Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет15/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

МУЗЫКА ҒЫЛЫМЫ /47/
Музыка ғылымына келсек, ол жалпы алғанда, әуендердің түрлерін таныстыруды қамтиды; [әуендердің] неден құралатынын, қалай құралатынын және әсері неғұрлым мәнді және неғұрлым кемелді болу үшін қандай болуы керек екенін зерттейді.
Мұндай атаумен ұғынылатын ғылым екеу:
біріншісі - практикалық музыка ғылымы.
(61-бет) Екіншісі - теориялық музыка ғылымы.
Практикалық музыканың қызметі - табиғи немесе жасанды аспаптардан шыққанда, құлақпен қабылданатын әуен түрлерін іздестіру болып табылады.
Табиғи аспаптар - бұл тамақ, кішкене тіл және тамақтағы барлық мүшелер, сонан соң -мұрын.
Жасанды [аспаптар] - бұл сыбызғы, лютня сияқтылар және басқалар.
Музыкант - практик әуендерді, тондарды және әдетте аспаптардың бойынан табылатын барлық қосымша тән қасиеттерді түсіне біледі.
Музыка теориясы музыка жөніндегі білімді ақылмен пайымдалатын нысаналар ретінде береді; әуендерді құрайтын нәрселердің барлығының себептері келтіріледі, бірақ материалды түрде емес, абсолюттік түрде және кез келген аспаптан, кез келген материядан абстракцияланған түрде келтіріледі; [музыка теориясы әуендерді] қандай аспапта, қандай денеде алынғанына қарамастан, оларды жалпы қабылдайды.
Музыка теориясы бес ірі тарауға бөлінеді.
Бірінші тарау осы ғылымды сипаттау үшін қолданылатын негіздер мен бастамалар туралы; бұл негіздерді қолдану әдістері мен осы өнерді зерттеу әдістері қандай екені; бұл өнер қандай және қанша заттардан тұратыны және оны қалай зерттеу керек екені жөнінде баяндайды.
Екінші тарау осы өнердің негіздеріне арналған. Бұл тондарды алу жөніндегі пікірлерді қамтиды: бұл тондар қанша, олар қандай тондар, олардың түрлері қанша екені анықталады; бірінің басқасына қатынастары және осының бәрінің дәлелдемелері түсіндіріледі. Мұнда музыканы алушы, (яғни құрастырушы) [адам] тондардың арасынан қалағанын ала отырып, әуен құрастыруы үшін, оларды төмендетуге көмектесетін тондардың формаларының түрлері мен оларды құрастырудың тәртібі жайлы баяндалады.
Үшінші бөлім мына мәселеге арналған: арнайы даярланған жасанды аспап түрлеріне қарасты негіздерде айтылған пікірлер мен дәлелдемелердің арасындағы сәйкестікті баяндайды және барлық аспап түрлерін береді және олар негіздерде сипатталғанына сәйкес дәрежесі және тәртібіне орай орналастырылады.
Төртінші бөлім әуен тондарының өлшемі болып табылатын табиғи ырғақтардың түрлерін пайымдайды.
Бесінші бөлімде, жалпы, әуен композициясы, содан соң поэзиялық оралымдардағы [поэзия] сатылары мен тәртібіне сәйкес құралған кемелді әуендердің композициясы беріледі; әуеннің кез келген қайсыбір мақсатына қарай өнердің мәнін көрсетеді; алға қойылған мақсатқа жету үшін әуендерді әсерлі және кемелді ететін жағдайлар түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет