Ғылыми жоба Тақырыбы: Философия саласындағы термин сөздер Студент



бет3/4
Дата02.10.2019
өлшемі466 Kb.
#49114
1   2   3   4
Байланысты:
Дайынова Айгерім терминология Жоба


Қазақ грамматикасы. Қазіргі тіліміздегі бүгін, ағайын; бүгін-ертең ,ағайын-туған ;үлгі ет,кәсіп қыл;ақ сары, қара сұр ;құр алақан ;соққы жеу,қорлық көру;қара құйрық тәрізді формаларды алсақ , осылардың қай-қайсысы болса да күрделі сөздер деп танылуға тиіс. Дегенмен , күрделі сөздер сыртқы құралу нұсқалары жағынан да , ішкі мазмұндары жағынан да біркелкі емес . Мысалы: ағайын , бүгін дегендердің әрқайсысы алды –алдына аға жіне іні , бұ(л) және күн деген компоненттердің әрі дыбыстық өзгерістерге түсулерінің ,әрі бір-бірімен кіріге бірігулерінің нәтижесінде туған күрделі сөздер бола тұра,ағайын-туған , бүгін-ертең деген күрделі сөздердің құрамында қолданылады. Ал, түрегел (тұра кел),сөйт (солай ет)дегендер түрегеле тұр , сөйте тұр деген сияқты күрделі етістіктердің құрамында жұмсала береді.

Лексикалану, идиомалану ,делексикалану , грамматикалану сияқты әр алуан процестердің нәтижесінде қалыптасқан күрделі сөздердер біркелкі болмайды. Кейбір мысал алайық :

1) Қарлығаш деген біріккеен сөз әуелі қара ала құс деген үш сөздің тіркесі болған . Осы үлгі бойынша қалыптасқан топқа биыл,ағайын ендігәрі,сөйт ,әпер сөздері жатады .

2) Сары май деген күрделі сөз бастапқы да анықтайтын және анықталатын екі компоненттен кұралғанмен, кейін лексикаланудың нәтижесінде екі компоненттің әуелгі синтаксистік қатынастары бұзылған да , грамматикалық қызметтерінен айрылған . Бұл түрді құрама сөздер деп атап , оларға айбалта , қошқар ата , тасбақа, зеңгі баба ,ат қосшы , баспасөз сөздерін жатқызуға болады.

3) Ала аяқ,бос белбеу деген сөздер мен асқар тау , темір жол сөздері .Бұл екі топ - идиомалық тіркес пен фразеологиялық тіркес – бір –бірінен ерекшеленеді . Компоненттері семантикалық дербестіктен айырылса идиома , компоненттер бүтіндей , не жартылай дербестігін сақтаса , фраза болады .

4) Әке –шеше , ыдыс-аяқ сияқты күрделі сөздер. Компоненттері салаласа құралған. Дыбыстық өзгеріске ұшырамаған , екпіндері сақталған. Сөйте тұра , компоненттері ритм-мелодиялық ,лексика-грамматикалық жағынан бір тұтас сөздік тұлға ретінде қызмет етеді . Осы ерекшелікке сәйкес бұл сөздер қос сөздер деп аталады.

5) Компоненттерінің ара қатынасы жоғарыдан өзгеше болса , бұл топ – бір тектес сөздерден сабақтаса келетін күрделі сөздер. Бұларғакүрделі сын есім ( ақ сары, сары ала ), күрделі сан есімдер(он екі,жүз отыз екі)тағы басқалары жатады .

6) Компонеттерінің құрамы жөнінен де , олардың ара қатынасы жөнінен де басқаша болып құралатын күрделі сөздердің бір тобы – құранды сөздер. Мысалы:қызмет ет , сергек бол, құлақ қой ,үлгі ет т.б.

7) Күрделі сөздердің тағы да бір түрі етіп соңғы кездерде ғана туып қалыптасып келе жатқан қысқарған сөздерді жатқызуға болады .

Кіріккен сөздер мен біріккен сөздер өзге тілдердегі сияқты , қазақ тілінде де сөздерді біріктіру арқылы жаңа сөздер жасау тәсілі – көне замандардан келе жатқан амалдардың бірі.

Ішкі мазмұны мен сыртқы тұрпатына сәйкес екі топқа бөлуге болады.

1) Кіріккен сөздер – компоненттерінің біреуі , я екеуі де мағыналарынан айрылып,бір-бірімен үндесіп , бір тұлға болып қалыптасқан күрделі сөздер.

2) Біріккен сөздер – компоненттері бастапқы формаларын да , мағыналарын да сақтап қалып қалыптасқан күрделі сөздер.

Құрамындағы компоненттерінің дыбыстық өзгерістерге ұшырау сипатына байланысты кіріккен сөздер іштей екі топқа жіктеледі:біріншіден, олардың ішіндегі компонеттер өзгеріске ұшыпаған .Мысалы; бүгін , ышқыр , әпер осы топқа жатса , екіншіден, барлық компоненттері өзгермей –ақ сыңарлары ғана өзгерген.Мысалы:қолғанат ,көкпар,әжептәуір .

Біріккен сөздердің жасалуында жүйе болмайды емес ,– болады . Әр сөздің ерекшелігіне сәйкес бытыраңқылық мол .



Қос сөздердің бір тобы компоненттері я бір сөздің өзінің ешбір өзгеріссіз жай қайталануынан құралады;екінші тобы морфологиялық формасы жөнінен бір тектес, бір түрлес не синоним, не антоним сөздердің қосарлануы арқылы құралады . Түсінуге де , талдауға қолайлы болу үшін қос сөздерді қайталама қос сөздер , қосарлама қос сөздер деп екі салаға бөледі.

Қайталама қос сөздер Бір сөздің өзін не екі рет қайталау арқылы не оның бір буынын я бір дыбысын өзгертіп қайталастыру арқылы жасалады. Мысалы:арба –арба астық,ауыл –ауылдан ,шарт-шұрт,шала-пұла ,ет-мет .

Қосарлама қос сөздер лексикалық мағыналары басқа-басқа , бірақ семантикалық жағынан ыңғайлас екі сөзден қосапланып жасалады. Мысалы:ұзынды-қысқалы, анау-мынау,сүріне-қабына, үш-төрт . Лексикалық дербестігі жағынан сәйкес бола бермейді Қысқарған сөздер (аббревиатура тікелей орыс сөздерінен пайда болған .

1. Ешбір өзгеріссіз ,сол қалпында алынған түрлері (комсомол,совхоз)

2. Орыс тіліндегі қысқартуға сәйкес аударулар ( АҚШ-США ,ҚазПИ-КазПИ). [13, 243-248].

К. Аханов күрделі сөздің мынадай басты белгілерін көрсетеді:

1.Күрделі сөз кемінде екі түбірдің (немесе негіздің) бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан жасалады.

2.Күрделі сөз жасайтын сыңарлар семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан тұтасып, бір ғана ұғымды білдіреді.

3. Күрделі сөздің құрылымдық тұтастығы берік сақталады, оның сыңарларының арасына басқа бір сөз кіргізуге және олардың орнын ауыстыруға болмайды.

4. Күрделі сөз сыңарлары тұтас бір ауа түйдегімен үзіліссіз айтылып, бір ғана дауыс екпінге ие болады. [14,201-216].

Ж.Шәкенов күрделі сөздердің грамматикалық, семантикалық сипатымен бірге, олардың фразеологиялық тұлғалармен арақатынасына ерекше назар аударған. Оның пікірінше, күрделі сөздердің фразеологизмдерден айырмасы мынадай: күрделі сөздердің құрылымы екі, үш (сирек) сөзден аспаса, фразеологиялық тұлғалар көп компонентті болып келеді; күрделі сөздердің заттық, сапалық ұғымды білдіретін түрлерінің бастапқы компоненті көбінесе атау тұлғада тұрса, фразеологизмдерде әралуан тұлғада келеді; күрделі сөздер атау мағынада қолданылса, фразеологизмдер бейнелі мағынада жұмсалады; күрделі сөздер белгілі бір сөз табының құрамына кірсе, фразеологизмдер белгілі сөз табына жатпайды. [15, 98-101].

Т. Сайрамбаев. Сөз, негізінде, негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінетіні белгілі. Мысалы: мал, адам, етік, малшы, адамша, КПСС,ВЛКСМ, АДК, алабота деген сөздердегі негізгі түбір мен туынды түбір сөздерді сөз тіркестеріне ұқсас деп айту қиын.

1. Екі я үш сөз бірігіп, бір ғана мағына береді.Біріккен сөздер екі, я үш сөздің жай ғана қосыныдысы емес, басқа мағынаға ие болатын бүтін сөз, оның құрамындағы жеке сөздердің мағынасы түгелдей, не жартылай жойылып, жаңа мағыналы, жаңа тұлғалы жеке сөз жасайды.

2.Біріккен сөздер дара сөздер сияқты сөйлемнің бір-ақ мүшесінің қызметін атқарады.

3.Біріккен сөздің қосымша белгісінің бірі- біріккен сөз сөздің арасындағы үндестік заңы.

4.Біріккен сөздердің сыңарлары бір-бірімен басыңқы-бағыныңқы байланыста болмайды.

5.Біріккен сөздер сөз тіркестерінің бір-ақ сыңары болып жұмсалады.

Қысқарған сөздедің негізі сөз тіркесіне ұқсас сияқты.Қысқарған сөздердің мынадай төрт түрі бар:

1.КПСС; 2.Партбилет; 3.ҚазҰУ; 4.Обком. Бұл кемінде екі немесе одан көп сөздерден қысқартылып, бір-ақ ұғымды береді.

Сонымен қысқарған сөздер:

1.Тілдегі арнайы сөз тіркестері болатын сөздердің негізінде пайда болады.

2.Бұрын еркін сөз тіркестері болғанымен, енді үрлі формада қысқаруының нәтижесінде сөз тіркесі формасынан бүтіндей өзгеріп, бір-ақ сөздің мағынасын береді.

3.Сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.

4.Сөз тіркесінің бір сыңарының қызметінде жұмсалады.

Қос сөздер қазақ тілінде екі сөздің қосарлануы арқылы жасалып, бір күрделі лексикалық мағына тудырады. [16, 102-106].



С. Исаев. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің барлық түрлері дерлік кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, әдетте ол сөздердің сол тұлғаларында бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтамыз. Бұл – әсіресе түбір тұлғадағы зат есімдердің бір–бірімен тіркесіп қолданылуынан анық көрінеді. Әдетте зат есім заттың атын білдіру мағынасымен байланысты қолданылса, енді бір зат есім екінші зат есімнен түбір тұлғада тіркессе, зат атауын білдіруге жат мағынада, қатыстық-сындық мағынада жұмсалады. Мысалы, Мықшима аяғымда былғары етік, Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп (Абай). Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер (Мақал). Бір-бір киіз үй әкелгенде, бәрінен Итбайдың үйі ұнамды боп шыққан (С. Мұқанов). Бұл сөйлемдердегі былғары, киіз сөздері заттық мағынада емес, етіктің, байпақтың, қазықтың, үйдің, қатыстық-сындық сипаты мәнінде яғни осы соңғы заттардың неден жасалғанын білдіру мәнінде қолданылған. Зат аталуын білдіретін сөздердің бұндай әдеттен тыс ерекше грамматикалық мағыналары ол сөздердің заттық мағынаны білдіретін екінші сөзбен тікелей тіркесінен пайда болған. Сол сияқты қол сағат, қалта сағат, қабырға сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, кигіз үй, кірпіш үй, ағаш үй, оқушы бала, т. б. тәрізді тіркестердің бірінші зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық мәнді білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап береді.

Сөздердің қосарлануы арқылы жалпылық, көптік, сөздердің қайталануы арқылы көптік, дүркінділік, сындық мәндегі сөздерде үстеме буын арқылы күшейткіш мағыналар үстеу де грамматикалық мағына білдірудің белгілі бір жолдары болып табылады. Мысалы, аяқ – табақ, үлкен – кіші, кәрі – жас дегендер жаңа туынды (сөз) болумен қатар жалпылық мән сияқты грамматикалық мағына да білдіріп тұр, ал қора-қора қой, тау-тау астық, көре-көре, сөйлей-сөйлей дегендегі қайталама қос сөздер көптік, дүркінділік ұғымды білдіреді, қып-қызыл, жап-жақсы, үп-үлкен дегендегі үстеме буындар (қап, жаз, үп) күшейткіш мәнді білдіреді.



Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі әр тілде әр түрлі қызмет атқарады. Қазақ тілінде ол (сөздердің орын тәртібі) – грамматикалық мағына білдірудің негізгі бір жолы болып табылады. Сондықтан да сөйлемде сөздердің (сөйлем мүшелерінің) белгілі тұрақты орын тәртібі бар. Ол орын тәртібінің өзгеруі белгілі бір мән үстелумен байланысты болады. Мысалы, Тарт қолыңды Вьетнамнан!( Әдеттегі орын тәртібі – Вьетнамнан қолыңды тарт) деген сөйлем үлкен бір жігермен айтылады да, орын тәртібінің өзгеруі (инверсия) белгілі бір стильдік жүк көтеріліп тұр. Сөздердің орын тәртібінің өзгеруі олардың грамматикалық мағыналары мен сөздер арасындағы ситаксистік қатынастардың мүлдем өзгеріп кетуіне де себеп болады. Мысалы, қалта сағат (сағаттың қалтаға салып жүретін бір түрі), көз әйнек (көзілдірік яғни көзге салатын әйнек), біз өкше (үшкір биік өкше), мосы ағаш (мосы жасайтын ағаш) тәрізді тіркестер бір түрлі мәнде қолданылса, олардың орнын ауыстырып жұмсағанда, басқа мағынада және басқа синтаксистік қатынаста айтылады: сағат қалта (сағат салуға арналып тігілген қалта), әйнек көз (шыныдан салынған жасанды көз), өкше біз (жуан яғни ағаш шегені өкшеге қағу үшін пайдаланылатын ең жуан біз), ағаш мосы (ағаштан жасалған мосының түрі, темір мосы да болуы мүмкін), т. б. [17, 114-119].

Ө.Айтбаев. Сөзжасамның синтаксистік, яғни аналитикалық тәсіліне келсек, бұлардың терминжасамға тигізер септігі мол. Бұл – екі немесе одан да көп сөздердің біріктірілуі арқылы жасалатын тәсіл. Термин жасаудың бұл тәсілі термин біріктірумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге ол сөздердің немесе терминдердің тіркесімі арқылы жасала береді. Қазіргі қазақ тілінің терминжасам процесі көрсеткендей, мұның екі түрі де морфологиялық тәсілден кейінгі орында тұратын тәрізді. Бұл арқылы кілең күрделі. Тіркестер жасалады. Мынадай басты-басты модельдерді іштей жіктеп көрсетуге болады. Біріншіден, термин құрайтын екі компоненттің екеуі де бір-біріне тәуелсіз тең мағыналы төл түбірлер болып келуі мүмкін: көз-қарас (мировоззрение), үш-бұрыш (треугольник), өнер-баян (промышленность), еңбек-ақы(трудодень), қол-таңба(автограф), өмір-баян (автобиография), қол-өнер (ремесло) немесе біріктірілетін сөздің бірі туынды түбір болыпғ яғни әлгі лексикалық единицалардың жасалуына морфологиялық амалдар қатысуы арқылы да жасалуы ықтимал. Мысалы, сенім хат, көзқарас, өнертапқыш, қос өкіметтілік, онкүндік, бесжылдық, атқосшы, тарихтану т.б. бұны бір жағынан, морфологиялық-синтаксистік біртұтас тәсіл ретінде қарауға итермелейді. Төл түбір мен кірсе сөздердің бірігуінен жасалған модель де осы қатарла қарастырылуға тиіс (киножарнама, кинотаным). Бұл ретте кейін күрделі термин жасауға септігі тиген байырғы қос сөздер қатары есте болуға тиіс. Мәселен, орақ-балға, тәлім-тәрбие, үгіт-насихат, қоғамдық-саяси, оқу-ағарту тәрізділер осы ретпен келіп қосылған терминдер. Яғни тілдің термин жасаудағы бұл мүмкіншілігін де сарқа пайдалануға болады деген сөз. Тіпті, керек десеңіз, қосарлы қалпында тұтас қабылданған марксизм-ленинизм, философиялық-методологиялық, саяси-экономия тәрізді күрделі сөздер де терминжасамның бір түрі есебінде әңгімеленуге хақы бар. Осы тектес күрделі сөздер қатары қазіргі тіл қолданысымызда жиірек кездеседі [18, 355-361].

Ш.Құрманбайұлы. Аналитикалық тəсілдің жіктелуі Олар:1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту. Сөзқосым тəсілі арқылы біріккен, кіріккен атаулар жасалады. Ондай атаулар қазақ тілінде көптеп саналады. «Біріккен сөз дегеніміз – жеке-дара сөздердің өзара шоғырлана тұтасуынан жасалған дербес лексика-грамматикалық мағыналары бар туынды сөздер». Екі я онан да көп түбір сөздер біртұтас дыбыстық құрамға қосылып, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды білдіріп, бір лексикалық единица жасайды. Мысалы, еңбекақы, асқазан, зейнетақы, гүлсерік, бессайыс, елтаңба, əнұран, əуежай, бағдаршам, жеделхат, жанкүйер, желкерме (парашют), қолжазба, қолхат, мұражай, сусабын (шампунь), дəйексөз (цитата), оққағар (телеохранитель) т.б. сөздер осы сөзқосым (словосложение) тəсілімен жасалған. Екі сөздің бірігу нəтижесінде іштей морфемалық, дыбыстық өзгерістерге ұшырап, əбден жымдасып, тұтасып кеткен біріккен сөз түрін кіріккен сөз дейді. Мысалы, білезік, қарлығаш, сексен, тоқсан т.б. Сөздерді қосарлау ақылы сөз жасау қазақ тілінде бұрыннан бар тəсіл. Қос сөздер тілде екі сөздің қосарлануы арқылы жəне бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Соған сəйкес олар қосарлама қос сөздер жəне қайталама қос сөздер деп екіге бөлінеді. Бұл тəсіл терминжасамда да едəуір пайдаланылып жүр. Оған осы тəсілмен жасалған төмендегідей терминдер мысал бола алады. Мəселен, оқ-дəрі (порох), сауда-саттық (торг), тепе-теңдік (паритет), керек-жарақ (снаряжение), келісім-шарт (контракт), қарама-қайшылық (противоречие), құрал-сайман (инструмент), алым-салық (дань), шағым-талап (рекламация), қару-жарақ (воружение), сана-сезім (сознание), көші-қон (миграция) т.б.

Тіркестіру. Тіркесті күрделі атаулар – екі немесе одан да көп сөзден тұратын, əр сыңары бөлек жазылатын күрделі сөздердің түрі. Көп сыңарлы термин атауларды терминтану саласындағы еңбектерде терминологиялық сөз тіркесі деп те атайды. «Терминологиялық сөз тіркесі – бұл арнаулы кəсіптік ұғымның атауы қызметін атқаратын екі (немесе бірнеше) толық мағыналы сөздердің мағыналық жəне грамматикалық бірлігі».

«Атаулық (номинативті) тіркестер – бір жағынан, еркін тіркестер, яғни сөз тіркестерімен, екінші жағынан, біріккен, кіріккен сондай-ақ күрделі сөздер аралығындағы тіркестер, басқаша айтқанда, тұрақталған атаулар, сондықтан да бұлар сөз тіркесінің қатарына жатпайды. Бұл тəрізді тіркестер ғасырлар бойы қолданудың барысында синтаксистік қатынасы жағынан солғындап, бір заттың (ұғымның) атауы ретінде тұрақталған».



Қысқарту немесе қысқарым (аббревиация) тəсілі. Тілдегі ықшамдау заңдылығына байланысты сөздерді қысқартып алу қазақ тілінде ертеден бар тəсіл. Тілші-ғалымдар кеңес дəуіріне дейін кісі аттары Бекмұхамбет – Беке, Сəрсенғали – Сəке, Айнагүл – Айнаш т.б. қысқартылып алынғанын атап көрсетіп жүр. Ал кеңес дəуірінде көбінесе мекеме атаулары қысқартылып алынған. Қысқарған сөздердің барлығы да сөз табы ретінде тек зат есімге жатады. Қысқарған сөздер жасалу жолына қарай 4 топқа бөлініп жүр.

1. Дыбыстық я əріптік қысқарымдардан жасалған зат есімдер. ТМД (Тəуелсіз мемлекеттер достастығы), БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары), АҚШ (Америка Құрама штаттары), БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) т.б.

2. Буындық я бөлімдік қысқарымдардан жасалған зат есімдер. Қалатком, кеңшар (кеңестік шаруашылық), Ономком т.б.

3. Дыбыстық, əріптік жəне буындық қысқарымдардан жасалған зат есімдер. ҚазМУ, ҚазААГ (қазақтың ақпарат агенттігі)

4. Буындық я бөліктік қысқарым мен тұтас сөз бірікпесінен жасалған зат есімдер. Мемтерминком, ҚазАқпарат, Қазақтелеком, Мембаспаком, ҚазМұнайГаз, Еуроазия (Европа – Азия), Меммүлік т.б. [2,149-154 ].

А. Салқынбай. Болмыстың танылған ерекше белгілерін таңбалаудың көнеден келе жатқан тәсілінің бірі – аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі. Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі тілдің дамуында маңызды рөл атқарған. Тілдің ежелгі бастауында түбіртектің, түбірдің бірігуі арқылы екіншілік мағына жасалып, жаңа сөздер туындаған. Қазіргі қазақ тілінде аналитикалық-семантикалық сөзжасам тәсілінің мынадай сөзжасамдық қалыптары қалыптасқан: тұлғалардың бірігу қалыбы; тұлғалардың қосарлану қалыбы; тұлғалардың тіркесу қалыбы. Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілінің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетуге болар еді:

1. құрамындағы екі не үш толық мағыналы (кейде көмекші мағынадағы) себепші негіз мағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі;

2. құрамындағы себепші негіздің тура не ауыспалы мағынасы арқылы уәжделеді;

3. туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында себепші негіздердің екеуінің де мағыналық үлесі болады;

4. бір себепші негіз арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады;

5. себепші негіздер бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек арасында синтагматикалық қатынас орнайды.



Біріккен сөздердің сөзжасамдық қалыбы. Біріккен сөздер – негізінен, денотаттық ұғымды таңбалайтын денотаттық мағыналы атаулар да, тіркесті атаулар – сигнификаттық ұғымды таңбалайтын сигнификаттық мағыналы сөздер. Бірге жазылатын туынды сөздер:

1. Екі себепші негізден құралып, аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атауларын таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: ақбөкен, ақалтеке, ақкөз, ақкіс, аққурай, ақсерке, ақжапырақ, ақиық, ақшуақ, ақшұнақ, аққой, аққанат,қосаяқ, т.б.

2. Екі себепші негізден құралып, шаруашылық, мәдениет, тұрмыс, өнер, спорт т,б, салаларына байланысты туындаған ұғымдарды таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: баспасөз, баспахана, шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс, ақсүйек, беташар, тоқымқағар, т.б.

3. Екі себепші негізден құралып, терминдік мәнге ие болған денотаттық мағыналы туынды сөздер: оттегі, сутегі, қостотық, сүтқоректілер, оңқанаттылар, жарғаққанаттылар, қоянжырақ, қоянжел, қалқантұмсық, т.б.

4.Екі себепші негізден құралып, табиғат құбылыстарының, қоғамдық қатынастардың, өркениет дамуында пайда болған атаулардың танылған әртүрлі белгілерін, таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: кемпірқосақ, көкжиек, өнеркәсіп, кәсіподақ, бесжылдық, келіссөз, еңбеккүн, еңбекақы, зейнетақы, сыйақы т.б.

5. Әуелгі сөзжасамдық тұлғасы еш, кей, әр, бір, қай, әлде есімдіктері болған денотаттық мағыналы туынды сөздер: әрқашан, әркім, ешкім, ешқашан, ештеңе, біржолата, бірәрсе, бірнеше, қайсыбір, біркелкі, әлдекім, т.б.

6. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ, құмар, т.б. сөздер болатын, денотаттық мағыналы туынды сөздер: халықаралық, қалааралық, жаратылыстану, абайтану, әуезовтану, шығыстану, дүниетану, көсемсымақ, шешенсымақ, ағасымақ, ойынқұмар, т.б.

7. Екі себепші негізден құралып, кісі есімдерін, жер-су атауларын таңбалайтын туынды сөздер: Нұржан, Нұрсұлтан, Сарыарқа, Жетісу, Жезқазған, Сарыөзек, Екібастұз, Сарыағаш, Қызылорда, Ордабасы, т.б.

Қос сөздердің сөзжасамдық қалыбы. Аналитика-семантикалық тәсілдің мол тараған қалыбының бірі – қос сөздердің сөзжасамдық түрі. Жаңа екіншілік мағына жасауда себепші негіздердің арасында мынадай басты сабақтастық сақталуы қажет:

1. Мағыналары жақын, мәндес себепші негіздер қайталанып, атаудың номинативтік ерекше белгісін анықтайды (жүн-жұрқа, бала-шаға, жетім-жесір, жата-жастана, тамыр-таныс, күл-қоқыс) т.б.;

2. Мағыналары қарама-қарсы себепші негіздер қайталанып, ерекше мағынаны туғызады ( бұрын-соңды, алды-арты, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты, жақсылы-жаманды, т.б.);

3. Сандық және сапалық жағынан бір-бірімен ыңғайлас, мәндес себепші негіздер қайталанып, жаңа туынды мағына жасайды ( бес-алты, қырық-елу, жеті-сегіз, бір-екі, әке-шеше, әкелі-балалы, ине-жіп, есік-терезе, т.б.);

4. Қимыл-қозғалыстық мәнді сөздер бір-бірімен қосарланып келіп, сөзжасамдық жаңа мағына туғызып, туынды сөз ретінде таныла алады: жата-жастана, келе-келе, бара-бара, айта-айта, көре-көре, сөйлей-сөйлей, т.б. [6,221-228].

3.1 Аналитикалық тəсілмен жасалған ұлт тіліндегі жəне будан терминдер

Аналитикалық тәсілмен жасалған будан терминдер

Аналитикалық тәсілмен жасалған ұлт тіліндегі терминдер

А

Анналдар мектебі

Абсолютті жалған пікір

Абсолютті тепе-теңдік

Абсолюттік ақиқат

Абсолюттік идея

Абсолюттік этика

Абсолюттік артықшылық

Абсолюттік дүниетаным

Абсолютті идеализм

Абсолютті негіз

Абсолютті рух

Абсолютті уақыт

Абстрактілі ойлау

Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу

Аве Мария

Автохтонды мәдениет

Агни-йога

Агрессия ошағы

Агрессияға ұшырау

Агрессияны тоқтату

агрессияны ұлғайту

адамгершілік философиясы

Адам-Хауа

Алғашқы мұсылмандар

Алғыс айтушылық

Аксиомалар жүйесінің кесімділігі

Аксиомалық әдіс

Аз топтар теориясы

Англикан шіркеуі

Анархо-синдикализм

Антогонистік қайшылық

Антигегомонистік блок теориясы

Антикалық философия

Антик философиясы

Антикалық логика

Антитеррорлық

Антропоцентризм

Антропоғарыштық үдеріс

Антропологиялық мектеп

Анторпологиялық қағидат

Аполлондық мәдениет

Апофатикалық теологиялық

Араб тілді перипатетизм

Араб философиясы

Араб халифаты

Араб-мұсылман этикасы

Астралды табынушылық

Астралдық дене

Саны: 49


А

Араб көктемі

адам әлемі

адам болмысы

адам дүниетанымы

адам пішінді

адам пішінділік

адам табиғаты

адамгершілік тәрбие

адамгершіліктік сана дағдарысы

адамдық қатынастар мәдениеті

адамзатты сүю

адами әлеует

адами жад

адами құндылықтар

адами пайым

адамның қадыр-қасиеті

адамның сенімсіздігі

адампішінділер

Ақиқат жаршысы

Адамшылығы жоқтық

Айқындалған артықшылықтар

Ақыл жетер

Ақыл жетерлік

Ақыл қабілеті

Ақтық кезең

Ақыл қабілеті

Ақылдан адасушылық

Ақылға қонымдылық

Ақыл-ой


Ақыл-пайым

Аластатушы ойпікір

Алғашқы қауым

Алғашқы қауымдық мәдениет

Аңыз айтушы

Аңыздан арылған

Аңызға айналған

Араағайындық

Арам ниетті

Ата-баба рухына сыйыну

Арабтілді мәдениет

Саны: 40


Ә

Әлем манифесі

Әлемдік қоғам теориясы


Саны: 2


Ә

Әдіснамалық екіжақтылық

Әлем тұтастығы

Әлемге ізгілікті көзқарас

Әлемдік мәдениет

Әлемдік нақты болмыс



Саны: 5

Б

Батыс философиясы

Болмыс анологиясы

Білім философиясы



Саны: 3

Б

Бабыл мәдениеті

Бабыл мұнарасы

Басым құндылықтар

Біртұтас дүниетпайым

Бейәдептілік



Саны: 5

В

Ведалық дін

Византия шіркеуі

Византиялық мемлекет

Византиялық өнер

Византиялық философия

Византия өркениеті

Виртуальды жағдай



Саны: 7

_________

Г

Гегель идеализмі

Гетерономдық этика

Гипотезалық әдіс

Гипотетикалық дедуктивтік теория

Гипотетикалық силлогизм

Гносеологиялық процесс

Гносеологиялық түп-тамыр

Гуманистік этика

Гуманитарлық апат

Гуманитарлық дискурс

Гуманитарлық интеграция

Гуманитарлық мәдениеттану

Гуманитарлық ынтымақтастық



Саны: 13

__________



Ғ

Ғылым философиясы

Ғылыми индукция

Саны: 2


Ғ

Ғаламдық ақыл-ой

Ғылымға қайшы

Ғылымдар жіктемесі


Саны: 3

Д

Дағдылы мораль

Дала балладасы

Дамокл семсері

Дәстүрлі этика

Диалектика заңдары

Диалектика категориялары

Диалектика қағидаттары

Дефенсивті реализм

Диалектикалық категория

Диалектикалық матерализм

Дұрыс мағына философиясы

Дүниенің материалдылығы

Дүниетанымдық синкертизм

Дін философиясы

Діни экстремизм

Діни фундаментализм

Саны: 16


Д

Дәстүрлі қоғам

Дәстүрлі мәдениет

Дәстүрлі діндер

Дәстүрлі емес діндер

Дәстүрлі мейрам

Дәуір талқысы

Дене мәдениеті

Дүние суреті

Дүниенің бірлігі мен санқырлылығы

Дүниетаным

Дүниепайым

Дүниетанымдық әмбебаптар

Дүниетанымдық серпіліс

Дүниетанымның жаңаруы

Дін әлеуметтануы

Дінге берілу

Дінге қарсы

Діни ілім

Діни кемсітушілік

Дін тұтыну

Дінтану


Дінбұзар

Дінаралық әріптестік

Дінге сенетіндер

Дінге сенуші

Діни қауым

Діни әділдік

Діни қызметкер

Діни мүрделер

Діни оқытушы

Діни тағаттылық

Діни төзімділік

Діни-ғұрыптық әрекет

Діншілдік деңгейі

Саны: 34


Е

Египеттік мәдениет

Египет философиясы

Ежелгі грек діні

Ежелгі грек логикасы

Ежелгі грек мәдениті

Ежелгі грек өркениеті

Ежелгі грек философиясы

Ежелгі Египет мифологиясы

Ежелгі Рим діні

Ежелгі Рим мифологиясы

Ежелгі Рим өркениеті

Ежелгі Рим философиясы

Ежелгі славян діні

Ежелгі славян мифологиясы

Саны: 14


Е

Ежелгі үнді өркениеті

Екіжүзділік

Екі түрлі ақиқат

Еркін ойлау

Еркін ойлылық

Еркін ойлы

Еркін ойлаушылық

Ессіз берілгендік

Саны: 8


Ж

Жарқын болашақ философиясы

Жамат таблиғ

Жанама агрессия

Жапон философиясы

Жарастырушы идеологема

Жасампаздық миссия

Саны: 6


Ж

«Жаңа өмір» шіркеуі

Жазу жоқ кездегі мәдениет

Жазу мәдениеті

Жазықсыз құрбандық

Жалаң сөзділік

Жалған түсінік

Жалған тарихшылдық

Жалған ырықтандыру

Жалқылық айырмашылық әдіс

Жалқылық ұқсастық әдіс

Жалпы тұтастық

Жалпыадамзаттық мүдделер

Жалпыға ортақ игілікті қоғам

Жаман ниеттілік

Жан күйзелісі

Жан сыры

Жан тазалығы

Жанды мен жансыз

Жан-жақты қатынас

Жаңа оңшылдар

Жаңа солшылдар

Жаратқан құдірет

Жарқынжүзділік

Жасампаздық негіз

Жәһілия дәуірі

Желеп-жебеуші періште

Жүзеге асқан ниет



Саны: 27

З

Зәузат дарағы

Зооморфизм
Саны: 2


З

Залал шегу

Зайырлы қоғам

Зайырлы мемлекет



Саны: 3

И

Идеализмнің гносеологиялық тамырлары

Идеалистік диалектика

Идеологиялық вакуум

Идеологиялық тұжырым

Идеологиялық қайшылық

Идеологиялық өштесу

Идеологиялық үдеріс

Идеологиялық эволюция

Идеялар туралы ілім

Иероглифтер теориясы

Иконаға табынумен күресушілік

Илья күні

Имманенттік философия

Иран мәдениеті

Ислам философиясы

Испания мәдениеті

Италия мәдениеті

Итальян лигасы

Итальяндық философия

Ихван ас-сафа

Саны: 20


И

Игі ниеттілік

Игілікті тұрмыс

Игіліктік теңсіздік

Ислам мәдениет

Исламтану



Саны: 5

К

Кант агностицизмі

Кейінгі классикалық емес көзқарас

Классикалық өнер

Классикалық мәдениет

Классикалық реализм

Классикалық көзқарас

Көркем абстракция



Саны: 7

К

Кеудемсоқтық

Көз жеткізу

Көз бейне

Көз қылушылық

Көкейге қонымсыздық

Көзқарас қасаңдығы

Көзқарастардың бірлігі

Көзқарасты дәйектеу

Көңіл білдіру

Көңіл тыншыту

Көңілге қонымды әрекет

Көп уәдешіл

Көңілін қалдырмайтын

Көпқұдайшылдық

Көркем бейне

Көркемдік көзқарас

Көркемдік түпкіой



Саны: 17

Қ

Қазақ халқының философиясы

Қазақтану философиясы

Қала балладасы

Құқық философиясы

Құндылықтар философиясы

Қытай доасизмі

Қытай философиясы




Саны: 7

Қ

Қайта өрлеу

Қайырымды ізгі әйел

Қалыпты бірегейлік

Қараниеттік

Қасаң қағидалы

Қаскүнем әрекет

Қоғамға жат қылық

Қауесет тарату

Қосарлас ақиқат

Құдай ілімі

Құдай әлемі

Құдай болмысын дәлелдеу

Құдай жолындағылар

Құдайға қараушылық

Құдайға сенбейтін әйел

Құпия ілім

Құдайдан қорқушылық

Құдайды ақтаушылық

Құдайдың күллі есімдері

Құдайқолдаушылық

Құдіретті ғылым

Қытай өнері

Саны: 22


Л

Латынамерикалық өркениет

Либералды дүниетаным

Либералды структурализм

Либералды көзқарас

Либералды ұстаным

Либералды феминизм

Лингвистикалық философия

Лингвофилософия

Логикалық фатализм

Логикалық преформизм

Логикалық позивитизм

Логикалық тұжырым

Саны: 12


Л

_________


М

Магистральді ағымдарды

Марбург мектебі

Маргиналдық мәдениет

Марксшіл феминизм

Материалдық байлық

Материалдық жағдай

Материалдық мәдениет

Материалдық емес мәдениеттің құндылықтары

Материализмге қарсы

Материалистік диалектика

Махаббат лирикасы

Мәдени антропология

Мәдени архетип

Мәдени диффузия

Мәдени рефолюция

Мәдени релятивизм

Мәдени шеңберлер теориясы

Мәдени эволюция

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдениет философиясы

Мәдениетті аксиологиялық талдау.

Мәдени этностануы

Мәдени-тарихи типтер теориясы

Мәмлүктер мәдениеті

Мәжусилік мәдениет

Метафизикалық материализм

Механикалық материализм

Милет мектебі

Микроәлем

Мифологиялық түсініктер

Мифологиялық уақыт

Модальдық логика

Монотеизм



Саны: 33

М

Мағыналық мазмұн

Мағынасыз дүние

Мархабат ету

Махаббат құбылысы

Махаббат тарихы

Мәдени біріздендіру

Мәдени баламалар

Мәденим бейімделу

Мәдени бостандық

Мәдени демалыс

Мәдени көпнегізділік

Мәңгі есте сақтау

Мәңгі құндылықтар

Мәңгі оралу

Мысыр абызы



Саны: 15

Н

Нақтылық және абстрактылық

Натурфилософия

Неміс классикалық философиясы

Неоалифологиялық сана

Неолиттік революция

Неонационализм

Саны: 6


Н

Найзағай әміршісі

Нақты жағдай

Нақтылы болжамдар

Нәсілдік кемсітушілік

Нақтыландыру желісі


Саны: 5

О

Объективті идеализм

Объективті бірегейлік

Ойлау парадигмасы

Ортағасырлық философия

Орыс философиясы

Отансүйгіштік философиясы

Саны: 6


О

Ой-өріс


Ортағасырлық мәдениет

Отансүйгіштік сезім

Отансүйгіштікке қарсы

Отқа табынушылық

Отқа құлдық етушілер

Саны: 6


Ө

Өмір философиясы

Өнер философиясы

Саны: 2


Ө

«Өзіндік зат»

«Өзіндік тап»

«Өзіне деген тап»

Өз атын дәріптегіш

Өз қамын ойлау

Өз білімін жетілдіру

Өз дегенін істеу

Өз еркімен жүру

Өзара түсіністік

Өзін өзі дәріптеу

Өзін өзі жарнамалау

Өзін өзі кінәлау

Өзін өзі кемсітушілік

Өзін өзі сендіру

Өзін өзі мақтау

Өзін өзі құртушылық

Өзін өзі ұстай білу

Өзіндік бірегейлену

Өмір деңгейі

Өмір мектебі

Өмірге төзімділік

Өмір сүруге бейімділік

Өмір құндылықтары

Өмірді орнықтырушы

Өмірдің жаңаруы

Өмірлік мүдделер

Өмірлік маңыздылық

Өркениетаралық кезең

Өркениеттік белгісіздік



Саны: 29

П

Пантүркизм

Позициялық феминизм

Прагматикалық қағидаттар

Православие литургиясы

Православие шіркеуі

Примордиалдық парадигма

Саны: 6


П

Пайымдау санасы

Пайымдау сапасы

Пайымды пікір алмасу

Пұтқа табынушылық

Саны: 4


Р

Радикалистік бағдар

Риторлық мектеп

Саны: 2


Р

Рақымсыз адам

Рухани ашықтық

Рухани әлем

Рухани байлық

Рухани беріктік

Рухани ғалам

Рухани дағдарыс

Рухани еркіндік

Рухани жаңару

Рухани жетілу

Рухани күйзеліс

Рухани қауқарсыздық

Рухани-адамгершілік тәрбие

Рухани құндылықтар

Саны: 14


С

Саясат философиясы

Сенім философиясы

Социалистік релизм

Субъективтік идеализм

Субъективтік идеалист

Субъективтік логика

Субъективтік фактор

Субъектіге жан бітіру

Саны: 8


С

Саналық және бейсаналық

Сананы айла-шарғылау

Сананың өзгерген қалпы

Сананың тозуы

Сезгіштік табалдырығы

Сыни тұрғы

Саны: 6



Т

Табиғат философиясы

Талдамалық философия

Таным теориясы

Тарих философиясы

Теориялық білім

Теософия

Тепе-теңдік философиясы

Техника философиясы

Трансценденталды логика

Трансценденталды еркіндік

Трансценденталды философия

Трансценденталды пайым

Түркі философиясы




Саны: 13


Т

Табиғат заңдары

Табиғаттан тыс күштер

Табиғи жіктеме

Тақылеттес мәдениет

Таным туралы ілім

Таным құндылығы

Таптық ұран

Таптық мәдениет

Таптық күрес

Тең құндылықтық

Түпкі ой


Түркі өркениеті

Түрлік ұғым

Түс ауытқу

Тепе-теңдік ақиқат

Түс жору

Саны: 16


У

Утопияға қарсы



Саны: 1

У

Уағдаластықтан бас тарту

Уақыт сыны

Уақыт талабы



Саны: 3

Ұ

Ұшудың апогейлігі



Саны: 1

Ұ

Ұғым көлемін бөлу

Ұғымдық қатар

Ұғып алу


Ұлттық рух

Ұлттық сана

Ұлттық өзімшілдік

Ұлттық мінез-құлық



Саны: 7

Ү

Үнді менталитеті

Үнді философиясы

Үнді брахманизмі

Үнді эстетикасы

Үнді философиясы



Саны: 5

Ү

«үлкен жетілік»

«үлкен сегіздік»

Үйді қорғайтын рух

Үнді мәдениеті

Үнді өркениеті



Саны: 5

Ф

Фабийлік социализм

Факторлар теориясы

Фаустық мәдениет

Фашистік хунта

Феноменология

Физиологиялық идеализм

Философия докторы

Философия тарихы

Философиядағы геометриялық әдіс

Философия тілі

Философиялық энциклопедиялық сөздік

Философиялық антропология

Философия категория

Философия қоғамдастық

Философия рефлекция

Философия сөздік

Философия тұжырымдама

Философия хат тілі

Формальді логика

Франкфурт мектебі

Франция мәдениеті

Француз философиясы

Француз материализмі

Функционализм мәдениеті

Саны:24

_________



Х

Ханафи мазхабы

Храмдық мәдениет

Христиан философиясы

Христиандық антропология

Христиандық мәдениет

Христиандық реализм

Христостың тууы

Хренофетишизм

Саны: 8

__________



Ш

Шахсей-вахсей

Шумер мәдениеті

Шұғыл вексель

Штрейкбрехер
Саны: 4



Ш

Шексіз байлық

Шығу тегі

Шығыс мәдениеті

Шығыс өркениеті

Шын бағынушылық

Шіркеу заттары

Шіркеу қазынасы

Шіркеу қызметшілері

Шіркеушарт



Саны: 9


Ы

Ықтималдық логика

Ықтималдықтар теориясы

Ымырашылдыққп салыну

Ынтымақтастық логикасы

Саны: 4


Ы

Ыбырайымдық діндер

Ықтимал тәуелділік

Ықтимал түсінік

Ықтимал шындық

Ықтималдық ойпікір

Ымыралы келісім

Ымыралы шешім

Ымырласу жолымен

Ырыққа көнгіштік

Ырыққа көну

Саны: 10


І

Іргелі онтология



Саны: 1

І

Ізгіниеттілік

Ізеттілік жолығысуы

Іріткі салу

Ішкі сұлулық

Іштей сезінушілік

Іштей жасырын

Ішкі дүние



Саны: 7

Э

Эволюциялық көзқарас

Эволюциялық эпистемология

Эволюциялық этика

Экология философиясы

Экономика философиясы

Элеаттық қағидасы

Эллиндік мәдениет

Эстетикалық категория

Эстетикалық мәдениет

Эстетикалық сезім

Эстетикалық талғам

Эстетикалық тұйсіну

Эстетикалық түсініктер

Этикалық категория

Этикалық релятивизм

Этнос философиясы

Этносаралық және дінаралық

Этностық діншілдік

Этностық нигилизм

Этностық репатриация

Этностық сеператизм

Этностық фанатизм

Саны: 22

_________



Я

Ян мен инь



Саны: 1
Жалпы саны: 317

_________



Жалпы саны: 307


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет