Ғылыми жоба: «Ши тоқу»


Шидің  тоқылу  технологиясы



бет6/8
Дата23.08.2020
өлшемі31,04 Kb.
#76629
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жұмыс 8 сынып Қазақтың ши тоқу өнері Жансултан.Н (1)
Полезные свойства молочных продуктов.
3. Шидің  тоқылу  технологиясы

Тотықұсытың бейнесінің тоқылу технологиясы:

1. Нобайын таңдап, қағазға түсіру.

2. Жүннің түрлерін дайындап  алу.

3. Қағаздағы бейне бойынша орнаған жібінің дұрыстығын бақылау .

4. Оралған жүн сапасын тексеру.

5.  Тоқу барысында құс бейнесінің үйлесімділігінің бір-бірімен сәйкес келуін қадағалау.

6. Тоқылған жұнді дұрыстап бекіту.

Сонымен қатар Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаны безендіруге де біз шиден тоқылған бұйымдарды пайдаланатын болдық. Тоқылған түрлі шымшилерді фото салатын рамкаға салып, бөлмелерді безендіруге қолдана аламыз. Түрлі табиғат бейнелері көрген адамға қуаныш сыйлайтыны анық. Әрі өз бөлмеңде өз қолыңнан шыққан туындылар тұрғаны адамға сенімділік береді екен.

Ши тоқу өнерін заман талабына сай өзгертсе, тек киіз үйді ғана емес, қазіргі жаңа үйлерді сәндеуге де болады екен. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді шетелден келген туристерге жарнамаласақ, сувенир ретінде алады деп ойлаймын. Сонымен қатар мектеп оқушыларын көркем еңбек пәні сабағында әсемдікке тәрбиелеп, оларға ұлттық тәрбие беруде, ши тоқу өнерінің атқаратын маңызының зор екендігі бәріне белгілі. Мұнымен қоса әрбір мектепте қолөнер үйірмесін ұйымдастырып, онда қазақтың ши тоқу өнері технологиясын үйретсе, ұмытылып бара жатқан қолөнеріміз қайта жаңғырары сөзсіз. Білім алып, тәжірибе жинаған оқушылар өз білгендерін үйдегі бауырларына үйретеді. Өнердегі сабақтастық дегеніміз осы.Ши тоқу өнері кейінгі ұрпаққа түпкі мәнін жоймай берілсе, болашаққа қосқан жарқын үлесіміз болар еді. 

Сурет –ши тоқу

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, қазақ халқының атадан балаға, әжелеріміз бен апаларымыздан өсіп келе жатқан біз сияқты жастарғамұра болып келе жатқан ұлттық қолөнердің үздік үлгісі – ши тоқу жайында қызықты құнды мағлұматтар мен шығармашылық жұмыс орындалды. Бұрынғы заманда көбінесе ою-өрнектер ғана шиден тоқылса ,қазіргі заманда басқадай табиғатты ,түрлі ғимараттар,құс жануарлар бейнесін де тоқуға болады екен.  Әсем құстың бейнесің  ши орау технологиясы арқылы жасаудың ерекшелігі –  әрбір ши сабағын түрлі – түсті жүнмен  жеке – жеке орау. Сонымен қатар жүн түрлерін қағаздағы өрнек бойынша орнаған  жіп    дұрыстығын бақылау және оны  алма  кезек  ауыстырыпотыру  жағы   күрделірек   болды. Сонымен қатар осындай күрделі жұмыстарды жасауда уақытты да көп алады.Қорытакелгенде, «Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт», «Шебердің қолы ортақ», «Өнерлі өрге жүзер, өнерсіз жерсүзер» – деген мақал – мәтелдер өнерлі мен тәрбиені қатар ұстануға тәрбиелейді.Сенімдерін  ақтамаққа  мектептің,Ши  тоқумен  тер  төктім.Ұстазымның  үйреткен  үлгісімен,Өнер жолын  дамытамын  деп  келемін.Заманға  сай  қолөнер де  өркендеп,Қанат  жайып,  жастар  өсті  біртіндеп.Кешегі  өткен  әжелер  мен  апалардың   ізімен,Біз  келеміз  ізбасар  боп  желкілдеп.Өркен  жайсын  қолөнер,Халқым оған дем  берер.Дәстүр,  салтты  заманға  сай  жалғайық,Қатардан  біз  қалмайық.-Ұлттық  қолөнерімізді  қадірлеп,  қастерлей білейік. Еліміздің  туы  биіктерден   желбірей  берсін!  

 ҰСЫНЫС

Халқымыздың  қолөнері  құндылықтарын  терең  үйрететін, соныңішінде ши оқутехнологиясынмеңгертетінкурстароқубағдарламасынаенсеекенұсынысымбар.Қазіргі заман талабына сай халықтың қолөнері жаңарып,жаңатехнологияларды қолданып, жұқа  киізге түрлі оютүрлерін салып, киімтүрлерінтігіп кие бастауөнеріжетілуде, жаңалықтарашылып, халқымыздыңсүйіктіқолөнерлері келешекте  де  қолданыстан  шықпайдыдеген  сенімдемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет