыратын түрлерін ерекше айтамыз; [бұл ғылымда] осылардың қайсысы шын бақыт, ал қайсысы ақиқатында осындай болмаса да қиялдағы бақыт болып табылатыны анықталады. Шындығында бақыт болып табылатын нәрсенің, немесе шынайы бақыттың бұл өмірде болуы мүмкін емес; бірақ ол осы өмірден келетін басқа өмірде, яғни о дүниеде болады; ал байлық, дәреже, рақат секілді қиялдағы байлық - бұлар осы өмірдегі мақсаттар ғана; ["мадани" ғылым] осы әрекеттер мен мінез-құлықты ажыратып қарайды және шындығында бақыт дегеннің не екенін түсіндіреді: [бақыт] деген бұл игілік, рақат және лайықтылық, ал осыдан басқаның бәрі зұлымдық, жексұрындық және күнәкарлық.
Адамның бойында осылардың болуына негіз ретінде белгілі бір тәртіптегі қалалар мен халықтарға тән, бірге пайдалынатын лайықты әрекеттер мен мінез-құлықтар болып табылады, ал бұлар болса, тек басқару болған жерде ғана іске асады; осы басқару арқылы қалалар мен халықтар арасында әлгіндей әрекеттер, мінез-құлықтар, сапалар, қасиеттер мен ниет - қылықтар мүмкін болды; сондай-ақ бұл басқару осылар жоғалып кетпес үшін, қолөнер мен халықтар арасында осы қасиеттерді сақтауға тырысады. Мұндай басқару қандай да болсын бір жұмысты немесе соны нығайту үшін және осыларда нығайып, бекітіп үлгерген нәрсені сақтау үшін әрекеттер туғызатын қабілетті болған жерде ғана орын алады; міне, бұл шұғылданатын жұмыс монархия және мемлекет немесе адам не деп атаса өз еркі біледі; ал саясат болса, осы жұмыстың негізі.
(81-бет) Басқарудың екі түрі болады: басқарудың бір түрі шындығында бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықты, ерік қасиеттерін нығайтады және бұл ізгі басқару болып табылады. Осындай басқаруға бағынатын қалалар мен халықтар ізгі қалалар мен халықтар болып табылады. Басқарудың екінші түрі қалаларда шындығында бақыттар болып табылмайтын қиялдағы бақытқа қол жеткізетін әрекеттер мен қасиеттерді нығайтады, мұндағы басқару наданшылық басқару болып табылады; бұл басқару көптеген түрлерге бөлінеді және олардың әрқайсысы көздеген және ұмтылған мақсатына қарай аталады; ол сондай-ақ осы басқаруда көзделген мақсаттар мен міндеттер болып табылатын нәрселерге байланысты бөлінеді: егер басқару байлықты көздесе, онда бұл опасыз басқару деп аталады; егер ол дәрежені көздесе, онда бұл - мансапқорлық басқару; егер екеуінен басқа басқару болса, онда ол өздерінің мақсаттарына байланысты басқаша аталады. Ол ізгі мемлекеттік басқару екі күштен тұратынын анықтайды:
біріншісі - күллі заңдардың күші. Екіншісі - адамның азаматтық істердегі ұзақ практиканың арқасында, өзіне бағынған қалалардағы мінез-құлықтар мен басқару тәжірибесінің арқасында және ұзақ уақыт бойғы тәжірибе мен бақылау негізінде қол жеткізген дағдының арқасында жинайтын күші; бұған мысал, медицинадан табамыз; дәрігердің кемелді емшіге айналуы екі күштің арқасында:
(82-бет) Біріншісі - күллийаттар (универсалиялар) және медицина кітабынан алынған заңдар күші.
Екіншісі - дертпен байланысты медицина істерінде ұзақ практиканың және ұзақ тәжірибеден туындайтын дағдының, сондай - ақ адамның денесін бақылаудың нәтижесінде жинақталатын күш. Осы күштің арқасында дәрігер әрбір организмге, оның кез келген халіне сәйкес қажетті дәрілер мен емді анықтай алады. Мемлекеттік істің жағдайы дәл осындай: мемлекеттік басқару кез келген жағдайға, кез келген халге, кез келген қалаға, кез келген уақытқа сәйкес өз істерін осы күш пен тәжірибенің арқасында анықтай алады.
Азаматтық философия әрекеттерді, мінез-құлықты, ерік қасиеттерін және өзінің зерттеу шеңберіне енетіндердің бәрін зерттей келе, жалпы заңдарды береді және оларды анықтауда кез келген халіне, кез келген уақытына сәйкес олар қалай, қандай нәрсемен және қанша нәрсемен анықталатынының суреттемесін береді; бірақ соңғыларын анықтама бермей қалдырады, өйткені басқа күшті актуальды анықтау мұның әрекет ету аясына енбейді; ол бұған тек қосымша ғана бола алады. (83-бет) Сондықтан [анықтамалары] сәйкес келетін жағдайлар мен оқиғалар анықталмаған және олар белгісіз болып келеді.
Бұл ғылым екі бөлімнен тұрады:
бірінші бөлімінде бақытты түсіндіру және шынайы бақыт пен қиялдағы бақыт арасындағы айырмашылық қамтылады; сонан соң қалалар мен халық ішінде таралған әрекеттер, жүріс-тұрыс, мінез - құлық және жалпы ерік қасиеттері тізіп көрсетіледі және осылардың қайырымды және қайырымсыздары ажыратылады.
Екінші бөлімі қалалар мен халықтарда мінез-құлық пен ізгі қасиеттерді ұйымдастыру әдісін қамтиды және ізгі жүріс-тұрыс пен істерді нығайтатын беделді әрекеттерге түсіндірме береді, сондай-ақ осы екінші бөлім қала тұрғындарын және әлгілерде реттеліп және нығайтып үлгерген нәрселерді сақтайтын әрекеттерді ұйымдастырады; сонан соң бұл бөлімде ізгі мемлекеттік басқарудың түрлері тізіліп, олардың қанша екені және бұлардың әрқайсысының қандай екені көрсетіледі; осылардың әрқайсысы жасайтын әрекеттер тізіп айтылады және бұлардың әрқайсысы өздерінің қол астындағы қалалардың тұрғындары мен халықтар арасында өз мақсаттарына жету үшін осы қалалар мен халықтарда нығайып алу мақсатында қандай заңдар қолданылатыны көрсетіледі; сондай -ақ осы әрекеттердің бәрі, жүріс-тұрыс және қасиеттер ізгі қалалардың кеселдері іспеттес екені анықталады, ал мұндай мемлекеттік билік істеріне және олардың жүру барысына келсек, олар ізгі мемлекеттік билік істерінің кеселдері болып табылады.
Осы билікке бағынған қалаларды сипаттайтын әрекет ету образы мен қасиеттерге келсек, олар ізгі қалалардың кеселдері тәріздес; сонан соң [бұл бөлім] ізгі әрекеттер мен басқарудың надан қалаларға тән әрекеттер мен басқаруға айналуына осыдан бұрын бөгет жасамаған қанша себептер мен мүмкіндіктер болғанын тізіп береді; (84-бет) мұнымен қоса [бұл бөлім] ізгі қалалар мен басқаруды бұзылудан және ізгі емес қалаға айналудан сақтайтын әрекеттердің түрін тізеді. Сондай-ақ ол ізгі емес қалаларды бұрынғы қалпына келтіру үшін, қалалардың ізгі емес қалаларға айналуына қарсы қолдануға болатын басқару түрлерін, айла-амалдарды тізіп береді; сонан соң ізгі мемлекеттік басқару қанша нәрседен тұратыны, солардың ішінен теориялық және практикалық ғылымдардан не кіретіні және бұларға қалалар мен халықтар арасындағы ұзақ уақыт бойы жалғасқан әрекеттерден туындаған тәжірибеден шығатын күштің, яғни кез келген қоғам немесе кез келген қала, немесе кез келген халық және кез келген жағдай мен кез келген оқиғаға сәйкес әрекеттерді, жүріс-тұрысты және қасиеттерді анықтау үшін жақсы жағдай жасау қабілетінің қосылатыны түсіндіріледі. [Бұл бөлім] ізгі қала басшылары заман аясында бірінің орнын бірі басқанда, бірдей шарттарды ұстанса, яғни соңғысы алдыңғының билеу барысында қолданған шарттары мен жағдайларын ұстанатын мұрагер болып қала берсе, және бұлардың орын ауысуы үздіксіз және бірізді болса, қала бұрынғысынша ізгі күйінде қала беретінін, ізгі емес қалаға айналмайтынын түсіндіреді; сондай-ақ басшылардың билігі үздіксіз болу үшін не істеу керек екенін түсіндіреді; [Бұл бөлім] патшалар мен басқа да [билеушілердің] балаларының қазіргі билеушіден кейін билікті алуға лайықты ету үшін оларға қандай табиғи шарттар мен жағдайлар жасау керектігін түсіндіреді;. сондай-ақ бойында мұндай табиғи қабілеті бар баланы қалай тәрбиелеу керектігі және оның билікті қолына алып, кемелді патша болуы үшін ненің көмегімен тәрбиелеу керек екенін түсіндіреді. (85-бет) Мұнымен бірге, кімде - кімнің ел басқаруы надан болса, олар патша болуға мүлдем тиісті емес; өздерінің жағдайларында, әрекеттерінде, басқаруында олар не теориялық, не практикалық философияға мұқтаж емес; алайда олардың әрқайсысы өздерінің билігіндегі қаламен халық арасында көздеген мақсаттарын осы тектес іс барысында алынатынына тәжірибе арқылы жүзеге асыра алады; оның бойында туа біткен тамаша қабілеті, яғни өзінің мақсат еткен игілігіне — жан рақаты мен мансаптарға және т.с.с. нәрселерге жету үшін өзіне қажетті әрекеттерді меңгеру қабілеті орын алған кезде, ол игіліктерді иемденудегі өз мақсатына жетеді, сондай-ақ оның өзінің алға қойған мақсатындай мақсатты көздеген бұрынғы билеушілерге асқан шеберлікпен еліктеуі де осыған жатады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет