Ғылыми мақала тақырыбы: Қазақтың ұлттық киім аталымдарының танымдық сипаты Пәні



Дата13.12.2023
өлшемі178,44 Kb.
#196731
Байланысты:
Айдар Назерке ғылыми мақала
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Диссертация Сайбекова НУ, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті



ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА


Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киім аталымдарының танымдық сипаты
Пәні: Академиялық жазу негіздері
Орындаған: Айдар Назерке 301 филология

2023 жыл, қазан


Қазақтың ұлттық киім аталымдарының танымдық сипат



Аңдатпа. Бұл мақалада қазақтың ұлттық киім аталымдарының танымдық сипаты қарастырылған. Ұлттық киімдердің қазақ халқының өміріндегі атқаратын рөлі мен әлеуметтік маңыздылығы айтылған. Жас айырмашылығына байланысты бүгінгі күнде қолданыста жоқ, көнерген ұлттық киім атаулары туралы молынан ақпарат келтірілген. Сондай-ақ, мақала ұлттық киімдердің жасалу материалы, білдіретін мәні, киілудегі мақсаты, сәндік қызметі мен құндылығына тарихи тұрғыдан анықтама беріледі.

Кілт сөздер: ұлттық киім, дәстүрлі мереке,рухани мұра, әшекей бұйым, киім атаулары, сәукеле, ұзату, ішік, ит көйлек.

Кіріспе. Әр халық өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, тілі, діні әрі салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының болуымен ерекшеленеді. Расында, әр ұлт сонысымен қызық. Сондай-ақ, олардың мәдени өмірі бағзы заманнан бері келе жатқан ата-баба мұрасы, туған жер тарихы, рухани құндылықтарынан хабар беріп, тарихи қойнаулардан сыр шертеді. Солардың бірегейі, әрине – киім.
Қазіргі таңда, қайсібір ұлт өкілінің ұлттық нақышта киінгенін көрсек, бірден назарға ілігері, артынша жаңалықтардан әспеттеп көрсетіп жататыны жасырын емес. Ұлттық киімнің тек дәстүрлі мерекелер мен той-томалақта ғана киіліп, қалған уақытта сандықта жатпай, қалыпты өмірдің бір бөлшегіне айналып жатқаны көз қуантады. Мұны ұлттық киімдеріміздің қайта жаңғыруы немесе тарихтағы сән үлгісінің өзін-өзі қайталауы деп түсіндіреміз. Әйтсе де, қазақтың ұлттық киімдері тек сәндік қызмет қана атқармаған. Кезінде халқымыз киіміне қарап кісі танып, шенін анықтап, қай руға тиесілі екендігін ажыратып, киімі арқылы әлеуметтік статусы белгілі болған. Одан бөлек киімдер жасына, тұтыну қажеттелігіне, жыл мезгіліне, жынысына сәйкес, эстетикалық мақсатта да қолданылған. Мұндағы ұлттық киімді халықты этникалық, әлеуметтік, дәстүрлі және экономикалық тұрғыдан танытуға қауқарлы көненің көзі деп танимыз.
Зерттеу нәтижесі. Қазақта киім атаулары жас пен жынысына қарай төмендегіше жіктелген:
– Сәбиге арналған (ит көйлегі, сылау тақиясы);
– Балаға (құлақшын, дамбал, шалбар, етік т.б.);
– Бозбалаға (тақия, шалбар, жейде т.б.);
– Бойжеткенге (желбіршек көйлек, қосетек көйлек, кәжекей т.б.);
– Қалыңдыққа (сәукеле, ақ желек, той көйлек т.б);
– Жас келіншектер мен бәйбішелерге ( жayлық, қaмзoл, кимeшeк, көкipeкшe, мәci);
– Ер кісілерге (жeйдe, бeшпeнт, iшiк, шaпaн, cыpмa шaлбap, caптaмa eтiк, кeбic т.б.).
Бала дүниеге келсе үстіне ит көйлегін, бacынa cылay тaқияcын кигiзiп қойған. Ит көйлек түймесіз, нәзік теріге жұмсақ матадан тігілген, арты ашық, кең көйлек. Ит көйлек аталу себебі – итті адамның қорғаушысы, оны бәле-жаладан сақтайды деп сенгендіктен. Сондықтан бұл киім қырқынан шыққанша киіліп, ешкімге берілмеген, аяқ-асты тасталмаған. Бала өсе келе оның киімдерінің көрінбейтін бөліктеріне тұмар тағып, тіпті астарына тігіп, бас киімдеріне үкі қадаған. Бұл сұқтанған көзден сақтану үшін жасалатын ырым. Бүгінде бұл жоралғаны жаңадан келін түсірген үйлерден көріп жүрміз. Ал аяқтарына байпақ, мәсі, бөйтік деп аталатын теріден жасалған жұмсақ аяқ-киімдер киетін.
Қазақ қыз баласын тәуір киіндіргенді құп көрген. Әшекейдің де асылын қыз тағып, ұзатылса үлде мен бүлдеге оранған. Әрі қызылды-жасылды әдемілік атаулыны бойжеткеннің киіп жүргені мәртебелі көрінетін. Бойжеткен қыздар бүрмелі етек көйлек, қынама белдік, оюлы кебіс, кәмшат бөрік киіп, қос бұрымына шашбау таққан. Ал ұзатылар қыз киімінің жөні бөлек. Ол арнайы қымбат маталардан тігіліп, асыл тастармен безендірілген, сән-салтанаты жарасқан ең жақсысы болған. Сәукеле –ұзатудың символы болған бас киім. Ұзату тойынан соң, жас келіншек алғашқы айларда желек таққан, сонан кейін жыл болғанша жаулық, кейіннен сәбилі болғаннан кейін кимeшeк, шылayыш киетін. Кимешектегі қызыл түсті жіппен шым кecтeлeй тігілген өрнек жұбайы бар екендігін білдірсе, aқ жiппeн кестеленген, cy тapтып киген кимешек жесір екендігінен хабардар еткен.
Ер кісілер саптама етік, ішік, шапан, дамбал, күпі, кебенек, кенеп, жарғақ шалбар т.б. атаулы киімдер киген. Ішіктің өзі тігілетін терісіне қарай түлкі ішік, қасқыр ішік, елтірі ішік, жанат ішік т.б. деп бөлінген. Ішік деп отырғанымыз бүгінгі күннің шубасы іспеттес. Бозбалалар мен бойжеткендердің киімі әдемі, сән-салтанатты болса, жасы ұлғайған кісілер денеге қонымды, кең әрі қарапайым етіп тігілген. Кейде киім атауларының көп болғаны соншалық, адай бөрік, арғын тымақ, найман тымақ деп ру бойынша ажырататын. Мұның барлығынан халқымыздың мәдени өмірінде киімнің атқаратын рөлі айрықша екендігін байқаймыз.
Қорытындылай келе, қазақтың ұлттық киімдері материалдық игілік қана емес, белгілі бір дәрежеде тіршіліктің рухани құрамдас бөлігіне айналған, халық өмірінен мағлұмат беретін, талғам мен үйлесімділікке негізделген этномәдени белгі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет