Ғылыми жоба тақырыбы: «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері» Жобаны орындаған



бет2/8
Дата09.10.2023
өлшемі181,54 Kb.
#184401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба тақырыбы «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері»
1551248261, Проект Йод и его тайны, 999114
Жобаның мақсаты: Адам ағзасына Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің маңызды екенін және олардың қандай рөл атқаратыны жайлы бағыт – бағдар беріп, өскелең ұрпаққа адам ағзасы химиялық элемент негізінен тұратынын дәлелдеу.
Міндеттері:

  • Химиялық элементтер жайлы оқып танысу.

  • Адам ағзасына химиялық элементтердің әсерін қарастыру.

  • Азық – түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің мөлшерін анықтау.

  • Нәтижесін анықтап, қорытындысын шығару.

Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: химиялық элементтер жайлы ақпарат беру, адам ағзасына әсері туралы түсінік беру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде өзім азық – түліктер мен жеміс – жидектерге жүргізген зерттеуіммен бөлісемін.
Болжам: егер де, адамдар өз денсаулығына көңіл бөлсе онда химиялық элементтердің қаншалықты денсаулығына әсерін толық түсінеді, яғни салауатты өмір салтын ұстанады.
Күтілетін нәтиже:
► мазмұнына сәйкес ақпарат беріледі;
► химиялық элементтердің ағзаға әсері туралы білетін болады;
► өз денсаулықтарына көңіл бөлетін бөледі.

Химиялық элементтер жайлы ақпарат
Біз адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық заттардан ал 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұратынын жақсы білеміз.
Атап айтатын болсақ, органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай - ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ал ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде периодтық жүйедегі мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мәселен, егер адамның салмағы 70 кг болса, онда 1700 грамм кальций, 250 грамм калий, 70 грамм натрий, 42 грамм магний, 5 грамм темір, 3 грамм мыс болады.
Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі. Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы болып табылады. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:
1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.
Ал тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:
1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді. H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
2. Қосымша элементте. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дайын толық зерттелмеген.
3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.
Сондықтан да химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс көп болуы да ауыр салдарға әкеп соғады. Тіпті қазір тағамннан да улану көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне осылардың әсері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет