Ғылыми жобаның тақырыбы: «биогаз отынның Қолжетімді түРІ»



Дата05.09.2023
өлшемі4,34 Mb.
#180237
Байланысты:
Биогаз алу 2
1480745B-3F7E-47F1-9E0A-7B6B81CC5B46

Ғылыми жобаның тақырыбы: «БИОГАЗ ОТЫННЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІ ТҮРІ» (биогаз өндіру технологиясы )

Мерғазез Олжас

10 - сынып


Бағыты:
Таза табиғи орта – “Қазақстан-2030” стратегиясын іске асырудың негізі
Секция: химия
Жетекшісі: Болатова Асемгуль Тлеубаевна

Зерттеу жұмысының мақсаты: Органикалық қалдықтардан биогаз өндіру технологиясын зерттеу және эксперименттік жолмен алу.   Зерттеу нысаны: органикалық қалдықтар, биогаз алу әдістері   Өзектілігі: Ерте кезден Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысуда одан алынатын жыл сайынғы органикалық қалдық қайта өңделмей қоқыс болып үйілуде. Табиғи ресурстарға соның ішінде көмір мен отынға артық қаражат жұмсамай, органикалық қалдықты тиімді пайдалана отырып табиғи газды өндіріп, алынған биогазбен үй жылытып, күнделікті тұрмыста қолдануға болады.  Гипотеза: мал шаруашылығы мен өсімдік қалдықтарын өңдейтін болса, әр ауыл тұрғыны биогазды қол жетімді ете алады. Міндеттері: 1. Биогаз алу технологиясын игеру; 2. Қарапайым қондырғыда эксперимент жүргізе отырып мектеп жағдайында биогаз алу ; 3. Биоотын алудың қол жетімділігі туралы қорытынды жасау, ауыл тұрғындарына насихаттау; 4.Бизнес жоспар әзірлеу.  

Газдың

қолданылуы

Мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу арқылы биогаз алу

Биогаз өндіру үшін қажетті құралдар:

  • Герметикалық резервуар;
  • Газгольдер ;
  • Араластырғыш тесіктерден тұратын

  • дренажды құрал;
    4. Пластмасса түтіктер (шлангы)
    5. Гомогенді қалдық (көң, органикалық қалдықтар, су)

Қажетті жағдайлар:

Сауалнама 1. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығынан қалатын қалдықты (көңді) қайда жұмсайды? А) көң ауыл сыртына қоқыс болып төгіледі. Ә) тыңайтқыш ретінде қолданылады. Б) ________________өз жауабыңыз 2.Ауыл шаруашылығынан алынатын көңді өндіріп газ алуға болатынын сіз білесіз бе? А) иә Б) жоқ Әртүрлі жастағы мектеп оқушылары, жұмысшылары мен мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижесі.

3.1.Үй жағдайында биогаз алудың қарапайым әдістері  №1. Тауық саңғырығымен эксперименттік жұмыс


Қажетті құрал-жабдықтар

Жұмыстың барысы

Қорытынды

1кг кепкен тауық саңғырығы, 3 л ыдыс ( ішкі көң көзге көрініп тұруы үшін біз 3 л шыны ыдыс алдық) ,су, алма мен банан қабықтары, екі шар, полипропилен түтіктері, газ редукторы.

Ең алдымен құралды дайындап алу керек. 1 кг кепкен тауық саңғырығын сумен араластырып алынған гомогенді қоспаны қоспаны 3 л банкаға құямыз. Аузын мықтылап ауа кірмейтіндей бекітеміз.35-400С температурасы бар жылы жерге қойып жылу біркелкі таралу үшін сыртын қаптап қоюға болады.

Бірнеше күннен кейін бөлінген газдың әсерінен екі шар біртіндеп үрлене бастайды. Органикалық қалдықтың анаэробты ыдырауының нәтижесінде жанғыш метан газы түзіледі.
Метан газының жану реакциясы:
СН4 + 2О2 =СО2 +2Н2О
Метан газының физикалық қасиеттері:
Метан-түссіз,иіссіз,суда ерімейтін жеңіл,жанғыш газ.

Бензиннен газ алу. Қажетті құрал-жабдықтар мен реативтер: 0,5-1л бензин, 0,5-1л су, 2 дана 0,5 немесе 1,5л пластмасса бөтелкесі, газ редукторы,пластмасса түтік, насос. Ауаны үрлеу арқылы бензин ұшқыш газға айналады. Су қауіпсіздік үшін және қосымша бензиннен жанбайтын газдар суда еріп жанғыш газ метан бөлінеді.


Пайдалану саласы:
1. Көктемнің суық күндері жылыжайды жылыту;
2. Жаз мезгілінде табиғатқа шыққан кезде құралды бірге апарып су ысытуға, тағамдарды пісіруге және т.б. істе қолдануға болады;
3.Жарық сөніп қалған кезде майшамның орнына пайдалану;
4. Қыс мезгілінде көлік жолда тоқтап қалған кезде көлік ішін жылытуға болады.

Қорытынды

Ізденіс жұмысының барысында :

1. Баламалы энергия көздерінің классификациясы және оны өндіру әдістері зерттелді.

2. Мектеп жағдайында биогаз алу үшін қарапайым қондырғы жиналды, эксперимент қойылды.

3. Атқарылған жұмыс негізінде бұл бағыттағы жұмыс тиімді, қол жетімді және салыстырмалы түрде қауіпсіз деп болжауға болады.

4. 1 м3 биогаз жылу энергиясының бірдей мөлшерін қамтамасыз етеді:

  • отын - 3.5 кг;
  • көмір – 1-2 кг;
  • электр қуаты - 9-10 кВт/сағ.
  • 1) Ауыл шаруашылығында көң массалары үнемі толықтырылып отырады және іс жүзінде таусылмайды;

    2) Бизнес –план жасап, үкіметтен субсидия алып ауыл тұрғындарын қолжетімді биогазбен қамтамасыз етуге болады;

    3) Көмір мен отынға артық қаражат жұмсалмайды;

    4) Қосымша жұмыс орынмен қамтамасыз етіледі;



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет