Ғылыми жоба Тақырыбы: Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы және ауыр зардаптары Орындаған: Абдыхадыр Бегайым Тексерген: Сагинаева А. Н алматы, 2022ж Мазмұны



бет2/3
Дата03.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#161046
1   2   3
Байланысты:
Сталиндік репресиялар
қмж, Әлеуметтану srs, Оқу сауаттылығы бойынша тест сұрақтары
Репрессияның пайда болуы

80 жыл бұрын 1938 жылдың ақпан айы мен наурыз айының ортасына дейінгі аралықта Қазақстанның сол кездегі басшылары республикалық, облыстық, қалалық, аудандық барлық деңгейдегі партия комитеттерінің хатшылары ату жазасына кесіледі.


Елімізде тұңғыш репрессия 1928 жылы басталды. Оның себебі 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген Ф.И. Голощекин еліміздің саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т.б. болды.

Сталиндік репрессиялардың себептеріне бірнеше негіздерін көрсетуге болады. Совет Одағынының индустрияландыру үшін тегін жұмыс күшінің қажеттілігі, бүкіл мемлекет аумағында еңбек лагерлер құрып, өнеркәсіп және өндіріс орталықтарының маңына мыңдаған әртүрлі халық өкілдерін депортациялау әдісімен шоғырландыру арқылы тегін жұмыс күшіне қол жеткізу. Тоталитарлық билікті күшейту мен жоғарыдан түсетін шешімдер іске асыру үшін 1939 жылдың аяғына қарай КСРО аумағында 600-ден аса жалпы және ішкі түрмелер салынды, оның ішінде, Қазақстан аумағында 23 жалпы және 11 ішкі түрме болды. Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар әртүрлі өнеркәсіп орталықтарында еңбек еткен.






Сталиндік құрбандар саны
Қазақстан бойынша қамауға алынғандардың саны 105 мың адамды құрады, оның 22 мыңы ату жазасына ұшырады. Зиялы қауым өкілдерін ату – әлеуметтік қорғаудың жоғарғы деңгейі деп аталса, елді басып кеткен лагерьлер – әлеуметтік алдын-алу орны деп аталды.
Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, Ұ. Құлымбетов, О. Исаев, О. Жандосов, Ә. Досов, А. Асылбеков, Ж. Сәдуәқасов, С. Сафарбеков, Т. Жүргенов және тағы басқаларына 1937-1938 жылдар аралығында «ұлтшыл-шафист» және тыңшы деген кінә тағылды. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Ермеков, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, М. Жұмабай, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Шанин, К. Кемеңгеров және тағы басқа да көптеген мәдениет және өнер қайраткерлері, ұлт жанашырларына «халық жауы» деп айыпталып, репрессияға ұшырады. Оларға тағылған айыптар негізсіз сандырақ болды, оларға ауыл шаруашылығының құлдырауына кінәлі, жиырмасыншы-отызыншы жылдары орын алған көтерілістерде жапон тыңшыларымен байланыс жасап, Қазақстанды бөліп алмақшы болды дегендей айыптар тағылды. Басым көпшілігі соттан тыс мекемелермен сотталды.

Репрессиялау барысында тек Қазақстан аумағында ІІХК қызметі жалпы саны 3720 тыңшысы бар 183 ұйымды анықтады. 1920-1953 жылдар аралығында саяси репрессияларға 110 мың адам ұшырады. Қазақстанның партиялық ұйымдарының 17 % 1935-1938 ж аралығында халық жаулары деп жарияланып, жазаға ұшырады. Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, М. Жұмабаев бастаған ұлттық-либерал зиялы қауым, Алаш Орда партиясының түгелге жуық мүшелері жалпы саны 4297 адам репрессияланды.


Зиялы қауым өкілдері мен жазушылар, ақындар, мәдениет және өнер, білім қызметкерлері де репрессияның құрбаны болды. Сталиндік қанды жүйе интеллигенцияны толық құрамда жоюды көздеді. Қамауға алынған зиялы қауым өкілдерінің әйелдері 5-8 жылға лагерьлерге жіберіп, ал балаларды еңбекпен түзеу лагерьі мен түрмелерге, балалар үйіне жіберілді.



1938 ж 25 ақпанда Алматыда 13 сағат 30 мин саяси қуған-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған мемлекет жəне қоғам қайраткері Ж.Сəдуақасовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот ісі басталды. КСРО Жоғарғы Сотының Əскери Алқасының көшпелі сессиясының жабық отырысында А.Д.Горячев төрағалық жасайды. Сот отырысының мүшелері Г.А.Алексеев, А.И.Микляев жəне əскери заңгер Н.И.Шапошников болады. Ж.Сəдуақасовтың үстінен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2, 7, 8 жəне 11-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалады. Ж.Сəдуақасов 1929 ж бастап Қазақстанда əрекет етуші буржуазияшыл-ұлтшыл, террористік жəне диверсиялық-зиянкес, контрреволюциялық ұйымның басшыларының бірі ол кеңес билігін құлатып, Қазақстанды КСРО дан бөліп алып Жапонияның басшылығымен буржуазиялық Қазақ мемлекеттерін құруға əреке жасады жəне ҚКСР аудандарында қарулы көтеріліс ұйымдастыруға белсенді қатысып, ұлтшылдардың мəскеулік жетекшілері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақовтармен ұйымдастыру баиланыстарын орнатты деген айыптар тағылады. Сотқа төрағалық етуші айыптау қорытындысын жариялағаннан соң, Ж.Сəдуақасовтан үкімде көрсетілген қылмыстарды мойындауын талап қылғанда, ол алдын-ала тергеу кезінде аитқан жауаптарын растамайтындығын жəне өзін кінəлі санамайтындығын айтады.
Бұл Ж.Сəдуақасовтың қамауда көрсеткен əр түрлі азаптау мен қинаудың салдарынан тергеу барысында, жалған жауаптарға қол қоюға мəжбүр болғандығын дəлелдейді. Ол ажал сағаты жақындаған сəттегі жалғыз ауыз, ақтық сөзінде өзінің кінəсіз екендігін қайыспай мəлімдейді. Ж.Сəдуақасовты ату жазасына тарту үкімін орындау туралы акті КСРО ІІХК-ның Бірінші ерекше бөлімінің Ерекше мұрағатындағы № 8 томда, № 451 бетте сақтаулы.
Репрессия қармағына тек мемлекет басшылары ғана емес, ғалымдар, жазушылар, ақындар, мəдениет жəне өнер, білім қызметкерлері ілігеді. Сталиндік қанды «механизм» интеллигенцияны толық жоюға бағытталады. Қамауға алынған, атылған «халық жауларының» əйелдері 5–8жылдан кем емес мерзімге лагерлерге қамалады. Ал, балалары еңбекпен түзету лагерлері мен түрмелерге, балалар үйлеріне жіберіледі. Тергеу барысында берілген жауаптардың көпшілігінде Қазақстандағы «контрреволюциялық ұйым» Ж.Сəдуақасовтың, Н.Нұрмақовтың, С.Сейфуллиннің, Ұ.Құлымбетов сияқты «халық жауларының» нұсқауы бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрсейітов, М.Гатаулиндермен құрылғандығын көрсеткен. Аталған республика басшыларға «Қазақстандағы Кеңес үкіметін күшпен құлатып, буржуазиялық мемлекет құруды мақсат етті», — деген айып тағады. Тергеу барысында берілген жауаптарда Ж.Сəдуақасовтың, Т.Тоғжановтың, Қ.Сармолдаевтың, А.Лекеровтың аты-жөндері кездеседі.
1938 жылы 26 ақпанда КСРО Жоғары Сотының əскери алқасының көшпелі сессиясының төрағасы А.Горячев ҚКСР Ішкі істер халық комиссары С.Реденске: «Жоғары қылмыстық жаза — атуға кесілгендердің үкімін орындау үшін Сіздің өкіміңізді сұраймын», — деп хат жолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет